құжаттармен, кез келген тыйым салынған заттармен және түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға.
тестілеу материалдарын, құжаттарды және тест тапсырмаларымен жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парақты аудиториядан (компьютерлік сыныптан) алып шығуға, бүлдіруге.
аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) Қағидалардың 75-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттарды алып кіруіне және/немесе қолдануына.
тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға.
тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге.
тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге.
тестілеу жүйесіне араласу әрекетіне және тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға рұқсат етілмейді.
Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.
Бұл ретте 16 мамырдан 5 шілдеге дейінгі кезеңде ҰБТ тапсыратын адамдар үшін Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесі қағаз нұсқада қосымша ұсынылады.
Түсуші аудиториядан шыққан жағдайда аудиторияға қайта кірген кезде металл іздегішпен тексеріліп кіргізіледі.
Түлектің бұзушылық фактісі анықталған жағдайда тексеруші тыйым салынған заттарды анықтау және түлекті аудиториядан шығару актісін жасайды.
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ны электрондық форматта аяқтағаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады және тестілеу жүйесіне түсушілердің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүргізеді.