Қорқыт атаның үстінде отырып қобыз тартқан
кілемін Сырдың ағысы иінге соқтырып
тоқтатқан жерінде қазулы көр алдында дайын
екен. Әзірейіл жан алғыш та жетіп келеді. Сол
сәтте Қорқыт тылсыммен өзін көбейтіп, қырық
Қорқыт етіп көрсетеді. Олардың қайсысы
Қорқыт екенін айыра алмай сасқан «жан
алғышқа» сол кезде Құдірет парман етеді:
«Қырқының қайсысы бұрын кірпігін қақса,
соның жанын ал! — дейді. Жаны бар Қорқыт
кірпігін қаққан кезде жаны алыныпты. Сол
жердегі дайын көріне Қорқыт ата қойылады.
Осылай деп білетін жұрттың көпшілігі осы кезге
шейін Қорқыт атаның сол орнын қадірлеп,
құрмет тұтады.
Қорқыт ата туралы
мәлімет
2. Домбыра
«Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл - сәл кем
бұра. Нағыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ –
домбыра» - деп ақын жырлағандай,
халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған
ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл
суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра
екені даусыз.
Домбыраға халық рухының, ділінің, арман-шерінің, сағынышы мен
сырының нілі əбден жұғып, алтын аңыз боп сіңгенін, домбыра
өткенді оралтып, өлгенді тірілтетін құдіретті аспап екенін бұл
алтын аңздардан анық байқауға болады.