Ұлттық біліктілік тестілеу


(2 мәнмәтіндік тапсырманың әрқайсысына 5 тапсырмадан)



бет2/2
Дата02.11.2022
өлшемі34,02 Kb.
#46955
1   2
10 (2 мәнмәтіндік тапсырманың әрқайсысына 5 тапсырмадан)

Бір дұрыс жауабы таңдалатын мәнмәтіндік тапсырмалар

20

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

30

Бір дұрыс жауапты таңдау

60

Балдардың шектік деңгейін анықтау

Санат

Блок

Пәндер бойынша балл

Біліктілік тестінен өту үшін
(%)

Біліктілік тестінен өту үшін
(балл)

Педагог

Оқыту пәнінің мазмұны

 70

50%

35

 Педагогика, оқыту әдістемесі

 30

30%

 9

Педагог-модератор

Оқыту пәнінің мазмұны

70

60%

42

Педагогика, оқыту әдістемесі

70

40%

12

Педагог-сарапшы

Оқыту пәнінің мазмұны

70

70%

49

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

50%

15

Педагог-зерттеуші

Оқыту пәнінің мазмұны

70

80%

56

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

60%

18

Педагог-шебер

Оқыту пәнінің мазмұны

70

90%

63

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

70%

21

Бағалау:
Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.
Бір немесе бірнеше дұрыс жауап нұсқасынан:
- барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл,
- бір қате жіберілген жағдайда - 1 балл,
- екі және одан көп қате жауаптар үшін - 0 балл беріледі.
«Педагогика, оқыту әдістемесінің» тақырыптары:



Тақырып



Тақырыпша

01

Тәрбие әдістемесі

01

Тәрбие әдістері. 

02

Тәрбие процесінің принциптері. Тәрбие процесінің негізгі бағыттары.

02

Оқыту процесі

03

Оқу процесінің принциптері

04

Оқыту әдістері мен формалары

03

Оқу процесін басқару және ұйымдастыру

05

Сабаққа дайындық, педагогикалық талдау және оқу процесінің рефлексиясы

04

 Мұғалімнің инновациялық қызметі

06

Мұғалімнің инновациялық қызметі

05

Оқыту мен оқытудағыі жаңа тәсілдер

07

Тиімді оқыту және танымдық тану

08

Қалай оқу керектігін үйрету. Метатаным. Есте сақтау түрлері.

09

Сыныптағы диалогтың маңыздылығы. Әңгіме түрлері. Сұрақтар қою.

10

Оқытудағы АҚТ. Оқытудағы жаңа тәсілдерді ескере отырып, сабақтарды жоспарлау.

06

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

11

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

07

Талантты және дарында балаларды оқыту

12

Талантты және дарынды балаларды оқытудың тәсілдері, принциптері мен стратегиялары.

08

Оқу жетістіктерін бағалау

13

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Кері байланыс.

09

Зерттеу тәжірибесі

14

Сабақты зерттеу мен тәжірибені зерттеудің тәсілдері мен стратегиясы

«Педагогика, оқыту әдістемесі» блогы бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ж.Бабаев С.Б., А.М. Педагогика, 2004 ж.


2. Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Б. И. Муканова. Педагогика: Оқулық/ Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасынын авторлар ұжымы- Алматы: Ргіпі-8, 2005 ж.
3. «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» ДББҰ, 2016 ж.
4. Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2016 ж.
5. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 ж.
6. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалауға арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 ж.

Ұлттық біліктілік тестілеуге өтініштерді қабылдау

Ұлттық біліктілік тестілеуі (бұдан әрі – ҰБТ) – білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.
Аттестаттаудың бiрiншi кезеңiнде ҰБТ өткiзiледi. ҰБТ тапсыру үшін педагог дипломда көрсетілген мамандығы немесе негізгі лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығына (бұдан әрі – ҰТО) немесе ол белгілеген ұйымға өтініш береді. Біліктілік тестілеуінен өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (мемлекеттік, орыс), күнін, уақытын таңдайды.
ҰТО немесе ол белгілеген ұйым ҰБТ-ның операторы болып табылады. ҰБТ электрондық форматта өткізіледі.
Педагогтің тестілеу тапсыру үшін берген өтініші ҰТО-ның немесе ол белгілеген ұйымның деректер базасына түседі. ҰТО немесе ол белгілеген ұйым педагогтің жеке кабинетіне тестілеуге рұқсаттама жібереді.
ҰБТ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде педагогтің өтінішіне сәйкес өткізіледі.
Педагогтер үшін аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) ҰБТ;
2) эссе;
3) біліктілік бағалауы;
4) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
білім беру ұйымдарының және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:
1) ҰБТ;
2) біліктілік бағалауы;
3) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау.
Педагогтер ҰБТ-ны:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер – ақысыз;
сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде;
педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар:
күнтізбелік жыл ішінде 1 рет – ақысыз;
білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары күнтізбелік жылда 1 (бір) рет – ақысыз;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;
сынақ (қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде.
ҰБТ-ның уақыты:
«Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 4 сағат (240 минут);
«Мектепке дейінгі білім беру» және «Қосымша білім беру» бағыттары үшін – 2 сағат (120 минут);
өзге педагогтер үшін – 3 сағат 30 минутты (210 минут) құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет