Ұлттық болмыс – ҚазақЫ Қалып indd



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#14642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
ұлттық болмыс

Кішіпейілділік дегеніміз — адамның айналасындағылармен қарым-қаты-

насында өзіне қатысты қандайда бір артықшылығы немесе өзгеше бір хұқы 

бар деп сезінбеуі жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке 

бастық тұтынуын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес 

шектеуі, барлық адамға құрметпен қарауы, өз қалауына қайшы келетін жеке-

леген адамдардың ұсақ-түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен 

қатар, өзі мен өзгенің іс-әрекетіне сын көзбен қарауы.

Кішіпейілділік,  қарапайымдылық  адамның  барлық  іс-әрекетінен,  қи-

мыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, ең 

ақыры, киген киімінен де аңғарылып тұрады.

Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жа-

саудағы қарапайымдылықтан, басқалардан ерекшеленуге әрекеттенбеуден, 

өзінің қызметін дабыралап марапаттамаудан көрінеді. Ондай адамның сөзі 

ұстамды келеді, өзінің сезімін басқаларға білдіруге асықпайды, қарым-қаты-

насында тұрақтылық басым болып, аума-төкпелілікке жол бермейді. Бірақ, 

мұның бәрі қандай жағдайда да өз пікірін ашық айтуға кедергі болмайды. 

Өйткені, өзіне де, өзгеге де жоғары талап қояды.

Кішіпейіл адам адамгершілігі мол, мейірбан болады, кісіге қарасуға, қол 

ұшын беріп, жәрдемдесуге әзір тұрады. Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол – 

әдет, әлеуметтік дәреже, көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. 

Сол үшін де, халық «кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» деп оның мәнін 

өте дұрыс айтып жеткізген.

Инабаттылық тұрғысынан жоғары бағаланатын қасиеттердің бірі – са-

бырлылық – адамның өзін-өзі билеуі, ісіне, әрекетіне, алдына қойған мақса-

тына ісін бағындыра білуі, қиыншылықтарды жеңіп, өзінің сезімдерін қа-




12

дағалауды жүзеге асыра алуы, айналасындағылардың қарсылығына душар 

болғанда, торықпауы немесе шалт қимылдарға бармауы. Ол – адамның ерік-

жігер  күштілігінің  көрсеткіші,  сонымен  қатар,  адамгершілік  қатынастар-

дың негізі. Оның тәрбиелік сипаты – адамның бірден қызбалық, ұрмалық-

қа жеңілтектікке салынбай, әр істің ақырына көз жіберіп, ойланып әрекет 

жасауында. Халықтың «Ашу алдында, ақыл соңында» деген данышпандық 

ескертуін іске асырып, ашуды ақылға жеңдіретін – сол сабыр. Сондықтан, 

сабырдың қасиетін сан ғасыр бойы сынақтан өткізіп, анықтаған ата-бабала-

рымыз:


Сап-сап, көңілім, сап, көңілім,

Сабыр жетер мұратқа,

Сабырсыз қалар ұятқа.

немесе


Сабыр түбі – сары алтын,

Сақтаған жетер мұратқа, – 

деген сияқты мақалдар шығарған.

Адам  өмірде  қандай  күйде  болмайды.  Кейбір  кездерде  қуанышы  қой-

нына  сыймай,  шаттанса,  тағы  бір  де  күллі  әлем  көзіне  қара  түнек  болып 

көрінеді. Мұндай реттерде, әсіресе, әлі тәжірибесіз, буыны қатпаған жастар 

тығырыққа тіреліп, шарасыздыққа ұшырап, торығады.

Әрине, адам өмірі үнемі бірқалыпты, әрі көңіл қалағандай күйде бол-

майды. Сондықтан, ренішті де қуанышты, бейнетті де рақат күндер алма-

кезек келіп отыратынын жадына ұстап, соған орай сабыр қылу, шүкіршілік 

ету мәнді қасиет болып табылады.

Сабыр – әдептілік-инабаттылықтың рухани тірегі. Сабырлы адам бас-

қа түскен ауыртпалықты мәрттікпен қабыл алады. Ал жеңіл, ұшқалақ кісі 

күйіп-піседі, өзін демде бір отқа, бір суға тастайды, қайғы-мұңға салынып, 

ұнжырғасы оңай түседі.

Адамның ми қабығында қоздыру мен тежеу процестері болып тұрады. 

Сабырлы адамда бұл процесс бір қалыпта болады. Ал ашуланшақ, қызба, 

жеңілтек, ойланып алмай іс істейтін адамдарды қозу тежеуден басым түсіп 

отырады да, ондай адам кейде өзіне ие бола алмай қалады. Бірақ, бұл әсер-

ге көнбейтін нәрсе емес. Табанды да мақсатты тәрбие барысында, жаттығу, 

машықтану арқылы оны түзеуге, сөйтіп, сабырлылық дағдыларын қалып-

тастыруға болады.

Сабырлылық,  сондай-ақ,  баланы  жауапкершілік  сезімге  тәрбиелейді. 

Мұны, әрине, баланың жас кезінен бастағанда анағұрлым нәтижелі болмақ.

Сабырлы адам қоғамда абыройлы болады, оның қадір-қасиетін барша 

жұрт мойындайды, айтқандары да әсерлі, көпшілік өз еркімен, ықтиярымен 

мойындайтындай салмақты, өтімді келеді.




13



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет