· КПЖ-ні өзінің жұмысында дәрігерлер, менеджерлер (аурухананың, емхананың экономистері қолданады)
· Егер КПЖ дұрыс құрастырылған болса, медициналық көмекті жақсартуға, бағасын арзандатуға көмектеседі. · Дүние жүзінде КПЖ-нің әртүрлі типтері қолданылады
· Алға қойған мақсатқа байланысты әр типтің өзінің жетістігі мен жетіспеушілігі бар
· Жаңазеландия тобы КПЖ-нің 5 негізгі түріне анықтама берді
5. Дәлелдерге негізделген кеңейтілген нұсқау немесе жетекшілік
I тип – ең жақсы практиға негізделген КПР. Қолданылатын ем немесе зерттеу әдісі практикада анықталған, расталған туралы жүйелі түрде шығарылатын тұжырым дәрігерлерге емдеу жөнінде немесе белгілі бір оқиға жөнінде көмек береді немесе фундаментальді негізді перспективті жоспарлау үшін қажет.
II тип. Клиникалық протоколдар. Іс-әрекеттің нақты алгоритмі, сол бойынша жұмыс істеу керек. Одан ауытқу өте азғантай болуы керек. Мысалы: жүрек тоқтағандағы көрсетілетін шұғыл көмек
III тип. Консенсусқа негізделген: Әртүрлі эксперттік топтардың келісіміне негізделген. Бір ем түрін ұсыну үшін немесе бір профилактиканы басқаның орнына ұсыну үшін дәлелдер жеткіліксіз болғанда қолданылады. Бірақ бұл ұсыныстан бас тартуға болады, егер клиникалық зерттеулердің нәтижесінде нақты дәлелденген мәліметтер алынса.