«Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны»
(ҚР «Білім туралы» Заңы 1 б., 56 т.)
ҰБТ "1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера" қағидаты бойынша өткізіледі.
Түсушілер тестілеу орнын (аймақтық тестілеу орталығы - АТО), күнін
және уақытын өз бетінше таңдай алады.
Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары қолданылады.
Техникалық себептер бойыншаөтініштер тестілеу барысында беріледі.
Апелляцияға мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі.
* Талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында «Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін - бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).
2) * «Оқу сауаттылығы» бағытында 3 мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы (15 балл) беріледі.
3) * Сонымен қатар, бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында жауап нұсқаларының саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) жауап нұсқаларының саны 8-ден 6-ға дейін азайтылды.
ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілді, яғни төменде көрсетілген 3 білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер «Математика+Информатика» пәндері комбинациясы бойынша тест тапсырады:
- В011 - Информатика мұғалімдерін даярлау; - В057 - Ақпараттық технологиялар - В058 - Ақпараттық қауіпсіздік