Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу


Математика қазақтың қолданбалы қолөнерінде



бет4/15
Дата07.01.2022
өлшемі72,07 Kb.
#20311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР

2. 2 Математика қазақтың қолданбалы қолөнерінде
Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері тек ою - өрнек, әшекей бұйымдар мен заттар ғана емес, олар – математикалық білімнің, есептің, бұрыштар өлшемдерінің, сызбаның, т. с. с. көрінісі. Мәселен, қолөнер туындылары, оларға түсірілген ою - өрнектер геометриялық фигуралар пішінді (сызық, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, т. с. с.) болып келеді. Оларды жасауда, ою - өрнектеуде шеңберлер симметриялық, пропорциялық сияқты негізгі принциптерді басшылыққа алған.

Ою - өрнектің барлығының негізінде геометриялық ұғым элементтері бар, әсіресе, геометриялық ою - өрнектің негізі геометриялық фигуралардан тұрады, атаулары да солардың пішініне сәйкес. Ең қарапайым оюлар нүкте мен сызықтар туралы түсінік беруге, ал олардың күрделі формаға айналуының нәтижесінде пайда болған үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер, т. б. тәріздес көпбұрыштар туралы ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Қазақ жерінен табылған көне мұралардан геометриялық оюлар ромб, шаршы, тік және көлбеу үшбұрыштар мен көпбұрыштар, жұлдызша бейнелерінде кездеседі. Геометриялық оюлардың негізгі сарындары кейінгі қазақ өнерімен ұштасып “қошқар мүйіз”, “жұлдызша” оюларымен және тұс киіз, алаша, ағаштан жасалған бұйымдарды әшекейлеуде тұрақты түрде пайдаланылды.
Геометриялық фигуралар тектес:

1. Қосдөңгелек. 2. Қостұмарша. 3. Төртқұлақ. 4. Тұмарша. 5. Сүйір.
Мәселен, «Шеңбер» ою - өрнегін шеңбер туралы ұғымды қалыптастыруда қолдана отырып, өмір сүріп отырған жеріміз, күніміз, киз үй, оның шаңырағы – бәрі дөңгелек екндігін, шеңбер осыларды бейнелейтіндігін айту қажет. «Тұмарша» оюы үшбұрыш үлгілес болып келеді. Осындай тұмарлар тіл - көзден сақтау үшін үй жануарларының, бойтұмар ретінде балалардың мойнына тағылатындығы туралы әңгімелеу оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді. “Шеңбер” тақырыбында үйдің шаңырағын, 7 – сыныпта “Бұрыштар”, “Параллель түзулер” тақырыбында кереге, кереге көздерінің арасындағы бұрыштар, 8 – сыныпта “Төртбұрыштар” тақырыбына есік, киіз үйдің киіздерінің формалары, 9 – сыныпта “Аудан” тақырыбына әр түрлі қанатты киіз үйлердің ауданын табуға есептер шығартуға болады. 11 – сыныпта “Айналу денелері және көлемі” тақырыбына киіз үйдің моделін ұсынып, цилиндрдің жәене қиық конустың көлемі, бүйір беті, толық бетін табуға байланысты есептер шығартамын.

2. 3 Ұлттық құндылықтардың бірі – халықтық есептер
Мысалы: «Квадрат теңдеу» тақырыбында “Зерде” ойынында мақал-мәтелдер, даналық сөздер жұргізуге болады. Оның ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірі, яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру керек.

1. х2-11х+10=0/ х1=1; х2=10

Бір тал кессең, (он тал ек).

2. х2-8х+7=0/ х1=1; х2=7

Жеті рет өлшеп (бр рет кес).

3. х2-9х+8=0/ х1=1; х2=8

Жігіт сегіз қырлы (бір сырлы).

4. х2-70х+1200=0/ х1=7; х2=7

Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім ал)

5. х2-14х+49=0/ х1=30; х2=40

Ұлға 30 үйден, (қызға 40 үйден) тыю.

6. х2-10х+24=0/ D=4 х1=6; х2=4

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді).

7. х2-1001х+1000=0/ D=998001 х1=1; х2=1000

Білімді мыңды жығады (білекті бірді жығады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет