Ескерту: ерекше қажеттіліктері бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) ерекше қажеттіліктерін белгілеу туралы құжаты бар болған жағдайда құжатты ҰБТ-ға өтініш беру бағдарламалық жасақтамасына жүктейді және көмекшінің қажеттілігі туралы ақпаратты белгілейді.
Тестіленушінің назарына: * тіркелуден бұрын Ереже және нұсқаулықпен танысу;
* өтініш берген соң логин және құпия сөзді сақтап алу.
ҰБТ-ға өтініш беру
ҰБТ форматы
15 20 35 ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ - ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
- ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ - 1-ШІ БЕЙІНДІК ПӘН - 2-ШІ БЕЙІНДІК ПӘН БАРЛЫҒЫ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАР
120 БАЛЛ 140
Тестілеу тапсырмаларының нысаны*
Пәндер
Тапсырмалар
Тапсырмалар нысаны
Қазақстан тарихы
1-ден 10-ға дейін
ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау
11-ден 20-ға дейін
ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау (контекст негізінде)
Оқу сауаттылығы
Барлық тапсырмалар
ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау (3 мәтін бойынша)
Математикалық сауаттылық
Барлық тапсырмалар
ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау
Әр бейіндік пән (2 пән)
1-ден 20-ға дейін
ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау
21-ден 25-ге дейін
ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау (контекст негізінде)
26-дан 35-ке дейін
Ұсынылған алты жауаптан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Контекст – бұл проблемалық жағдаяттағы сұрақтың (тапсырманың) шешімдеріне сілтеме жасалатын тақырып аясы.
Контекст тұтас және тұтас емес мәтін түрінде (сурет, график, кесте, диаграмма, инфографика және т.б.) болуы мүмкін.