2.Қызғалдақ Туған жеріміздің табиғаты жылдың әр мезгілінде ғажап түрге енеді. Табиғат-Ана бұл өңірге бар мейрімін төгіп, байлығы мен сұлулығын жарқырата жайып салғандай. Әсіресе көктем күшіне еніп, күн шуағы молынан төккен мамыр айында қазақ даласы қызыл-жасыл кілемдей түрленіп, ерекше сұлулыққа бөленеді. Бұл даламызға керемет көрік беретін қызғалдақтар гүл ашатын кез.
Сәндік өсімдіктер арасында түрлі-түсті бояуы мен нәзік пішіні жағынан ешбір гүл қызғалдаққа тең келмейді. Ерте көктемде қар астынан жарып шығатын бәйшешектен кейін табиғатта алғаш гүлдейтін өсімдіктердің бірі. Оның маңыздылығы да осында. Біздің жерімізде өсетін жабайы қызғалдақтар қазіргі тюльфан атты мәдени өсімдіктің атасы. Яғни қызғалдақтың отаны – Қазақстан. Бұған археологиялық зертттеулердің нәтижелері, халық мәдениетінің ежелгі үлгілері куә. Мысалы, Жетісу жеріндегі сақ қорғандарынан қызғалдақ гүлі өрнектелген алтын тіліктер табылған. Қолөнер бұйымдарында да гүл пішіндес ою-өрнетер жеткілікті.
Кезінде Ұлы Жібек жолы арқылы саудагерлер Орта Азия мен қазақ жерінен қызғалдақтың пиязшықтарын Түркияға жеткізген. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда ол Германия, Ұлыбритания, Голландия елдеріне таралды. Голландық сұрыптаушылар қызғалдақтың жүздеген түрін шығарып, бүкіл Еуропада қызғалдақ саудасын қыздырды.
Қазіргі кезде ғалымдардың есебі бойынша Қазақстан жерінде қызғалдақтың 34 түрі белгілі, оның 18-і сирек кездесетін түрге жатады және Қызыл кітапқа енгізілген.
4. Архив -2025 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, осы танымал жемісті тарихымыздың символы ретінде қайта жаңғырту жөніндегі шаралар жаңаша бағыт алуға тиіс.
Айтылып өткен мәдени құндылықтарымыздың қоғам санасының тарихи жаңаруы үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып отырған жобалар толықтай жауап беретіні анық. Оның ішінде, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жетіжылдық бағдарламасын іске асыру еліміздің тарихын түгендеуге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда Елбасы нақтылап өткен «Ұлы даланың Жеті қырының» әрқайсысы әр қазақстандықтың өткеніне үңілуін, қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразысына салуын көздейді. Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өткенімізге оң көзқараспен қарауды, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлес қосса, «Ұлы даланың жеті қыры»ұлттық сананың оянуына, оның жаңа заман талаптарына сай қалыптасуына жол ашары сөзсіз. Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі халық, өткен тарихтағы әр тұлғалардың ұрпағы екендігін мақтанышпен сезінетін болады.