~~Ұлттық қалыптасу дәуірінде қазақша ғылыми-көпшілік стильдің пайда болу ерекшеліктері қандай екені туралы жазыңыз


~~ Әдеби тілдің анықтамасы туралы қандай ғалымдардың пікірлерін білесіз, жазыңыз



бет2/5
Дата15.05.2022
өлшемі24,21 Kb.
#34408
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ (20)

~~ Әдеби тілдің анықтамасы туралы қандай ғалымдардың пікірлерін білесіз, жазыңыз.

Әдеби тіл дегеннің мазмұны, сипаты жөнінде тек қазақ тіл білімінде емес, жалпы отандық лингвистикада анық айтылған тұрақты пікір жоқ. Будагов Р.А: . “Әдеби тіл дегеніміз – жалпыхалықтық тілдің хатқа түскен, белгілі-бір діәрежеде өңделген ерекше түрі. ” Чикобава А.С: “Тіл білімі тарапынан алғанда әдеби тіл деп тек көркем әдебиет емес, ғылыми зерттеулердің, саяси трактаттардың, газет-журналдардың тілін де, қысқысы, жазба тілді айтамыз”. Зерттеушілердің көпшілігі әдеби тіл ұғымы тарихи жағынан құбылмалы деп таниды. Сондықтан кейбір халықтардың жазу дәстүрі тумаған немесе өрбімеген, я болмаса бір кездерде жазуы болып, кейін әр түрлі себептермен дамымай қалған дәуірлерінде де әдеби тілі болуы мүмкін деген пікірлер де орын алып жүр. Бізде де әдеби тіл статусын жазумен ғана байланыстыру идеясы жоқ емес. М.Балақаев: “Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, екшеледң. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды” – деп жазады. Дәл осындай тұжырымды Ғ. Мұсабаев та айтады: “Әдеби тіл ең әуелі –ақ жазуға сүйенеді. Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес”. Енді бірқатар зерттеушілер қазақтың әдеби тілін 19 ғасырдың екінші жартысынан басталады деп, мұны ұлы ағартушы-демократтар Аба й мен Ыбырайдың есімдерімен байланыстырады. Халықтың әдеби тілінің қалыптасып дамуы сол халықтың әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты. Әдеби тіл жайын арнайы сөз еткен М.Әуезов: “Қазақтың әдеби тілін Абайдан басталады дейтін тілшілерге дау айтамыз. Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма?” – дейді. Осыған үндес пікірді І.Кеңесбаев та айтты: “Абайға дейін де қазақ әдеби тілінің ұрығы себілген болатын...олар жаңа туа бастаған жазба әдебиеттің кейбір уәкілдерінің шығармаларынан табылады” – деп жазды. Абайдың алдында өткен Шортанбай, Базар, Бұхар жыраулар жазба әдебиет өкілдері , Абайдың ірі ақын болуына себепкер – осы бай әдебиет дегенді С.Мұқанов та айтты. Қазақ тілі тарихына назар аударған ғалым Н.Сауранбаев қазақтың толық мағынасындағы әдеби тілі Совет заманында ғана қалыптасты дегенді айта отырып, оның революциядан бұрын жасалған бірнеше затық, ұлттық негізі болды дейді. Белгілі бір жанрларға қызмет еткен жазба тіл дәстүрін қазақ қоғамы да ұстанып келді, бірақ бұл тіл қазақтың көркем әдебиетіне, әсіресе поэзиясына бойлап ене алмады, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің негізі ретінде қалыптаса алмады. Дегенмен бұл жазба дәстүр қазақтың ауызша әдеби тіліне де, ұлттық жазба әдеби тіліне де игілікті әсер тигізгенін, сөздікті толықтырып, кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдерді ұсынғанын жоққа шығаруға болмайды.Сонымен, Әдеби тілдің ең басты белгісі – оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы.

~~Қоғамдық-публицистикалық стиль қай кезеңде пайда болды? Қоғамдық-публицистикалық стильдің тілдік ерекшелітерін жазыңыз. Мөлдір

ХIХғ. II ж қоғамдық-публицистикалық стиль пайда болды.оның пайда болуы мерзімді баспасөздің тууымен байланысты. «Түркістан уалаяты», «Дала уалаятының газеті», «Торғай газеті», «Ауыл шаруашылық листогы» деген патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінің органдары болғанмен, бұларда халықтың тұрмыс-жайы , оқу-ағарту мәселелері, қазақтың ұлттық мәдениеті, тарихы, әдебиеті мен тілі туралы публицистикалық сипаттағы материалдар басылып тұрды. ХIХғ. II ж қазқ әдеби тілінің қоғамдық-публицистикалық стильін сипаттайтын мынадай ерекшелігі болды: Лексика саласында. Лексикалық құрамы негізінен қазақтың төл сөздері болды. функционалдық стиль сұранысына орай әлеуметтік–саяси ұғымдарды атайтын сөздер қалыптасты. Олардың бірқатары терминдік сипат алды. Олар үшін байырғы сөздерге жаңа мағына үстеп және ішінара жұрнақ жалғап жаңа сөз жасау амалы қолд.ды. орыс тілі актив қолд.ды. пошта, сиез, самауыр, бөшке, үстел, студент, консул, машине. Араб-парсы сөздерін қолдануда қазақ публицистикасы жалпы түркі жазба тілдерінің дәстүрі байқалған. Грамматика саласында. Публицистикалық стильдің басты айырмашылығы грамматикалық тәсілдер. Мұнда түркілік элементтер көбірек. Қазақ тілі морфологиясына тән емес тәсілдер қолд.ды. бұйрық рай: ғыл-қыл(барғыл, айтқыл), есімдіктің септелу парадигмасы шағатайша: аның(оның), аны(оны), менім, бенім(менің). Етістік тұлғаларында: өткен шақ есімшенің ған жұрнағы оғұздық –мыш аффиксті варианты келеді: бармыш (барған), көрінміш(көрінген). Есімшенің ар, ер орнына үр,үр. Шейін шылауының че варианты қолданылады. Бұл, осы деген есімдіктердің түркілік қаю, үшбу, мәзкүр еркін жұмсалады.



2-деңгей
~~ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ поэзиясы тілі қалай дамыды? Осы кезеңдегі қисса жанры, оның тілдік көрінісі қандай? «Кітаби тіл», кітаби тілмен жазылған қиссалардың лексикалық, грамматикалық, емлелік ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз.
бұл кездегі қазақ ақындарының дені мұсылманша, кейбіреулері әрәі орысша сауатты болады. Шортанбай, Мұрат, Базар, Майлықожа, Мәделіқожа, Қашағандар мұсылманша жақсы сауатты, араб, парсы, түркі тілдерінен хабарлары бар сөз шеберлері болса, Ыбырай, Шәңгерей, Ақандар мұнымен қатар орысша да сауатты болды. Бқл жайт аталған ақындардың шығармашылығына да, олардың тілдеріне де үлкен ықпалын тигізді. Өткен ғасырдың 2-ші жартысындағы қазақ ақындарының тілінде бұрынғы ақын-жырауларда да, халықтың сөйлеу тілінде де қолданылмаған бірсыпыра араб-парсы сөздері орын алған. Мысалы, Ақан серіде: натараккі, тағырып, сарби зат, кәстәран, мақбубт.б. Шәңгерейде: қилап, өршат, ғарапат, ықырам т.б. Тіпті бұрынғы қазақ көркем тілінің дәстүр-тәртіптерін берік ұстаған Шортанбай, Майлықожа сияқты ақындардың өзі бейтаныс арабизм-фарцизмдерді мол қолданбаса да, тілге ене бастағандарын актив пайдалану бағытын ұстаған. Мысалы, Майлықожа гаухар, жахан, пайым, насихат, мехнат сияқты сөздерді еркін және жиі қолданған. Орыс сөздерін, образдарын еркінірек, молынан қолдану Абайдың шәкірттері – Мағауия, Ақылбайларда айтарлықтай сезіледі. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде қисса аталатын көркем әдебиет жанры туып, дамыды. Б.Әбдіқасымов: “Қисса – алғашқы кезде шығыс әдебиетіндегі сюжеттерге құрылған, оқиғалы поэтикалық шығармалар аталса, кейін бұл термин баспа бетін көрген, өлеңмен жазылған дүниелердің бәріне телінген ” – деп дұрыс келтіреді. 19 ғасырдың екінші жартысында туған кқркем әдебиет жанры – қисса. өзге жанрлардан ерекшелігі, біріншіден, сюжетті, оқиғалы, көлемді шығарма болулары, екінші, тақырыбы мен сюжеті араб, парсы, түркі тілдерінде жарияланған үлгілерден алынғандықтары, үшіншіден, тілдерінде, әсіресе грамматикалық тұлға-тәсілдеріндешағатайлық, ескі қазақтық жазба дәстүр элементтерінің қатысуы болып табылады, төртінші белгісі ретінде, қисса жанрының жазба дүниелер екендігі. Қиссалардың “кітаби тілдік” белгілерін топтастырып талдағанда мынадай: 1. Лексика саласында. Қазақ тілінде баламасы бар сөздердің орнына араб, парсы, шағатай, яғни көне түркі, оғұз, қарлұқ сөздерін қолдану: нәма, құртқа, біту, нәмә біту, рауан болу, тармар қылу, баднама, ағлам қылу, шул деген сөз тұлғалары қазақша емес.2.Грамматика саласында. Қазақ тілі морфологтясына тән емес, көне-жаңа “түркілік” тұлғалар мен тәсілдерді қолдану:а)есімдіктердің септелу парадигмасы шағатайша: аның, аны, менім, менге, сенге, екісі;ә)етістік тұлғаларында: өткен шақ есімшенің –ған жұрнақты формасының орнына оғұздық –мыш аффиксті варианты келеді: бармыш, көрінміш; бұйрық рай: -ғыл\-қыл, -ың\-ің жұрнақтарымен де көрінеді;ауыспалы осы шақ –ғай\-гей жұрнағымен беріледі; етістіктің жіктелу парадигмасында қазақша емес тұлғалар кездеседі;б) мен, менен жалғау-шылауы формантының орнына бірлән\бірлә\білә\илә\илән тұлғалары жиі қолданады;керексе, йоғса тұлғалары да орын алады.3. Емле саласында. Қисса “түркіше ” емле тәртібін мейлінше сақтап жазуға тырысқан: сөз басында Ж дыбысы келетін орындарда көбіне й таңбасы жазылған, с-ш, ш-ч, п-м алмасулары жиі ұшырасад:тышқары, қаршылық, аспан көк, үчүн, чақлы. Ең үлкен орфограммалық ерекшелік сөздерге қосымшалар жалғанғанда қазақ тіліне тән үндестік заңдарын сақтамауда көзге түседі:бізлер, білгенімні, тынмай, келіплі т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет