III тарау.
«ӨНЕР АЛДЫ – ҚЫЗЫЛ ТІЛ»
Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның
қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де
бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер
де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері – атадан мирас болып,
алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңін-
де шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып,
жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық
сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана
сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап,
жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.
Адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының
негізгі құралдарының бірі шешендікке құрылған әңгімелер, аңыздар және
өлеңдер жас ұрпақтың тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген
көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады [7].
Шешендік сөздер жеке тұлғалардың ойын, тілін дамытып, тапқырлыққа,
әділеттілікке тәрбиелейді.
Шешендік өнер халықтық-демократиялық қоғамдарда өсіп-өркендейді.
Ақыл-ойға еркіндік шешендік өнердің дамуының алғашқы шарты болып
есептеледі.
Шешендік өнер тарихы – адамзат мәдениеті тарихының бір бөлігі. Көне
Грекияда риториканы «өнердің патшасы» деп есептеген.
«Риторика» – тыңдаушының ынта-зейінін аудара білу, иландырып сенді-
ре білу өнері.
Риториканың негізі – философия, стилистика, ойшылдық.
Шешендік өнер үш қайнар бұлақтан нәр алып, сусындайды. Біріншісі,
табиғи қабілет пен дарын, екіншісі, теориялық қисындармен қаруландыру,
үшіншісі, тынымсыз, толассыз еңбек, жүйелі жаттығу.
22
Шешендік өнердің негізгі мақсаттары тыңдаушыны сендіру, оны рухани
ләззатқа бөлеу, толқытып тебіренту болып табылады.
Ғалым С. Негимов риториканы 5 бөлікке бөледі: 1) материал іздеп табу;
2) материалдарды орналастыру, жайғастыру; 3) сөзбен әрлеу; 4) еске сақтау;
5) айта білу шеберлігі [8].
Ойлау мен сөйлеу ғылымын, яғни сөз қуатын көне гректер даналық деп
атаған.
Шешендік өнердің теориясы туралы 3 ғылыми трактат жазып қалдыр-
ған Цицерон (б.з.д. 106-43 жж.): «шешеннің тағдыры – мемлекет тағдыры-
мен төркіндес. Адамзат баласының даналық мәйектерін толық меңгерген әрі
сөздің таңғажайып қуатын өткір сезініп, даңқ тұғырына көтеріледі, көптің
құрметіне бөленеді және мемлекетке бақыт әпереді, жақсылыққа кенелтеді...
Шешенде диалектиктің тапқырлығы, философтың ойы, ақынның тілі,
заңгердің еске сақтау қабілеті, трагиктің даусы... болуға тиісті. Шынайы
шешен, тума талант халық өмірі мен әдет-ғұрып, салт-сана дәстүрлеріне
мейлінше жетік болуы керек», – деп түйіндейді.
Сонымен қатар, Цицеронның пікірінше, шешендік сөздің мазмұнын ай-
қындау үшін үш шарт қажет: зеректік, ғылым және ынта.
«Ғылым сенің керегіңді қайдан іздеп, қайдан табатыныңды көрсетіп
береді. Басқасы талпыныс, ойлау, жітілік, табандылық, зейін арқылы табы-
лады. Халықтың асыл қасиеттері, мемлекеттік шаралардың аса мәнділігі,
жиналған топтың құлшыныс-зауқы шешеннің сөзіне ерекше екпін, әрлілік
үстейді», – деп жазады.
Цицерон адамның есту қабілетіне, сөйлеудің тайға таңба басқандай
анықтық сипатына көңіл бөледі. Адамның еске сақтау қабылеті табиғаттың
сыйы деп есептейді.
Тәуке хан тұсында қабылданған «Жеті жарғы» бойынша әркім өз жо-
ғын өзі жоқтауға, өзінің әлі келмесе, жанкүйер бауырластары, одан қалса
руластары қорғауға тиіс болған. Мұның өзі шешендік өнерді үйренуге, сөз
бостандығының жандануына жол ашты.
Б. Адамбаев: «Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік бол-
са, жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам құлақ асса, міне, сол жерде, сол елде
ғана дамиды. Керісінше, ақыл-ойға, сөзге-тілге қысым жасалып, шек қойыл-
ған жерде ақыл-ойдың адамдары, ең алдымен ақындар мен шешендер қорға-
лап сөйлей алмайды, сөз өнері тоқырайды», – деген болатын [9].
Жалпы шешендік өнердің шығуы белгілі бір қоғамдық жағдайлармен
және халықтың бас қосу жиналыстарымен байланысты болғандығын қазақ
шешендік өнерінің тарихы да растайды. Ердің, елдің тағдыры сөз болатын,
соғыс, бітім секілді маңызды мәселелер қозғалатын бұрынғы хан кеңестері,
қазіргі парламент сарайлары, сот залдары – саңлақ шешендер мен саяси қай-
раткерлерді қалыптастыратын орындар. Дүние жүзіне есімдері әйгілі ше-
23
шендердің көбінесе мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, пар-
ламент мүшелерінен шығатыны да осыдан.
«Қазақ халқында ас-тойларда, мәжіліс жиылыстарда, жай қонақта көпті
көрген қарттар үлгілі, өнегелі сөз айтып отыратын салт болған» (Б. Адам-
баев). Бізге жеткен нақыл, өсиет сөздер осыны айғақтайды. Сол салт бойын-
ша жастар арасында да тапқырлыққа құрылған сөз жарыстары өтіп отырған.
Сөз жарысына түсу үшін халық тілінің байлығын молынан меңгеру қажеттігі
туады. Сондықтан, олар халық тілінің байлығын халық ауыз әдебиетінен үй-
ренген.
Халық ауыз әдебиеті мұраларын көп жинаған түрколог ғалым В.В. Рад-
лов қазақ тілінің түпкі түркілік сипатын сақтап қалған тазалығын, табиғилы-
ғын, үндестік заңына бағынған әсемдігін айта келіп: «Оның үстіне қазақтың
басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған
әсер етті... Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын
дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлесіп отырғанның өзінде сөйлеген сөз-
дері ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң
қаласың» [10], – деген сөздері, М.П. Мелиоранскийдің: «Қазақ тілін зерт-
теушілердің бәрі де бір ауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза
әрі бай тіл деп куәландырып отыр» [11], – деген жүрекжарды пікірі, Н.Г. По-
таниннің: «Қазақ даласы ән салып тұр. Қазақтың алты жасар баласынан ал-
пыс жасар қартына дейін жанынан өлең шығарады. Шешендік өткір тілмен
сөйлей біледі», – деген ақиқат сөздері қазақ халқында шешендік өнердің
жалпылық сипат алғандығын дәлелдейді.
Олай болса, шешендік өнердің дамуына себеп болған жайттардың бірі –
қазақ тілінің тазалығы, байлығы мен әуезділігі, қалың көпшіліктің сөз өнері-
не деген қызығушылығы, тапқыр, ойлы, ақылды сөзге үйірлігі.
Мұндай қызығушылық, сөз өнеріне үйірлік қазақ халқында балаға жас-
тайынан ән-күй, жыр, ертегі-аңыз әңгімелер естіп өсуіне мүмкіндік жасауы
еді. Шешендік өнердің тамаша теоретигі Квинтилиан да шешенді тәрбиелеу
ісінде балаға сөзді анық, сұлу айтатын ұстаз қажеттігін айтқан еді [12].
|