ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ
Мұстафа Шоқайұлы – Түркістандағы кеңестік қызыл отаршылдарға қарсы күреске белсене араласып, шарасыздықтан шетел асып, сонда жүріп күресін жалғастырған еліміздің ірі тұлғаларының бірі. Біз осы ұлы тұлғаның өмірлік жолы және оның «Жас Түркістан» журналында жарияланған шығармалары жайлы сөз қозғағымыз келеді.
Шоқайұлы Мұстафа – Түркістанды көршілес екі мемлекет басып алып, езгіге ұшыратқаннан бері азаттық үшін күрескен, ұлт жолында құрбан болған зиялыларымыздың бірі, есімі ұлықталған тұлға.
Мұстафа Шоқай (Шоқұайұлы, Шоқай би) 07.01.1890 жылы Ақмешітте (орыстар оны Перовск деп атаған) дүниеге келіп, 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде дүние салған. Атасы Шоқай би Торғай Датқасы (1841 жылы туылып, 1913 жылы дүниеден өткен); түркістандық, қаза-қыпшақтардан болатын. Анасы Асылзада Хиуа хандығынан шыққан.
Алғашқы білімін Ташкенттегі орыс гимназиясында алғаннан кейін Мұстафа Шоқай Патрасбург университетінде заңгер мамандығы бойынша оқыды. 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейін Думада жұмыс істеді. 1917 жылы сәуірде Орынборда өткен жалпы қазақ құрылтайына қатысады. Мунаввар Қори және оның жолдастарымен бірге Ташкентке келеді. «Ұлы Түркістан», «Бірліктің туы» сияқты газеттерді шығаруда көшбасшылық танытады. Убайдулла Қожаның шақыртуымен Түркістан ұлттық Кеңесінің төрағасы болды. «Қоқан автономиясы» деп аталатын Түркістан ұлттық мемлекетін құрушылырдың бірі ретінде бастапқыда Түркістан автономиясы төрағасының орынбасары және сыртқы істер министрі, кейін төраға қызметін атқарған. Бұл ұлттық мемлекетті Ресей пролетариатының диктаторлары қанға батырғаннан кейін (1918 жылдың басында) Орынборға кетіп, одан әрі Бакуге (1918 ж.Наурыз) бет алады. Билік орыс пролетариатының қолына өткеннен кейін, Грузияға кетіп, Тифлиске тұрақтайды. 1920 жылы Грузияны Ресейдің жаулап алуына байланысты қайта жаулап алғаннын кейін ол кеңес үкіметінің зұлматынан қашып, алдымен Түркияға, содан кейін Парижге барады. Еуропада жүргенде ол 1929 жылға дейін Түркістан ұлттық бірлік ұйымының белсендісі және сол жылдан өмірінің соңына дейін ұйымның төрағасы қызметін атқарды. Осы уақытта ол «Жаңа Түркістан» және «Жас Түркістан» журналдарында мақала жариялайды. Бірқатар еуропалық газет, журналдарда да Түркістанды танытатын мақалалар жариялап тұрды. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында Парижден Берлинге келеді (1940), 1941 жылы 15 желтоқсанда тұтқындар лагеріне барған кезде іш сүзегін жұқтырады. Осы кеселден 27 желтоқсанда Берлинде қайтыс болады.
Мұстафа Шоқайдың Еуропадағы қызметі «Түркістан ұлттық бірлігі» (қысқартылған ТМБ) ұйымымен байланысты. Ұйым құрамында орыс отаршылдығына да, әмір билігіне де қарсы шыққан түркістандықтар мен бұхарлықтар болды. 1920 жылдардың өзінде Кабулда Усмонқожа мен қажы Исомиддин Қарауулбегінің өкілдері болды.
1923 жылы ұйым өкілдері Германия мен Францияда жұмыс істей бастады. 1924 жылы Берлинге келген М. Шоқай ұйымның өкілі ретінде қызметке кірісіп, съезд ұйымдастырып, «ТМБ Сыртқы істер комитетін» құрады. Ұйымның екінші съезінің шешімімен бұхарлық Ахмад Наим өкіл ретінде Париждегі кавказдықтармен және украиндықтармен бірігіп, орыс отаршылдығына қарсы бір майданда күресуге келісті (1927 ж. ақпан). Украиналық және кавказдық моджахедтер Парижде «Прометей» атты өз журналдарын шығарды. Оған ТМБ мүшелері де қосылып, журналда Түркістан халқының да басылымдары жариялана бастады(1927 жылғы 8-санынан). М. Шоқай журналға ат төбеліндей мақалалар жазып, оларды кейінірек өз атынан ашық жариялай бастады. «Прометей» журналының 1928 жылғы бір санында М.Шоқай «Түркістандағы тәуелсіздік идеологиясы» атты мақаласын жариялайды. Бұл мақаласында ол тәуелсіздік идеясы жолында екендігін, Түркістанның тәуелсіздігі үшін белорустардың (орыстар) империализміне қарсы тұратынын ашық айтты. Алғашқыда ол тек қызыл орыс империализмі туралы ғана ойын жариялайтын еді (бұл идеяны оның бойына лак-поляктар сіңірген дейді).
1929 жылы Варшавада Түркістанның тәуелсіздігі туралы конференция өткізді. Бұл оның «прометейшілерінен» айырылғанын және тек ТМБ-ға байланғанын білдірді. Сондықтан да Керенский «Дни» газетінде: «Біз қазір Мұстафа Шоқайды да жоғалттық па?» («Дни», 1929, № 41) деген мақала жариялады. Түркістан халық бірлігінің 2-съезінен кейін Ыстамбұлда түрік тілінде шығатын «Йенн Түркістан» («Жаңа Туркістон») журналы (1927 ж. маусым) шыға бастады.
Осы айлық саяси-әдеби-ғылыми кешеннің 1928 жылдың соңына дейін шыққан 16 санына Зәки Валиди Тоған мен Абдулқадир Инон, басқа нөмірлеріне Усман Қожа мен Маджидиддин Ахмад, 27 санына соңғы 39 санына дейін Насыр мен Маджидиддин жетекшілік еткен және олардың басылып шығуына мұрындық болған (Бұл мәлімет академик А. 3. В. Тұранның «Бүгінгі Түрік елі — Түркістан және тарихи, түрікше Ыстамбул» атты еңбегінен алынған. – 1981, 484-485 б.). Қолымда «Жаңа Түркістанның» саны толық болмауы себепті, артық ой-пікір айту мүмкін емес.
Мұстафа Шоқай редакторлық еткен «Жас Түркістан» журналы 1929 жылдың желтоқсанынан 1939 жылдың тамызына дейін Берлинде шығып тұрды.Журнал 1939 жылы Кеңес Одағы мен фашистік Германия арасында келісімшартқа қол қойылғаннан кейін қызметін тоқтатты. Профессор Тоҳир Чиғатайдың «Қызыл империализм» кітабының IV томы, 22-бетінде бұл туралы егжей-тегжейлі айтылады. Бұл жинақтың араб қарпімен жазылған үш нөмірін оқып отырып, оның оқырмандарымызға жаңалық әкелетініне, санасын өзгертетін ақиқаттың осы ескі парақтардың арасында жатқанына көз жеткіздік.
«Жас Түркістанның» 1933 жылғы шілдедегі 44 - санының мазмұны мынадай: «Ұлттық идеяның құрбандары» (бас мақала, 2-5 беттер) [1], Темуроғлының «Түркістандағы оқу-ағарту жұмысының барысы» мақаласы (5 – 9 бет) [2, 5-9], одан кейін «Шығыс Түркістан» атауының астында бірнеше жазу тізбектері берілген. Сондай-ақ, ең маңызды мақалалардың бірі – «Түрік журналистикасы» (жазған Тоқтамиш оглы, 33-36 беттер) [3, 33-36] және «Түркістан хабарлары». Журналдың мұқабасында «Жас Түркістан» деген жазудан кейін «Түркістанның ұлт-азаттық күресі үшін кешенді күрес» бағдарламасы берілген.
«Ұлттық идея құрбандары» деген бас мақалада «Жоғарғы сот қызметкерлері» атанған Жоғарғы сот мүшелері төрт түркістандықты атып өлтіргені туралы мәлімет беріледі. Атап айтқанда, онда былай делінген: «... Түркістандағы орыс пролетариатының диктатурасы Түркістанның қанхор қасқырлары Нафасоғлы Ашурқожаны, Байрамоғлы Ходиназарды, Раджабоғлы Мұхтарды және Салимоғлы Абдулшокурді өлтіргеніне қанағаттанбады. Одан басқа тағы да ондаған (олардың ішінде – Ю. М.) құрбандар бар... Садулла Қасымоғлы мен Шамси Бадриддиноғлы сотынан кейін шейіт болған бұл төрт түріктің соты Түркістандағы осы жылдардағы ең үлкен саяси үкім болып табылады. Садулла Қасымоғлы мен Шамси Бадриддиноғлы сияқты Ашхабадта өлтірілген төрт түркістандық Кеңес Одағы Жоғарғы Сотының қызметкерлері болатын. Мәскеу диктатурасы Садулла мен Шәмси сияқты бұларды да «сотты өздерінің контрреволюциялық мақсаттарына пайдаланды» деп айыптайды.
Мақалада Түркістанды басқарып отырған шенеуніктердің арасында қылмыскерлер де бар екені әшкере етілген. Яғни: «Түркістанда ең маңызды орындарда тарихта бұрын-соңды болмаған қылмыскер адамдар отырған. Мысал ретінде Жоғары экономикалық кеңестің төрағасы Посткуцкийді айтуға болады. Посткуцкийдің мойнында 1923 жылы Ферғанада аштықтан өлген 200 мың түркістандықтың күнәсі бар. Посткуцкий Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары бола тұра, осы жылы егін егілмей қалған Ферғанадан Мәскеу үкіметі жоспарлағандай екі есе көп салық жинап, Ферғанадағы қызыл әскер қатарына адам алу арқылы ферғаналықтардың біразын аштыққа айдады. Посткуцкийдің қылмысы сол кезде әшкере болғанымен, ол ату жазасын орындау бойынша Мәскеуде жоғары лауазымға көтерілді де, бірнеше жылдан кейін Түркістанға қайта оралып, Түрікменстан Экономикалық Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды» (журналдың 4-5-беттері) [4, 4-5].
Тарихқа шолуды осы жерден тоқтатып, осы мазмұнға қатысты салыстырулар мен пікірлерді айту орынды деп ойлаймын. Тарихи деректерге сүйенсек, 20-жылдары Түркістанда жиырма миллионнан астам түркістандық өмір сүрген. Ақпандағы (1917 ж.) төңкерістен кейін Түркістан отарлық езгіден құтылғандай болды. Бірақ болған оқиғалардың барлығы халықты тәуелсіздік жолындағы күреске ұйымдастырды. 1918-1924 жылдар аралығында Түркістан АКСР-ң (астанасы Ташкент) бір бөлігінде Түркістанда тұратын 5 миллион 250 мың халықтың 41,4 пайызы өзбектер болды;Қалған -19,3 пайызы - қазақтар, 10,8 пайызы - қырғыздар, 7,7 пайызы - тәжіктер, 4,7 пайызы - түрікмендер, 1,2 пайызы қарақалпақтар болды. Халықтың 85 пайызы ауылдық жерлерде тұрды (ӨзСЭ, 11-том, 367-368 беттер, Ташкент-1978). Демек, 1920 жылдардағы қанды қырғынның құрбандары өзбектер болды (өйткені, халықтың тең жартысы өзбектер еді). Тарихта болған «мақта ісінде» де негізінен өзбектер зардап шекті. Шындығында, орталықты патшалық өткен дәуірден бері ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп, 20-жылдардан бері жетпіс жыл бойы ауылда тұрып, халықтың 80 пайызын қамтамасыз еткен өзбек халқы. Халықтың осынау қажырлы еңбегінің, жомарттығының, достық ниетінің, сабырының екі дүние де сауабы бар екені сөзсіз. Бұл – салыстырмалы пікір. Біздіңше, патша генерал-губернаторлары кезінде де, Поскутский немесе Гайдановтан кейінгі кезеңде де отаршылдықтың бейнесі мен мәні бір болды.Бір кездері Шығысқа басып кірген еуропалық мәдени елдер – ағылшындар мен француздар – мәдени тұрғыдан өздерінің отарларынан айырылғаны сияқты, бүгінде ресейліктер де бірқатар ұлттардың тәуелсіздік жариялап, өздерінің еркін мемлекеттерін құруына мүмкіндік берді.Тарихтың жалғасуы –енді болашаққа байланысты...
“Жас Түркістан” тақырыбына тағы да тоқталайық. «Ұлттық идеологияның құрбандары" жөніндегі ащы шындыққа толы мақала төмендегіше қорытындыланған: “Кім біледі, қаншама түркістандықты Саъдулла, Шамси, Ашурқожа, Худойназар, Мұхтар және Абдулшокурдың қазасы күтіп тұрған шығар. Бірақ Түркістанда Мәскеу билігін құлату амалы, Түркістан ұлттық тәуелсіздігі идеясы мәңгі өмір сүреді. Бұл идея қалай болғанда да жеңеді. Біз бұған сенеміз. Біз мұны білеміз.
Түркістандықтар! Мәскеу диктатурасын құлатуға қарсы күресте құрбан болған туғандарыңызыдың рухы алдында бас иіңіздер. Мәскеу қанды диктатурасы жойылсын! Тәуелсіз Түркістан жасасын!» (5-бет).
Журналда Темірұлының «Ағарту ісінің барысы» атты мақаласында Түркіменстан және Қазақстандағы сауатсыздықты жою жолындағы істер, мектеп, оқу-ағарту жұмыстары жайлы мәселе қарастырылған. Автор өз ойын жеткізуде «Туркменская искра» (1933 жыл, 01.01) газетіндегі дәлелдерге сүйенеді. Онда былай делінген: «Туркменская искра» газетінің жыл басындағы алғашқы номерінде (1933 жыл, 01.01.) Түркіменстандағы ағарту ісінің жетістіктеріне тоқталып, былай деп жазды: түркіменстандағы 723 қала мектебінде 19921, 3123 ауыл мектебінде 131420 оқушы бар. Газет сауңатсыздыққа қарсы күрес мәселесін көтеріп, Түркіменстандағы сауатсыздық деңгейі 0,7 пайызды құрағанын, ал 1932 жылы бұл көрсеткіш 43,3 пайызға дейін өскенін жазады» (6-бет).
Автордың айтуынша, баспасөз Түркіменстандағы мұғалімдердің шаласауатты екенін мойындады және сауатсыздықты толығымен жою, республиканы толық сауатты елге айналдыру жоспары 1933 жылы екінші бесжылдықта орындалатындығы жайлы есеп берді. 15 жылдағы сауаттылықтың қатынасы жүзден 43,3 пайызды құраса (?), 1933 жылы кеңес агитатурасы қалған 56,7 пайызды сауаттандыруға ат салысуы керек болды (7-бет). 1932 жылы жүзден 98 пайызы сауатсыз болған Қазақстан халқының 65,5 пайызы сауатын ашып, 4 миллион халықтың қалған 2 миллионының санаулы жылдар ішінде сауатын арттыру жөнінде «Казахстанская правда» газетінің (1933 жыл, 28.04) санында жарияланған ақпаратқа Темірұлы өз пікірін білдірді.
«Шығыс Түркістан» мақаласы (10-15 беттер) журналдың алғашқы санындағы бас мақаланың жалғасы болып табылады. Мақаланың мазмұнынан төмендегілерді байқауға болады: Яқуббектің көтерілісі Түркістан тарихындағы ең жарқын және қайғы-қасіртке толы кезең болып табылады. Яқуббек Розий бүкіл Шығыс Түркістанды өз қол астына біріктіруге ұйытқы болды. Алайда Батыс Түркістандағыдай ұлттық идеологияның қалыптаспауынан туындаған ішкі шиеленіске байланысты ол өлтірілді. Оның Шығыс Түркістаннан тыс жерде досы болған жоқ. Көмектескісі келген Түркия да әлдеқайда ұзақта еді. Сұлтан Абдулазиз әскери алқабилер сотын жібергеннен басқа ештеңе істей алмады. Ресей Батыс Түркістанда өз үкімін қатайтып, Якубектің жетістіктерін бақылап отырды. Бұл кезде Ресей Құлжаны жаулап алды. Бұл Шығыс Түркістанға да, Қытайға да қарсы төнген қауіптің бірі еді. Бір жағынан, Англияның ықпалы, екінші жағынан, Батыс Түркістандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты ресейліктерҚұлжаны қытайларға қайтарып береді. Оның орнына орыстар бүкіл қытай шекарасында сауда жасауға қол жеткізеді. Бұл орыстарға Түркістан, Моңғолия, Маньчжурия бойынша экономикалық және саяси ықпал етуге мүмкіндік берді. Ресей ежелден Шығыс Түркістандағы Қашқарияны жаулап алуға ұмтылды. Өткен ғасырда Ресей үкіметі «Ресейдің қорғауымен Қашқарияда хандық құру» идеясы бар болатын. Батыс Сібір губернаторы Гасфорт (генерал-губернатор): «Біз мұны іске асырсақ, Қашқарда тұрып, айналамыздағы хандықтардың барлығын басқарамыз және өзіміз үшін жаңа жол ашамыз» деп жазды. Автор былай дейді: «Шығыс Түркістандағы орыс саясаты жетістіктерін таныту үшін бір жағынан Британдық Үндістан мен екінші жағынан Батыс Түркістан арқылы өтетін жолдармен танысудың маңызы зор» (11-12 беттер). Бұл жолдардың бірі-Үндістанға баратын үш жол. Қашқардағы Қарғалықтан Кашмирге апаратынұзындығы 735 км құрайтын теміржол, екіншісі - Хотавадан Кашмирдегі Лахқа дейінгі ұзындығы 850 км құрайтын жол, үшіншісі – Қариядан Лахқа дейінгі ұзындығы 990 км құрайтын жол.
Батыс Түркістаннан Шығыс Түркістанға дейінгі алты жол бар.
1. Андижан-Қашқар автожолы (Эргаштом арқылы), 554 км.
2. Пішпек-Қашқар жолы (Норин арқылы), ұзындығы 683 км.
3. Пішпек-Алматы-Құлжа (Қорғас арқылы), 854 км.
4. Симай-Чунчучак жолы, 640 км.
5. Зайсан-Сарсумба жолы (шарсамба), 256 км.
6. Зайсан-Чунгучак жолының ұзындығы да 256 км.
Бұл жолдар ресми түрде сауда (керуен) жолы болып табылады. Бұдан басқа жолдар да бар. Бұл өте қолайлы және ашық жол болды.Батыс және Шығыс Түркістан арасында Іле және Қара Ертіс су жолы бар (12-бет).
Журналдағы «Шығыс Түркістандағы көтеріліс» атты мақалада (15-19 беттер) отызыншы жылдары түркістандықтардың қытайлық колонизаторларға қарсы ұлттық көтерілісі кезінде отыз бес мың адамның құрбандыққа шалынғаны туралы айтылған.
«Түркістан жастары орыстануға қарсы» атты мақалада мазмұны (20-25 беттер) атауынан да көрініп тұрғандай, түркістандықтардың отаршылдыққа қарсы езгіге ұшырағаны, физикалық тұрғыдан зұлымдық көргені туралы мәселелер қарастырылған. Атап айтқанда, орыс отаршылдығына қарсы рух ата-анадан балаларға мұрагерлік жолмен беріліп келе жатқандығы жайлы атап өтілді, бұл оқу мен оқыту ісінде де орын алды. Мысалы, 1927 жылы үкімет «зияткерлік және зияндық мәселесін» қозғады. Шындығында көптеген зиялы қауым өкілдері, білім алушылар, мұғалімдер жер аударылды, атылды.
«Түрік газетшілігі» (33-36 ББ.) мақаласында 1910 жылдардан бастап Түркістанда жадидшілдерді аяусыз қудалау басталғаны, 1911 жылы тек «Қазақстан» газеті ғана жұмыс істеп тұрғандығы, ал 1912 жылы Түркістанда екі газет- «Бұхаройи шариф» және «Тужжор» газеттерінің шығып тұрғандығы жайлы айтылған. "Бұхаройи шарифі" газетін шығарғандар Тұранды аптасына екі рет жариялай бастады. "Бұхаройи шариф" парсы тілінде шығарылып, тек медреселерге, кейіннен Иран мен Ауғанстанға таралды. Түркістанда бұл басылымды жүзден тоқсан тоғыз пайызы оқи алмағандығы байқалған. Мысалы, Ыстамбұлдағы «Түркі жұрты» журналында мақалалардың өз ана тілдерінде жариялануын қалаған халықтың арман, тілегі, дұғасы келтірілген мақала басылып шығады («Түрік жұрты», 1 том, 12-саны, 376 бет, Стамбул - 1328 хижра). Бұл мәселені шеше отырып, «Бұхаройи шариф» газеті Түркістан орталығы болған Бұқара жеріндегі көп халықты хабарсыз қалдырды. Бұл тәжік туыстарымызға пайдалы болғанымен, өзбек қандастарымыз барлығынан беймақрұмқалды. Түркістанхалқының жүзден бір пайызы да парсы тілін білмеді» (35-36 беттер).Бұл екі газет Түркістанда ең көп таралған, көп оқылған, экономика, мәдениет, дін және тарихқа арналған басылым болып табылады. Екі жоба да 1913 жылдың басынан бастап тоқтатылды.
1870 жылдары Ресейдің негізгі халқының шамамен жүзден сексен пайызы ауылда өмір сүргені тарихтан белгілі, жүз жылдан кейін ескі патшалық Ресей мен одан кейінгі Кеңестік отаршылдық саясаттың нәтижесінде халықтың сексен пайызы қалада өмір сүре бастады; ал орыс ауылдары босап қалды және бұл олар үшін ауыр проблемаларды тоқтатты.Жалпы алғанда, орыс ұлтының жүзден сексен пайызы қалаларда өмір сүретін білімді, жұмыс істейтін, әлемді білетін ұлтқа айналды. Керісінше, өзбек халқының жүзден сексен пайызы қыстақтарда өмір сүрді жәнеолардың негізгі кәсібі мақта шаруашылығыболды. Мұндай жағдайды Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан секілді республикалардан да байқауға болатын еді. 1989 жылғы ресми ақпараттарға сүйенсек, Қазақстандағы жалпы 16.464 мың адамның 6.385 мыңы қазақ, 6,229 мыңы орыс, 958 мыңы неміс, 896 мыңы украин және тағы да басқа ұлт өкілдері болды. Өзбекстанда да 1989 жылғы есепке сәйкес жалпы 19 миллион 810 мың адамның 14 миллион 142 мыңы өзбек, қалғаны басқа ұлттар болды. Халықтың мұндай үлесіне келетін болсақ,бізде бұған сәйкес белгілі бір тұжырымдама бар. Біз ендігі ойды Мұстафа Шоқайдың «Жас Түркістан» журналында жарияланған мақалаға бағыттағымыз келеді.
«Жас Түркістанның» 1934 жылғы 53-ші санында «Русия муҳожирот сиёсатина бир куш боқиши» атты мақала жарияланды, авторы – «Жас Түркістан». Оның айтуынша, Германияда Шығыс Еуропаны зерттейтін «Шығыс Европа» атты үлкен қоғам құрылған, сол атпен бірнеше дорилфунн, институттар жұмыс істеген. Оларға үнемі неміс мемлекеті мен бай неміс өнеркәсіпшілері көмектесті. Олардың күнделікті, апталық, айлық басылымдары, кітап шығарушылары бар. Осы қоғамға қарасты ғалымдар Шығыс Еуропаның барлық елдерінің, атап айтқанда Ресейдің тарихы, саясаты, мәдениеті, экономикасы туралы көптеген құнды еңбектер шығарды. Олардың бірі – Герхард фон Менденің 127 беттік «Кеңес Одағындағы отарлауды зерттеу» жұмысы. Бұл еңбектересейдің алғашқы және кейінгі дәуірлерде өз отарына орыстарды қоныстандыру саясатын зерттеу жөніндегі мәселелер қарастырлған. Автор бұл жұмысты жазған кезде ресейлік дереккөздерді, Бреслав Шығыс Европа институтының материалдарын жақсы пайдаланды.
Менде кітабының бірінші тарауында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі Ресейдегі көші-қон туралы түсінік берілген. Екінші тарауда соғыстан кейінгі жылдардағы әскери коммунизм және жаңа экономикалық саясат дәуіріндегі көші-қон саясатына тән орыс мұжығының қандай мақсат және қандай саясаттың нәтижесінде Ресейдің қол астындағы отарланған жерлерге таралғаны көрсетілген.
Менде еңбегінің тоғызыншы тарауында былай деп жазады: «Ресейдің ішкі қыстақтарынан Ресей мемлекетінің шетелдік провинцияларына көшіру ағыны ХІХ ғасырда басталды. Бұл эмиграцияның нақты себебі, жерге деген қызығушылық болды. Ресейде 1861 жылы құлдықтың жойылуы (яғни, қазіргі ішкі Ресейдегі орыс халқын құл ретінде сату әдетінен бас тарту), біріншіден, орыс еріктілерінің кетуіне жол ашты. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарына дейін эмигранттардың мақсаты Солтүстік Кавказ шөлдері мен Волганың төңірегіне қоныстану болды, бұл жерлерге эмигранттардың жүзден сексен пайызы орналасты. Эмигранттар ағыны біртіндеп Оралдан асып, Сібірге, Қырғыз далаларына, Түркістанға және Қиыр шығысқақарай ағыла бастады. Сібір 1880 жылға дейін жер аударылған эмигранттар орналасқан жер болып қала берді, ол эмигранттарданқұралғанАдигеайналды. 1801 жылдан 1880 жылға дейін Сібірге барлығы 670 000 эмигранттар мен саяси тұтқындар көшіріліп, 398 000 эмигранттар ауылы пайда болды.
Қуғын-сүргінге ұшырағандар саны эмигранттарға қарағанда біршама азайды. 1901-1910 жылдар аралығында 2257000 эмигрантқа қарсы 25000 адам алдын-ала жер аударылды.
1896 жылдан бастап Сібір «қорқынышты жер» деген аттан арылып, халық тұратын елге айналды», - деп жазады Герхард фон Менде.
«Жас Түркістандағы» мақаланың авторы Г.Менденің еңбегіне ой жүгірте отырып, оның «орыс шаруаларын жер аударту саясаты ашкөздіктен туған идея»деген ойының мүлдем дұрыс емес екенін атап өтті. «Осы көші-қонның бастапқы себебі неде, олардан не пайда болды деген сұраққа жауап берейік», - дейді ол. Осы жөнінде ол былай деп жазады: «Мұжықтар жерге шөліркеп, помещик атанған жер иелеріне ғасырлар бойы қарсы көтерілді. Орыс монархиясыақсүйектер тұқымынан құралды. Патша ІНиколай өзін «Ресейдің алғашқы помещигі» деп жариялады. Бүкіл Ресей мемлекеті 130 000 ақсүйектің қол астында болды. Олар орыс тағына қызмет етеді. Орыс патшалығы олардың мүдделерін, жерін қорғады. Үлкен көлемдегі жерлерге ие болған алпауыттар өз ормандарынан және қыстақтарынан өсіп тұрған шөптерді оруға рұқсат етпегендіктері былай тұрсын, тіпті бұзау-сиырларын да орманның шетінен айдап өтуге рұқсат бермеді. Оған ер адамдар негізсіз келісуге мәжбүр болды. Мұндай жағдайлар күн сайын наразылық тудырып, орыс дворяндарының орыс алпауыттарына деген өшпенделігі арта түсті. Мұжықтар алпауыттардың жерлеріне көз тіге бастады. Бұл жағдай «эмиграция саясатының пайда болуына алып келді», - дейді автор мақаласында («Жас Түркістан", 14-15 б., № 53, 1934). Біздіңше, мақалада айтылған ой Менденің айтқанынан гөрі шындыққа жақын. Журналдағы автордың кейінгі ойлары одан да тереңірек ойларды аңдатады. Онда Ресей мемлекетінің шаруаларды қоныстандыру саясатының екі мақсаты болғандығы айтылады: бірі-шаруаларды қоныстандырумен жауға айналған жер иелері мен ақсүйектердің мүлкін қорғау арқылы жанжалдан құтылу; екіншісі-бұл жалаңаяқ шаруаларды отарлап алғанжерлерге қоныстандыру, сол арқылы бұл жерлерде шаруалардан тұратын Ресей мемлекетінің гвардиясын құру. «Ресей мемлекеті біздің Түркістанда осы екінші мақсатқа тез қол жеткізгісі келді. Ресей Германиядан халық саны жағынан шамамен 1/4 есе көп болды. Ресей жерге бай болды. Эмиграция саясаты орыс көшпенділері үшін жердің болмауы себебінен емес, орыс алпауыттарының шаруаларды ішкі Ресейден аластатқысы келгендігінен, мұжықтарды өз елінен тыс өлкелерге таратып, олардыРесей мемлекетінің сақшысы етіп қойғысы келген тілек-ниеттен пайда болған, - дейді автор.
Бұл мақала жөніндегі пікірлерді тоқтата тұрып, сол замандарда Ресейде қанша халық саны болғанын, басып алынған Түркістандағы адамдардың саны және оның құрамы қандай болғанын қарастырсақ.1293 жылы хижрада, 1876 жылы қажылық маусымы кезінде Түркістан қажыларына түрлі мазмұндағы парақшалар мен кітапшалар таратылды. Олардың бірі «Түркістанға үндеу» деп аталады. Трактат мәтіні 1877 жылы түрікше«Басират» газетінде (26 нисана, 2075 ж.), 1988 жылы Ыстамбұлдағы «Түркістан» журналында (4, 19-20 беттер, Салих Ойнурал дайындаған) басылды. Онда сол кезде Ресейдің халқы 45 миллионды құрады, оның 6 миллионы орыстармен от пен судай бір-біріне қарама-қарсы лахтар болды делінген. Тағы 5 миллионы - шведтер (Швед - Е. М.), олар соғыс кезінде орыстардың қолына түсіп, әлі де қуғын-сүргінге ұшыраған нуфустер еді. Сондай-ақ, құрамында орыс-герман соғысынан кейін Ресейдің қолына өткен 4 миллион неміс болды. Немістер – әрқашан неміс мемлекетінің құрамында өмір сүргісі келетін халық. Ресейде адалдығымен белгілі болған 15 миллион нуфс өмір сүрсе, Түркістанға да 15 миллион нуфусқоныстанған болатын.
Сонымен, сол кездегі Ресей империясының 45 миллион тұрғынының 15 миллионы түркістандықтар, 15 миллионы орыс, 6 миллионы лах, 5 миллионы швед, 4 миллионы неміс болды. Тарихта ұлы мемлекет құрған түріктердің ұрпақтары осы 1850 жылдары Түркістанда өз билігін қалай жоғалтты? Кітапшада бұл сұраққа бір жауап берілген: нуфустер хандар мен мемлекет басшыларымен тең бола тұрып, бір-бірін кұптамағаны үшін дұшпанға айналды. Осы себепті Түркістан шапқыншылыққа ұшырады. Әрине, Түркістанның ыдырап, орыстар мен қытайлардың колониясына айналуының басқа да себептері бар. Бұл – басқа мәселе.
Шындығында, орыс мұжықтарын отарлап алынған жерлерге көшірудің мақсаты – оларды мемлекет сақшысы ретінде қолдану болғандығы тағы да дәлелденді. Мақала авторы атап өткендей, 1917 жылы Ресейде, мемлекеттік төңкеріс болған кезде, жалаңаяқ мұжықтар мемлекетті құлатқан көтерілісшілерге қосылып, көтерілісшілердің орнын ауыстырды. Бірақ Түркістанға әкелінген мұжықтар «патша үкіметінің құлауын өздері үшін ең үлкен бақытсыздық деп қабылдады», - дейді автор. Нәтижесі орыс эмиграциясы саясатының жер тапшылығы емес, саяси мақсат екендігін дәлелдеді.
«Жас Түркістан» хабарлағандай, неміс ғалымы Менде өз кітабында Ресей мемлекеті осы саясатты жүзеге асыруға қанша алтын жұмсағанын сандар арқылы түсіндірді. Мысалы, патшалық Ресей 1896 жылдан 1906 жылға дейін шаруаларды шет елдерге көшіруге 2,5-3 миллион алтынын жұмсады, 1907 жылға қарай бұл 13 миллион алтынға жетті. 1912 жылы бұл сома 26 481 000 алтынды құрады. Ресей үкіметі сонымен бірге орыс шаруаларын Түркістанға, Кавказға ауыстыру өте маңызды екенін және оқшауланған шаруаларға жерге сіңісу үшін таратылған қарыз ақшаның жартысын кешіргенін атап өтті.
Сонымен, Еуропадағы орыс жерлерінен 1896-1916 жылдары 3 миллион 623 мың қыстақ мұжықтары Азиядағы жаулап алынған жерлерге көшірілді. Олардың жартысынан көбі украиндар (58,35 пайыз). Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында эмиграция аз болды, 1914 жылы 42 214 адам және 1918 жылы 280 000 адам болды. Кейін қоныс аударған 500 000 шаруаның 53,5 пайызы Түркістанға жеткізілді. Яғни Түркістанға әкелінгендердің негізгі 50,8 пайызы қазақ жерлеріне орналастырылған («Жас Түркістан» 12-18 беттер). Демек, жиырмасыншы жылдарға дейінгі репрессия саясаты өз мақсатына жетті. Сол көшіріліп әкелінген және Кеңес кезінде «маман» ретінде жіберілген, Түркістан жерлеріне қоныстанған және бүгінгі күнге дейін көбейген еуропалықтардың тарихын зерттеуде бұл ақпараттардың берер үлесі мол. Дәл осы отаршылдық саясаты бүгінде Қазақстанда қазақтардан гөрі өзге ұлт өкілдерінің басым болып келуі осы отарлау саясатының нәтижесі деп айтуға негіз бар. Бірақ бұл біржақты пікір. Бірақ отарланған жерде әрбір отарлаушы ел өз халқын немесе өзіне адал адамдарды көшіріп әкелген. Бұл жұмысты тарихта арабтар да (арабтар мен парсыларды көшіріп әкелген) жасаған. Біздің император бабаларымыз да төрт негізгі бағытта сәтті жүріп, өз халқын қоныстандырған. Біз мұны дұрыс ұғынып, дұрыс қабылдап, өзгеге дұрыс жеткізе білуіміз керек. Осы тұрғыдан алғанда, менің жоғарыда келтірген дәлелдерім (кейбіреулер «экстремизмді» түсіндіреді) әлемнің кез келген мемлекетінің тарихын зерттеушілерге ғана емес, жергілікті халыққа да, көшіп келгендерге де пайдалы деп ойлаймын. Бұл қай тұрғыдан пайдалы? Біріншіден, жергілікті халық бұл тарихты оқып, біле отырып, ғасырлар бойы өздерін езген халықтың ұрпақтарына дұшпандық сезіммен қараудан өздерін тияды, достық сезімммен қарауға тәрбиеленеді. Отарлаудың кезіндегі мемлекет жүргізген саясаты екендігін түсініп, тәуелсіз мемлекетте мұндай зұлымдыққа жол берілмейтіндігін түсінеді. Бүгінгі таңда ондаған тәуелсіз республикалар құрылған,олардың өзіндік мемлекеттік туы, заңдары, мемлекеттік ана тілі бар.Ал бұл жазбалардың ескі отарлау саясатына сәйкес күштеп қоныс аударғандардың бүгінгі ұрпақтарына қай тұрғыдан пайдалы екендігін ашып көрсетейік. Патшалық Ресей мен кеңестік кезеңде әрбір қоныс аударған халықты құл, қызметші, құқығынан айрылған халық ретінде қабылдады. Бұл дүниетанымдық көзқарасты бірден өзгерту мүмкін емес, оған уақыт керек. Бірақ олардың мұны бұрынғыдай өзгертпей қабылдауына ешкім құқық бермейді, сондықтан дау туындауы сөзсіз.Оны да түсіну керек. Отарлап алынған жерлерге тарап, бүгінде тәуелсіз мемлекеттерде өмір сүріп жатқан халықтардың ұрпақтарына қазір өмір сүріп жатқан жерлеріне құрметпен қарап, сол жерде өмір сүріп жатқан халықпен тең құқылы екендігін, мемлекеттің заңы аясында достық қарым-қатынаста болу керектігін түсіндірудің пайдасы зор. Олар бұл жерде үстемдік құра алмайтынын біледі, бірақ кезінде ақсүйектер үшін құл болған (крепостной), езгіге ұшырап, құқығы тапталған, ата жұрттан қуылып, еріксіз екі мемлекеттің сақшысына айналғандығын түсінеді. Бірақ, сонымен қатар, бұл тақырыпты талдау арқылы ешкімді жолдан адастырмау керек екендігін атап өткім келеді, біздің мақсат мұнан алыс. Біздің ниетіміз бір: тарихи шындықты зерттеу.
Мұстафа Шоқай «Жас Түркістанның» бас редакторы ретінде де, тарихшы, саясаткер ретінде де көп жұмыс істегені белгілі. Оның мақалалары, кітаптары Еуропаның барлық тілдерінде басылып шықты, сонымен қатар ол журналдың әр санында өз жұмысын жариялап отырды. Біз оның «Жас Түркістан» газетінде басылып шыққан «Халықаралық кеңестік алқа және кеңес шошқалары» (1934, 53, 8-12 беттер) атты мақаласы туралы өз ойымызбен бөліспекпіз.
Мұстафа Шоқайдың бұл мақаланы жазуына, менің ойымша, Түркістандағы кеңестік отаршылдық саясатқа, жергілікті халық өкілдерін себепсіз қапасқа тоғытуы, дарға асуы, қуғын-сүргінге ұшыратуы секілді іс-әрекеттер түрткі болған. Сол журналда жарық көрген «Түркістан хабарлары» сериясында келтірілген хаттар да М. Шоқайды осы тақырыпта мақала жазуға итермелеген болуы мүмкін. Түркіменстаннан келген хатта былай делінген: «Егер мен Түрікменстаннан хабар айтсам, онда қырып-жою мен зорлық-зомбылықтан басқа ештеңе жоқ. Сіздер танитынКумуш Али Бөрі оғлу, Оқмурод Уроэ оғлу, Карача Буруноғлу, Мулла Берди Кербаба оғлу, Саидмурод Авазбой оғлу, Хожакелди Хожамурод оғлу, Қақажон, ...Амирхожи оғуллари, Ойтоқуфнинг (Ойтоғ есімі болуы керак—Т. К.) орынбасары Назаровты,олардан басқа сіз танымайтын мыңдаған адамдарды үйлерінен, мүліктерінен айырып, қуғынға ұшыратты. Осы жер аударылғандардан Назар оғлу, Кербаба оғлу, Эшон оғлу қайтыс болып, халық ақыны Қарача Бурун оғлу жынды болып қалды. Дихандар мен шаруалардың жағдайы төмендеді. Оларға ет, сүт, май өндіруді шектен тыс көп тапсырып, оны орындай алмағандарды өкіметке қарсы деп кінә тағып, дүние-мүлкін тартып алып, елден аластатты. Осындай зәлімдікке төтеп бере алмаған адамдар жерлері мен бала-шағасын қалдырып, Иран, Ауғанстандағы тасты жерлерге қашып кетті" ("Жас Түркістан", 1-бет, № 53, 1934).
Мұстафа Шоқай өзінің «Халықаралық кеңестік алқа және кеңестік шошқалар»мақаласында жоғарыда айтылғанТүрікменстаннан келген хатты егжей-тегжейлі талдады. Ол: «Мойынтақеуропалықтардың киіміне қатысты атау болып табылады. Бұл жерде автордың айтпақшы болғаны бұл мойынтақ емес, «саяси мойынтақ» екендігіне түсініктеме береді. М. Шоқай Ресей тарихында «Столыпин мойынтағының» («Столыпин галстугі») баршаға аян болғандығын,бұл атаудың патша үкіметінің Бас министрі Столыпин дәуірі (1906-1911) кезінде көптеген адамдардың дарға асылуынан пайда болған атау екендігіне түсініктеме береді. Шындығында, егер біз тарихқа көз жіберсек, П.А. Столыпин реформасына байланысты жерді сатып алу-сату басталғаннан кейін, орыс мұжықтары көптеген жат жерлерге тарала бастады. Негізгі жерлер кулактар қолына өтті, нәтижесінде 1911 жылы Ресейде көрініс тапқан аштықтан отыз миллион ауыл тұрғындары зардап шекті, олардың үйі, фермасы қирады.
М. Шоқай ол кезеңдердің өткендігін мәлімдеп, енді бұл қолданыс тек қара түстен қызылға түске өзгергендігін айтып, сөз мағынасының кеңейіп, ауыспалы түрде «кеңестік мойынтақ» деген мағынаға көшкендігін атап өтеді. М. Шоқай «кеңестік мойынтақты» жалпытүркілік сипатқа ие болған қолданыс ретінде түсіндіреді. М. Шоқайдың 1934 жылы жазылған бұл сөздерін 1990 жылға дейін «жала жабу»деп қабылдағаны жасырын емес. Бірақ отарлау шынжыры үзіліп, тәуелсіздік жарияланғаннан кейін, Өзбекстанда өзбек тілінемемлекеттік тіл статусын беру ретінде қаулы қабылданып, М. Шоқайдың сөзінің ақиқат екендігі дәлелденді. Енді сол саяси мойынтақтың халқымыздың мойнына қалай байланғандығы жөніндегі мәселелерге назар аударайық.
Мұстафа Шоқай бұл оқиға туралы газеттен оқып, үш ай ішінде оған жауап ретінде мақала жазып, түрікмен кеңесіне өз пікірін білдірген: «Демек, пальто, галстук секілді сөздер орыс тіліне тән сөздер емес, олар Түркістан түріктері үшін тілін байытатын кірме сөздер» дей келе, сырткиім, мойынтақ секілді түркі сөздері қатарын толықтыратын сөз деп түсініктеме береді. Осы арқылы патшалықтың жала жабу, сатқындық, өз ұлтын сату секілді әрекеттерді әшкерелейді. Дәл осындай айыппен Түркістанда, яки ескі Кеңес Одағында отарлауға байланысты миллион адамның қырылып кеткендігін айтып өтеді. Ол уақытта бірде-бір адам оны дауыстап, өзгелерге жеткізе алмаған. Мұстафа Шоқайдың Европада отырып, мойынтақ жөнінде жазған мақаласы оның зұлматқа қарсы батырлығын, патриоттығын білдіреді. Мұстафа Шоқай бұл жайлы ойын былай аяқтайды: «Біз Столыпиннің қара мойынтағының қызыл түске боялып, түркілік сөзге айналғандығын айтуға құқылымыз».
Шығыста кең таралған Шейх Санан эпостарынан біз әйгілі Сананның мінсіз мұсылманның христиан сұлуына ғашық болып, есінен танғандығын, оның христиан сұлуының шошқа бағары болып, шошқалардың көңін басып жүру деңгейіне дейін түскендігінжақсы білеміз. Бұған ғашықтық себеп болды. Бұл эпостарда құбылыстың сыртқы жағы ғана көрсетілген; шығыс әдебиетінде айқын және астарлы мағына болатыны белгілі. Қалай болғанда да, шейх Санан-ку, ғашықтық дертінің арқасында христиан сұлуының шошқасын бақты. Осы ой арқылы біз «Кеңес заманында түркістандық мұсылмандар неге шошқа бақты?» деген сұраққа жауап бергіміз келеді. Бақпадық деп айта алмаймыз, өйткені күні бүгінннің өзінде бұл шаруашылықпен айналысып жүрген отандастарымыз бар. Бір кездері Сталин барлық қуғын — сүргін мен катакомбалардың атасы болған, ұлы жазалаушы Сталиннің өзі тіпті мұсылмандарға шошқа бақтырмау керек деп айтқанның өзінде де бізде шошқа бағылды. Жауап біреу ғана: біз бұл жұмысты жақсы көріп немесе қажет болғандықтан емес, мәжбүр болғандықтан ғана бақтық. Мұстафа Шоқай өз мақаласының жалғасында осындай мысалдарды келтіре отырып, ойын қорытындылайды. Енді соған назар аударайық.
«Түрік тілінің мойнына ілінген «мойынтақ» Түркістандағы ресейлік пролетариат диктатурасының «ұлттық фракция» саласындағы ең үлкен жетістігі болып табылады, ол диктатураның Түркістанның «халық шаруашылығы» саласындағы жетістіктерінен «жаман» емес. Бұл бізге «Түркістандағы халық шаруашылығы» жетістіктері туралы ұлттық-коммунистік фракцияның соңғы құрылтайының шешімінен белгілі ("Жас Түркістанның"52-ші шығарылымын қараңыз). Енді осы жетістіктердің құрметіне өзбек коммунистік фракциясының Бас хатшысы Икром оғлы Акмал Ташкентте өткен құрылтайда халық алдында тамаша сөз сөйледі. Онда былай дейді: "Жалалқұдық ауданында, Софикишлок деп аталатын бір өзбек колхозында мен отызға жуық шошқаны көрдім. Егде жастағы әйелден сұрадым:
- Сіздершошқа етін жейсіздер ме?
- Жаратқан Ием сақтасын...Біз шошқа етін жемейміз...
- Онда сіз неге осынша шошқаны бағып отырсыз?
- Біз мұны Үкіметке тапсырамыз. Біз шошқаларды ет салығына аударамыз...(«Қызыл Өзбекстан», 23. 02. 1934. «Шығыс Ақиқаты», 24.02.1934.)
Тыңдаушылар Амалдың сөзіне күле қол шапалақтады. Оның өзі де күлді.Ал шошқаға қарауға мәжбүр болған өзбек кемпірімен бірге қыстақтарындақорсылдап шошқа жүрген түркістандық түріктер де күлді ме?
Үкіметке, салық төлеу үшін шарасыздықтан шошқа өсіруге мәжбүр болған түркістандық түріктердің үкімет экономикасына және саясатына қанағаттанғандығы жөнінде кім пікір айта алады?
Сталин бір кездері ұлттық істер жөніндегі комиссар болған (И.В. Сталин 1917-1922 жылдары ұлттық істер жөніндегі халық комиссары болған - Е. М.). Түркістан қазақ түріктерінен мемлекет салығы үшін шошқа талап етіп: «Қазақтар мұсылман болғандығы үшін шошқа асырамайды. Мұны ұмытпау керек. Олардан шошқа бағуды талап ету ақымақтық болады» деген. Алайда, Кеңес диктатурасының басына Сталиннің өзі келіп, колхоздастыру қозғалысының нәтижесінде өзінің «ақымақтық» деген сөзінің жетістікке айналғандығын айтып, оны керісінше «Түркістан халық шаруашылығы жетістіктері» деп таныды.
«Жас Түркістанның» осы санындағы мақаланың бірінде Түркістанды не үшін кеңестік Ресейдің «қызыл колониясы» атағандығы жөнінде сілтеме жасалған (автор мұнда өзінің әріптесі доктор Тохир Шокир Чигатойдың журналдың 4-8 беттерінде жарияланған «Қызыл колония» мақаласын еске түсіреді. Е.М.). Түркістан түріктеріне жасалған ұлттық зұлымдық (шошқалар мен мойынтақты еске түсіріңіз) Кеңестік Ресейдің мүддесі үшін іске асырылған отарлық саясат болды. Өйткені Ленин мен Сталиннің айтуынша: «Егер ұлттық амбиция мен ұлттық экономикалық мүдделер басқа күшті мемлекеттің игілігі үшін құрбан болса, ол отаршылдық деп аталады», — деді; Ленин мен Сталиннің«Түркістан кеңестік Ресейдің отары», сол үшін түрік халқының мойнына «кеңес мойынтағы» атауы ілінді» дейді. Мұстафа Шоқайдың бұдан алпыс жыл бұрын Парижде және Берлинде отырып жазған, патшалық Ресей және кеңес отарлау саясатының нәтижесінде Түркістан түріктерінің орыс пролетариат диктатурасының қажеттілігін орындау мақсатында шошқа бағуға мәжбүр болғаныдығы жөніндегі мақаласы бүкіл әлемге таралып, көпшілікке танымал болды.
Отаршылық езгіге түскен халқымыз бүгін тәуелсіз мемлекетке айналып, еркін халық ретінде өмір сүре бастады. «Қабына қарай сабы» деген нақыл сөз бар. Меніңше, отар болуға өзіміз себепші болғанбыз. Дехлавий «Ақылмен құл азат болар» дейді. Біз ұлттық санамызды, ұлттық бірлігімізді нығайта отырып, біртұтас ұлт, қуатты мемлекет бола аламыз. Біз бұл үшін тарихты оқып үйренуіміз керек. Біздің осы тақырыпты көтеруіміздің себебі мынада: біздің елімізғасырлар бойы езгінің астында болып, енді ғана бас көтеріп, еркіндікке қол созды. Осы жазбамыз арқылы өз халқымызды жігерлендіріп, қуаттағымыз келеді.
Бүгінде Өзбекстанда жүзден астам ұлт тұрады. Газеттердің бірінің хабарлауынша, Ташкентте жүз отыздан астам ұлт өкілдері бар. Отаршылдық қиял халықтарды бір-біріне деген дұшпандық, сенімсіздік, жалған «интернационализм» рухында тәрбиелегенін есте ұстаған жөн. Шовинистік топтардың көзқарасы жүздеген жылдар бойы езілген ұлттарды бір-біріне қарама-қарсы қойып, соғыс жүргізді, мұны өз пайдасына пайдаланды. Бұл көзқарастан құтылу үшін біз халқымызды тарихынан, өз құқығынан, демократиялық заңдардан хабардар етіп отыруымыз керек.
1934 жылғы «Жас Түркістанның» № 52 санында да көптеген құнды мақалалар бар. Бірінші бетінде «Мунаввар Қари - дос және шетелдік баспасөз» деген ақпарат берілген. «Амал» кешенінің үшінші нөміріндегі«Түркістанның жаңа құрбандары»атты мақалада – Ла Мунаввар Қари, Салимхан Тиллахан және Төлеген ұстаз былай дейді: «...өз студенттерін үнемі ұлтшыл, патриоттық көңіл - күйде тәрбиелеп отырған түркістандық Мунаввар қожа (Қожа - профессор мағынасында) соңғы кездері большевиктер қозғалысын тұрақты бақылап, өз адамдарын сақтыққа шақырып отырды. Ол ұлтшыл деген атпен (онымен бірге-Е.М.) өлтірілген. Салимхан Тиллахан және Төлеген ұстаз да Түркістанда танымал болған тұлғалардың қатарына кіреді. Салимханның ұлтшылдығы және Отанды дамыту жолындағы күресі оның нағыз түрікшіл Түркістандық екендігін көрсетеді. Түрік халқын дамыту жолында шейіт болған тұлғалар үшін Тәңірден шапағат тілейміз».Содан кейін «Жас Түркістанның» айтуынша, Түркістандағы ұлтшылдардың көсемі Мунаввар Қаридің большевиктік орыс жазалаушыларының қолынан шейіт болғандығы жайлы италиялық 5 газет жарыса жазған.Ол газеттердің атауы, шыққан уақыты (1933 жылғы 31 желтоқсандағы және 1934 жылғы 2 қаңтардағы нөмірлері) анық көрсетілген. Содан кейін «Түркістанның ұлттық аза тұту күніне ниеттес болған туыстас халықтарға «Жас Түркістан»газеті шын жүректен алғыс білдіреді. Бұл Отан үшін, ұлт үшін күрескен тұлғалардың өмірінен хабардар етеді. «Жас Түркістанның» қызметі бұл дәуірге ғана емес, болашақ үшін де құнды екендігін айтуымыз керек.
«Жас Түркістанның» 1934 жылғы 52—ші санының мазмұны екі колонияның –Батыс және Шығыс Түркістан жайлы әңгімелерінен, тарихынан, мәдениетінен, бүгінгі жағдайынан ақпарат береді. Журналдың бұл санында Тоқтамишоғлуның «Түрік газеттері» мақаласында — XVII бөлімнің жалғасы жарияланады, ол бізге Түркістан тарихының ең өркендеген кезеңі туралы, сондай-ақ қазіргі заманғы баспасөз басылымдары туралы ақпарат беруімен ерекшеленеді.
Халықтың тоқсан бес пайызына дейін таза түрік тектес халықтан құралған Түркістанда Түркістан Автономиялық республикасының құрылуын ресейлік большевиктер жау ретінде қарсы алғаны белгілі. Түркістандықтардың патшалық Ресейдің жарты ғасыр бойғы езгісінен құтылғандығын жариялап, тәуелсіздігіне сүйінші сұрағандығы Ресей большевиктеріне ұнамады (Ресей большевиктерінің атасы Ленин айтқандай, отаршыл халықтардың туындысы); олар халықты тағы да қысымға алды; қуаныш соңы аза тұтуға айналды. Түркістан автономиясының бас қаласы Қоқан қоршауға алынды, өртелді, он мыңға жуық жергілікті халық келімсектер тарапынан қырғынға ұшырады, жер мен халықтың байлығы тоналды. Түркістан халқының батыры және ақыны Абдулхамид Чулпанның «Қираған өлке», «Өрт» өлеңдерінде бейнеленген пейзаж сол мереке күндерінің көрінісі болып табылады.
Шундай катта бир ўлкада ёнмаган,
Йиқилмаган, таланмаган уй йўкми?
Бир кўз йўқми, қонли ёши томмаган,
Бутун кўнгул умидсизми, синиқми?
(«Өрт» шеъридан)
Елу жылдық отардан шыққан біздің ата - бабаларымыздың батылдығын көрген Түркістанның ұлттық мемлекеті жойылды, ту желбіремей, төмен түсірілді; жер аударылған түркістандықтардың тілінде, кітаптарында, журналдарында әділетсіз әлем жайлы ақпарат сақталды. Бүгінде бұл ту бақытсыздық байрағының қатарында аталады (1993 жылы жарық көрген «Түркі дүниесін зерттеу пәні» негізінде жарық көрген «Түрік дүниесі» атты түрікше-өзбекше күнтізбелік альбомды қараңыз). Осыған байланысты, большевиктер Әзірбайжанда автономды үкіметті құлатқан кезде де солай істегенін, әзірбайжандар 1918 жылы 28 мамырда құрған тәуелсіз ұлттық мемлекетті Ганжаға дейін қуып шығарып, қанға батырғанын, басқа халықты да осындай жағдайға ұшыратқанын, әзірбайжандар өздерінің тәуелсіздігін жариялап, бұрынғы Кеңес Одағының құрамынан шығып, құлаған үкімет автономиясының туын қайта көтеріп, қалпына келтіргендігін айтып өтуіміз керек.
«Жас Түркістандағы» мақаланың тақырыбына оралсақ, біздің кітаптарымызда жазылғандай, РСФСР құрамына кіретін Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (1918-1924) құрылды, Астанасы Ташкент деп белгіленді. «Жас Түркістан»бұл жөнінде былай деп жазады: «Бұл суретте алғашқы ұлттық үкімет құлатылып, оның орнында құрамына түркістандықтардың бірде-бір адамы енбеген «Түркістан автономды мемлекеті» құрылды.Сонымен Түркістанда Ресей мен Мәскеу билігі қайтадан орнады, ал Түркістандағы Ресей большевиктері құлаған кеңестік Ресейдің отаршылдық саясатын қайта енгізе бастады. Түркістандағы ұлттық бірлікті жою саясаты қайталанды, түркістандық түріктерде алауыздық орын алды. Түркістан түріктері жауларының шашқан уытына тойтарыс беру үшін қажетті шараларды қабылдап, 1918 жылы мамыр айында «Түрік сөзі» деп аталатын газет шығара бастады. «Түрік сөзі» газетінің бірінші басында майлы әріптермен «Түрік балалары бірігіп, сіз де өмірден өз үлесіңізді алыңыз» деген жазу болды.Аптасына екі рет басылып шығатын бұл саяси, әлеуметтік, экономикалық және әдеби түрік газеті Түркістан түріктері бірлігін сақтау мақсатында көп іске қол жеткізді, көптеген мақалаларды басып шығарды. Жас түріктер орыс большевиктерінің«Алдымен бөлшекте, сонан соң жұт» ұранымен бастаған бөлшектік саясатқа қарсы халық алдында ойдағыдай іс атқарып жүрген адамша қадам басып, Ташкентте «Түрік ошағы» атты ұйым құрды. Бұл ұлттық ошақтың (араб тілінде марказ – Е.М.) ашылғаны жайлы «Түрік сөзі» хабар берді. «Түркістан түріктерін ұлттық ту астына жиып, оларға ұлттық рух, ұлттық идея және ұлттық тәрбие беруде; түркістанда тұратындардың барлығының түбі бір түрік екендігін ұғындырып, араларындағы түсініспеушілікті жойып, оның орнына бірлік пен махаббат, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға, түрік мәдениетіне сай ғылым мен білім, сауда-саттықты қалыптастыруда; ұлтымыздың рухани және материалдық қуатын арттыруда» деп жазды мақалада (журналдың 15-16 беттері).
Осыдан жетпіс бес жыл бұрын Ташкентте құрылған «Түрік ошағының»алдына қойған мақсатының ізгілікті, асыл іс болғандығын байқауға болады: Түркістандағы елді - өзбек, қазақ, қырғыз, түрікмен, тәжік, қарақалпақ, ұйғырлардың барлығын түбі бір түркі екендігін ұқтырып, араларына салынған алауыздықты артқа тастап, туысқан халықтарша өмір сүруге шақырды. Бұл идея бүгінгі күні де бізге аса қажет; біздіңше, Өзбекстанда құрылып жатқан ұлттық идеология ғана емес, сонымен қатар барлық тәуелсіз республикалардың – Қазақстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Қарақалпақ Автономиялық Республикасының халықтары да бұған зәру. Бейбітшілікте, бауырластықта өмір сүріп, бір - біріне қолдау көрсету – көне Түркістан жерінде пайда болған жаңа тәуелсіз республикалардың асыл арманы.
«Жас Түркістанда» газетіндегі мақалаға сәйкес, «Түрік ошағы» туралы «Түрік сөзі» газетінде мынадай өлең жарияланған:
Кўтарилди туркининг миллий байроғи,
Кўкарсин, деб Туронлининг гулбоғи!
Турон ёши! Қачонгача сончилғай,
Юрт бағриға ёт эрларнинг тирноғи?
Бу тўқайнинг ёлғиз сендек арслони,
Қолармисан тулкиларнинг қўноғи?
Билмай қолдинг... бирлашмадинг, эзилдинг,
Чоп! Кел энди, бирлаш! Билгил, ўртогим,
Очилмишдир сенга турклик ўчоғи».
(«Ёш Туркистон», 16-бет).
«Түрік сөзі» газетінің бас редакторы Темурбек Худойорхан әскери офицер болған. Бұл газетте Мұхаммед-Саид Ахрари, Туйғун сияқты жас түрікшілер белсенді жұмыс істеді. Осы кезеңде Ресейлік большевиктер өздері әртүрлі мәселелерімен айналысқандықтан, бұл жалғыз таза саяси газет болып шықты, бірақ көп ұзамай ол тоқтатылды. Одан кейін шыққан «Халық дорилфунуни» газеті саясаттан мүлдем мақрұм болды (бірінші нөмірі 1918 жылы 31 мамырда шыққан).
«Халық дорилфунуни» алдымен аптасына бір рет, кейінірек екі рет басылды. Ол Түркістан мұсылман халқының даусын жеткізуші болып саналады. Оның парағының басында «Саясаттан басқа тақырыптар бойынша мақалаларға газет есігі ашық» деген сөздер жазылған. Бұл газет халықты ағарту ісінөзінің негізгі мақсаты етіп алған. Оның «Ғылыми революция ұзақ өмір сүрсін, халық ағарту ісі жасасын!» деген ұраны болды. Газеттің саясатқа қатысы болмады, саясатта және фракцияда жаулары жоқ, бірақ надандықты өздерінің жауы ретінде таныған.Бас редакторы Мухторбек болды. Газеттің редакциясы алдымен ескі Жувадағы Морозовтар үйінде, содан кейін жаңа қаладағы (Ташкент, әрине — ЕМ.) Пушкин көшесінде болды. Дәл осы «Халық дорилфунуны» Түркістанда шыққан соңғы баспасөз үлгісі болды. Редактор Тоқтамишоғлының сол газеттің жабылуымен байланысты Түркістандағы жеке адамдар, түрлі қоғам мен ұйымдар тарапынан шығарылған, ұлттық рухқа ие болған газеттің қызметі тоқтатылды, оның орнына «Бүкіл әлем пролетарлары бірігіңдер!» деген ұранды ұстанған кеңес газеттері шыға бастады. 1918 жылдың маусым айынан бастап Түркістанда шыққан барлық газеттер ресми кеңестік баспа болып табылады (18-бет). «Жас Түркістан» журналында келтірілген бұл ақпараттан тарихи тұрғыдан мүлдем жаңа болып табылатын – Қазақстан Республикасыныңегемендік жолымен келе жатқандығын, бабаларымыз армандаған еркін өмір сүретін жауапты кезеңге аяқ басқандығын көруімізге болады. Өмірден өткен кісілер халыққа жасаған қызметі, ұлтқа сіңірген еңбегі арқылы біздің есімізде мәңгі сақталады. Қазіргі ұрпақтарымыз тәуелсіздік жолында құрбан болған ардақтыларымызды таныса, олардың идеяларын үйреніп, соны жалғастырса, өткен мен бүгінгі ұрпақтың арасында сабақтастық жалғасады. Бұл бізді болашаққа жетелейді. Біздің зиялыларымыз, ғалымдарымыз бен жазушыларымыз осы рухани, ұлттық сана көпірін салуды мақсат етті. Біздің осы зерттеу жұмысымыздың өзін құрбандарымыздың ісінің қасында ұсақ-түйек болғанымен, ұрпақтар арасындағы көпірді салуға деген ұмтылыс деп білеміз. Біздің ұранымыз, ата-бабаларымыз айтқандай: «Ұлттық сана жасасын! Санадағы надандық пен ұлтсыздық жойылсын! Ескі Түркістан жерінде өсіп келе жатқан жаңа тәуелсіз мемлекеттеріміз жасасын! Олардың мәңгілік бірлігі жасасын!».
Филология ғылымдарының доктор PhD,Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі Мадалиев Ярмухаммат Худайбергенович
Достарыңызбен бөлісу: |