«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ
СӨЖ
«Ұлттық спорт түрлері» сипаттама беру.
Орындаған:Жақыпбекова А
Тексерген : ,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Семей
2021
Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату (жамбы ату), бәйге түрлерін жатқызуға болады.
Қай заманда болсын дайындығы күшті, шеберлігі мықты сарбаздар шайқаста жеңіске жетеді. Сол себепті, байырғы көшпенді бабаларымыз бейбіт күннің өзінде сарбаздардың жауынгерлік даярлығын жетілдіріп отырған. Яғни, шайқас кезінде жауынгер қолданатын әдіс-тәсілді бейбіт күндері ұлттық ойын ретінде үздіксіз дамытқан. Әрі қомақты бәйге тігіп, жауынгерлерді ынталандырған.
Мысалы, көкпарды алайық. Бұл жауынгердің ат үстіндегі ептілігі мен тақымын шынықтыратын жаттығу. Шайқас кезінде жолдасың жараланып аттан ауып барады... Оның денесін жерге түсірмей іліп алып құтқару керек. Немесе жау сарбазының тақымға басқан жарағын тартып алу қажет. Осындай жағдайда көкпар тартып шыныққан жауынгер қиналмай-ақ жеңіске жетеді.Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
Ат спортының түрлері -
аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,
байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,
ат жегу - тез арада атты дайындау,
ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,
аударыспақ - ат үстінде алысу,
жорға жарыс - жорғалар сыны,
құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,
қыз қуу,
көкпар - командалық ойын,
жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,
күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,
сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;
Ақыл-ой ойындары -шатрантаж (шахматтың бір түрі),шатраш (дойбының бір түрі), саяттаушы құстарды аңға салу,
тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,
Күрес түрлері -қазақ күресі,қатын күрес;
Жеңіл атлетика -жаяу жарыс,жігіт жарыс,қатын жарыс;
Күш өнері -балуан тас,түйе көтеру,өгіз жығу,
асық ойындары және т.б.
Ұлт ойындары ертеден-ақ жалпы этнографиялық әдет ғұрыппен бірге дамып, жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін қазақ этнографиясының бір бұтағы, ұлт ойындарының дамуы тек қоғамның өзгеруіне байланысты әлеуметтік экономикалық жағдайдың негізінде дамып отырғанына көзіміз жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |