Ұлттық біліктілік тестілеу Ұлттық біліктілік тестілеу – Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.
Ұлттық біліктілік тестілеу екі блокқа бөлінеді және барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады: бірінші блок «Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша 70 тапсырма, екінші блок «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша 30 тапсырма.
«Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша тест тапсырмалары педагог қызметкерлердің терең академиялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған.
Ол үшін 3 түрлі формадағы тапсырмалар қолданады:
1) бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар;
2) бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар;
3) бір дұрыс жауабы бар мәнмәтіндік тапсырмалар.
Тапсырмалар мазмұны мен формаларының әртүрлілігі оқу материалдарын жаттап алу және болжап белгілеу жағдайларын болдырмай, педагог қызметкерлердің нақты білімі мен қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.
Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты екі жүз он минутты, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін екі жүз қырық минутты құрайды.