Ұлттық код деген не?



бет2/2
Дата29.11.2023
өлшемі20,02 Kb.
#131254
1   2
Байланысты:
Қазақстан тарихы 10сынып Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары дидактика

Үйсіндер
Үйсіндер (б.з.б II-V ғ.)- ежелгі дәуірде Қазақстанның оңтүстігінде өмір сүрген тайпалар. Үйсіндер батысында Шу, Талас өзендерінен бастап, шығысында Тянь-Шянь тауының шығыс сілемдеріне дейінгі, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты жайлаған. Астанасы- Шығу (Чигучен- Қызыл алқап) қаласы Ыстықкөлдің жағасында орналасқан. Үйсіндер батыл әрі жауынгер халық болған. Ұрыстырда шыңдалған ондаған мың атты әскері қай кезде де жауларымен соғысуға дайын тұрған. Қуатты көршілерінің өзі оларды мойындап, құрметпен қараған. Үйсіндердің шаруашылығы аралас болған, яғни көшпелі мал шаруашылығымен де, отырықшылықпен бе айналысқан. Жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе асырған. Халықтың бір бөлігі малмен жайлауға көшкенде, қалғандары жер өңдеп, егін еккен. Тары, бидай, арпа өсірген. Көкөніс, жеміс- жилек отырғызған. Жаьайы алма, өрік, жүзім жинаған. Үйсіндерде темір қорытып, пышақ, қылыш, орақ соғатын ұсталар ағаштан немесе қыштан ыдыс-аяқ жасайтын қолөнершілер, асыл тастармен безендіріп әшекейлік бұйымдар жасайтын асқан шеберлер болған. Соның бір айғағы- үйсіндер дәуірінде жасалған алтын тәті (диадема). Ол аң, құс және адам бейнелерімен безендірілген. Бұл бейнелер неше түрлі өсімдік өрнектерімен көмкерілген. Үйсіндердің байлығы жылқымен өлшенген, байлары үйір-үйір жылқы өсірген. Ақсүйектері жібек матадан киім киген. Алтын және мыстан соғылған мөрлер ұстаған.
Қаңлылар
Қаңлылар (б.з.б II-V ғ. )- Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың бірі. Олар шығысында- Талас пен Шудың төменгі ағысы аралығындағы, оңтүстігінде- Ташкент ойпаты, солтүстігінде- Сырдарияның төменгі ағасы аралығындағы аумақта өмір сүрген. Орталығы (астанасы)- Битянь қаласы болған. Қаңлылар көне түркі тілінде сөйлеген. Қаңлылар мал бағып, суармалы егін шаруашылығымен шұғылданған. Олар, негізінен, жылқы мен қой өсірген. Танаптарда тары, арпа, бидай еккен. Қауын, қарбыз өсірген. Сырдария аңғарының тығыз тоғайларында жабайы аң - құстарды аулаған. Сонымен қатар балық аулау кәсібімен де айналысқан. Қаңлыларда қолөнер ісі жақсы дамыған. Олар темір өңдеуді де білген, одан еңбек құралдары мен қару- жарақ дайындаған. Саз балшықтан құмыралар жасаған. Қаңлылардың бекініс қалалары, қолөнер және сауда орталықтары болған. Ежелгі қаңлылардың жері арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Шетел көпестері мен жергілікті саудагерлер өздерінің бұйымдарын, азық-түлік пен тауарларын күміс және мыс теңгелерге сатқан.
Ғұндар
Ғұндар (б.з.б. III ғ.-б.з. V ғасырлары аралығында өмір сүрген) - ежелгі түркі тілдес тайпалар. Қытай жазбаларында кездесетін тарихи атауы- гунну (хунну). Олар бастапқы кезде Солтүстік Қытай, Моңғолия, Байкал өңірлерін қоныс еткен. Б.з.б III ғасырдың соңына таман ғұндар бірігіп, әскер түзеп, мемлекет құрған. Жаулау жорықтарының нәтижесінде ғұндар б.з.-дың I ғасырларында Батысқа қарай бет түзеген. Жолай көптеген тайпаларды бағындырып, һздеріне қосып алған. Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерін өздеріне қаратқан. Б.з.-дың IV ғасырында ғұндар басқа да көшпенді тайпалармен бірге оңтүстік орыс даласына жеткен. Дунайдан асып, Венгрияға дейін барып қоныстанған. Ғұн мемлекетін билеген әміршіні Үлгі:Тәңірқұт (қаған немесе шаньюй) деп атаған. Ғұндар жиырма төрт ру-тайпаға бөлінген. Ақсүйектер тайпасына осылардың тек төртеуі ғана жатқан. Шаньюйлердің барлығы - Мөде, Хуханье, Чжичжи (Шөже) және т.б ең бай ақсүйектерден шыққан. Әр ру-тайпаны рубасылар билеген. Сондай-ақ әр рудан бір-бірден түменбасылар белгіленген. Олар тәңірқұттың ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Түменбасылар қағанға бағынға. Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз өсірген. Халықтың бір бөлігі егін шаруашылығымен шұғылданып, тары, арпа еккен. Ғұндардың қалалары мен қоныстары болған. Оларда әскери іс жоғары деңгейде дамыған. Сансыз көп әскері қара, ақ, жирен, ала тұсті өте мықты аттар мінген. Қылыш және қысқа семсермен қаруланып, садақты шебер атқан. Ғұндар жыл сайын халық пен мал санағын жүргізіп отырған. Олардың өз жазулары, заңдары мен ұстанған салт-дәстүрлері болған. Ғұндарда зергерлік өнер қарқынмен дамыған. Ғұн зергерлері өз бұйымдарын, негізінен, алтыннан. Олардың алтыннан әшекей бұйым жасау шеберліктерінің шыңдалғаны сондай, қолдарынан шыққан кейбір бұйымдар бүгінгі шеберлердің ең таңдаулы туындыларымен бәсекеге түсе алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет