Мақал-мәтелдер: Жорға жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.
***
Жорға жолына тоқтар,
Жақсы жөніне тоқтар.
***
Жақсы аттың тісін ашпа,
Жақсы кіснің жасын сұрама.
***
Ат айналып қазығын табар.
***
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
***
Тұлпар түбін табады,
Жақсы адам елін табады.
***
Аттың бәрі тұлпар болмас,
Құстың бәрі сұңқар болмас.
***
Аттан айырлсаң да,
Ер-тоқымнан айырлма.
***
Арғымақ аттың баласы,
Аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы,
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
***
Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты.
***
2.Ұлы жібек жолы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Ұлы жібек жолы тарихын ерекше басымдықпен атап өтті. Өйткені қазіргі таңда Қазақстанда Жібек жолының жаңғыруының тарихи және экономикалық мәні бар. Елбасы «еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне - Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды деп жазады.
Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениетінің керемет ескерткіші, тарихи куәсі. Себебі, ол бірнеше ғасырлар бойы көптеген елдер мен халықтардың экономикасы мен мәдениетінің дамуында ерекше рөл атқарды. Б.з.д. II ғасырдан бастап іске қосылған бұл құрлықаралық күрежол XV ғасырға дейін Еуропа мен Азия арасын, яғни, Батыс пен Шығысты жалғастырған алтын көпір болды.
Осындай тарихи мәліметтерге сүйене отырып қазақ елінің қалыптасу тарихындағы Жібек жолының дамуы тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар саяси және мәдени құндылықтарының даму сатысының негізін қалағанын аңғаруға болады. Тәуелсіз Қазақстанғада рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде Жібек жолының негізгі даму концепциясының бір бөлігі болу заңдылық. Көрші Қытай мемлекеті де осы Жібек жолы маңыздылығын түсініп, «Бір белдеу — Бір жол» бағдарламасын жүзеге асыра бастады.