Ұлттық код деген не?
....Ұлттық код, біздің пайымдауымызша, әлдебір халықтың генезисін, тілі мен ділін, діні мен тарихи жадын, демек, тұтас болмысын қамтитын биосоциогенетикалық ұғым.
...Уақыт пен кеңістік аясындағы халықтың бірегейленуінің негізі – ұлттық код. Егер де өзінің болмысынан алшақтап бара жатқан халық қайтадан бірегейленуге бет түзеген жағдайда, «Енді қай жаққа бет алу керек?» деген сауалға, «Ұлттық кодқа қарай» деп нақты жауап бере аламыз, басқаша болуы мүмкін емес. Міне, тәуелсіздік алғаннан кейінгі елімізде жүргізіліп жатқан қайта қазақтанудың (реэтнизация деп атауға болатын үдеріс) бет түзер нысаны – ұлттық код. Әрбір ұлттың өзіне ғана тән ерекшеліктері мен сапалары бар. Біз өз халқымыздың тұтас болмысын, тек өзіміз өмір сүріп отырған заманымыз тұрғысынан ғана бағалай аламыз, басқаша болмайды да.
....Демек, ұлттық кодты ашу тәсілдерінің бірі – тарихи жадыны жаңғырту. Бейнелі, рәміздік түрде айтқанда, халқымыздың тарихының әрбір кезеңінде «өмір сүру», сол кеңістік пен уақыт аясында «болып қайту», сонда ғана сол заманның шынайы келбеті ашылады.
....Өткен тарихты білмей, қазіргі заман тарихын түсіну мүмкін емес екендігі белгілі жайт, басқаша айтқанда, қазіргі заман тарихын терең түсінудің алғышарты осы заманға дейінгі халқымыздың өткен өмір жолын ой елегінен қайтара өткізу. Халықтың генетикалық болмысы тек сол ұлттың өзіне ғана тән басқа халықтардан ерекшелейтін, табиғи түрде тағайындалған биоэволюцияның көрінісі, жаратылыстың бұлтартпас заңдылығы.
Л.АСҚАР, Әл-Фараби атындағы ҚаҰУ-дың философия кафедрасының доценті, Б.АТАШ, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ұстазы, философия ғылымдарының докторы
(а) «Ұлттық код» - тіркесі нені білдіретінін сипаттаңыз.
(в) «Демек, ұлттық кодты ашу тәсілдерінің бірі – тарихи жадыны жаңғырту» дегенде, автор осы пікірімен нені айтқысы келді деп ойлайсыздар? Бүгінгі сабақ тақырыбы аясында түсіндір.
(с) «Қазіргі заман тарихын терең түсінудің алғышарты осы заманға дейінгі халқымыздың өткен өмір жолын ой елегінен қайтара өткізу» деген пікірге баға бер.
Сақтар
Сақтар (б.з.б I мыңжылдық- б.з I ғ.)- қазақ жерінде өмір сүрген ежелгі тайпа. Олар Солтүстік Үндістан, Ауғаныстан, Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерлерін мекен еткен. Сақтар, негізінен, мал өсірумен айналысқан. Әсіресе, жылқы малын көптеп өсірген, өйткені жылқыны жоғары бағалаған. Сақтар ат құлағында ойнайтын шабандоз, әрі ат үстінде садақ тартып, атқанын мүлт жібермейтін мерген болған. Мұндай өнерде оларға ешкім тең келе алмаған. Олардың аттары да таң қаларлықтай жүйрік болған. Бірде парсылар патшасы сақтардың бір сарбазының астындағы атына қызығып, айырбас ретінде оған өзінің байлығын ұсынған екен. Бірақ сарбаз одан бас тартқан көрінеді. Уақыт өте келе отырықшылыққа көшкен. Жер өңдеп, егін шаруашылығымен шұғылданған . Бекіністі қалалар мен шағын елді мекендер салған. Сол бір алыс кезеңде олар өз мемлекеттерін құрған. Сақтар қоғамында әскери адамдар- жауынгерлер ерекше құрметке ие болған. Батырлығымен, мергендігімен көзге түскен адамдардың арасынан патша, көсем сайланған. Оларда әйелдер мен қыздар да ержүрек болған. Соғыс өнерін жетік біліп, еркектермен бірдей соғысқан. Мысалы, Томирис патшайым ақылы мен айласы, батырлығы арқасында парсы әскерін жеңгенін тарихтан білеміз. Сақтарда қолөнер мен зергерлік өнер жақсы дамыған. Олар әр алуан жануарларды: бұғыны, жылқыны, түйені, бұланды, барысты, тауешкіні өте шебер бейнелеген. Киімдерін жануарлар бейнесі бар алтын жапсырмалармен сәндеген. Шошақ төбелі бас киім, шекпен, шалбар және етік киген. Олар темірді қорытып, еңбек және соғыс құралдарын жасаған. Табиғат күштері мен аспан шырақтарыга, әсіресе, Күн мен отқа табынған. Көшпелі қоғамдағы тұңғыш жазу сақтарда пайда болған. Сақтардың сауатты болғанының бір айғағы- Есік қорымындағы "алтын адаммен" бірге көмілген күміс тостағанның түбіне түсірілген таңбалар. Ол - Қазақстаннан табылған ең ескі жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |