Ұлтты ұЛЫҚтайтын ұлы даланың жеті қыры



бет16/16
Дата17.01.2023
өлшемі77,5 Kb.
#61631
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Ұлтты ұлықтайтын Ұлы даланың жеті қыры

2.Қызғалдақ
Туған жеріміздің табиғаты жылдың әр мезгілінде ғажап түрге енеді. Табиғат-Ана бұл өңірге бар мейрімін төгіп, байлығы мен сұлулығын жарқырата жайып салғандай. Әсіресе көктем күшіне еніп, күн шуағы молынан төккен мамыр айында қазақ даласы қызыл-жасыл кілемдей түрленіп, ерекше сұлулыққа бөленеді. Бұл даламызға керемет көрік беретін қызғалдақтар гүл ашатын кез.
Сәндік өсімдіктер арасында түрлі-түсті бояуы мен нәзік пішіні жағынан ешбір гүл қызғалдаққа тең келмейді. Ерте көктемде қар астынан жарып шығатын бәйшешектен кейін табиғатта алғаш гүлдейтін өсімдіктердің бірі. Оның маңыздылығы да осында. Біздің жерімізде өсетін жабайы қызғалдақтар қазіргі тюльфан атты мәдени өсімдіктің атасы. Яғни қызғалдақтың отаны – Қазақстан. Бұған археологиялық зертттеулердің нәтижелері, халық мәдениетінің ежелгі үлгілері куә. Мысалы, Жетісу жеріндегі сақ қорғандарынан қызғалдақ гүлі өрнектелген алтын тіліктер табылған. Қолөнер бұйымдарында да гүл пішіндес ою-өрнетер жеткілікті.
Кезінде Ұлы Жібек жолы арқылы саудагерлер Орта Азия мен қазақ жерінен қызғалдақтың пиязшықтарын Түркияға жеткізген. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда ол Германия, Ұлыбритания, Голландия елдеріне таралды. Голландық сұрыптаушылар қызғалдақтың жүздеген түрін шығарып, бүкіл Еуропада қызғалдақ саудасын қыздырды.
Қазіргі кезде ғалымдардың есебі бойынша Қазақстан жерінде қызғалдақтың 34 түрі белгілі, оның 18-і сирек кездесетін түрге жатады және Қызыл кітапқа енгізілген.
4. Архив -2025
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, осы танымал жемісті тарихымыздың символы ретінде қайта жаңғырту жөніндегі шаралар жаңаша бағыт алуға тиіс.


Ай­ты­лып өткен мәдени құн­­ды­лық­тарымыздың қо­ғам сана­сының тарихи жа­ңаруы үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып отыр­ған жобалар толықтай жауап беретіні анық. Оның ішінде, ежелгі дәуірден қа­зір­гі заманға дейінгі кезең­ді қамтитын барлық отан­дық және шетелдік мұрағат­тар дү­ниесіне елеулі іргелі зерттеу­­лер жүргізу үшін «Архив – 2025» жетіжылдық бағ­дар­ла­ма­сын іске асыру елі­міз­дің тарихын түгендеуге мүм­кіндік береді.
Қорыта айтқанда Елбасы нақтылап өткен «Ұлы даланың Жеті қырының» әрқайсысы әр қазақстандықтың өткеніне үңілуін, қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразысына салуын көздейді. Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өткенімізге оң көзқараспен қарауды, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлес қосса, «Ұлы даланың жеті қыры» ұлттық сананың оянуына, оның жаңа заман талаптарына сай қалыптасуына жол ашары сөзсіз. Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі халық, өткен тарихтағы әр тұлғалардың ұрпағы екендігін мақтанышпен сезінетін болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет