Ұлттық тәрбие, қадір-қасиеттер-біздің асыл мұрамыз



Дата03.11.2023
өлшемі17,48 Kb.
#121497

Ұлттық тәрбие, қадір-қасиеттер-біздің асыл мұрамыз.
Халқымызыдың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы –бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттылық, әде-ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға, керек жарақтарымызды алуға тиіспіз.
Өзін қазақпын деп санаайтын әрбір жас жеткіншек қазақтығын дәлелдей алатын істермен өзгеге өнеге болуы керек.
Ұлттық қадір қасиеттер-Ұлттық сана –сезімінің өзгеге, адамагершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыпьасқан қоғамдық сананың жемісі, кісілік қасиеттер жиынтығы.
Қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді ежелден –ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған.
Ұлттық қадір –қасиеттер: әдептілік, қонақ-жайлылық, бауырмалдық, қайырылымдылық т.б.
Әдептілік, әдеп сақтау халықтың рәсімге жол-жораларға, тәртіпке құлдық етіп амалсыз бағынуы емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, дәлірек айтқанда аадамгершілік борышты сақтау болып табылады. «Әдептілік- әдемілік» дейді халық. Әдеп сақатудың психлологиялық астары терең. Әдептілік-ізеттілік, кішіпейілділік, кішілік деген сөз. Қазақ этносында атадан абалға мирас болып келе жатқан әдептілік дәстүрінің бірі –ат тергеу, кісіге қосымша ат қою.
Ат тергеу –бұл кісіні қастерлеп, оны өз айтылуында атамай құрметпен атау, оны сыйлау, құрметтеу, қадір тұту: «Ақ бөпем», «Үкім», «Тәмпіш танауым» т.б.
Балалар да жанындай жақсы көргендерін «Ақ әжем», «мырза әжем», «Аппақ апам» деп атаған.
Қазақ әйелдері қайнының, қайн сіңлілеріне ат қоюға шебер. Мәселен, «Ақ жігіт», «Сал жігіт», «Еркежан», «Шырайлым» т.б.
Қонақжайлылық. Мейман достық ата салтымызыдың ішіндегі ең бір мақтауға тұтарлық мәнді түрлерінің бірі. Қазақ мейман достығы ерекше, ата-бабаларымыз бұл жағынан алғанда да басқалардан көш ілгері тұрған. Қазақ қонақ жайлылығына негізгі себеп: Бұл қазақтың көшпелі тұрмысы. Ен далада кең жайлап отырған ауылға шаруасы жоқ адам бекерден бекер бас сұқпайды.
Қонақжайлылықтың ең үлкен белгісі-ең дәмдә тағамын, сусынын, шай –қантын қонаққа сақтағанын. Халқымыз қонақ жайлылық, мейман достық салтында дәм –тұзға ерекше мән берген. Сыйластық осы дәм татудан басталады. Мұндай дәстүрдің түрі көп. Дәм тату түрлері: ереулік, көрімдік, есік көрсету, соғым басы, үлкенге сыбаға.
Бауырмалдылық. Адамгершілік қасиеттің айрықша бір көрінісі-бауырмалдылық. «Бала ббауыр еттен жаралған, қазқтың бауырмалдылығы, баланы әлпештеуден, баланың ата –анасын құрметтеуінен байқалады.
Халқымыздың бауырмалдық сияқты атам заманан сүйегіне сіңген қасиетті үлкен әріппен құран –кәрім қағидаларымен де ұштасып жатыр. Осы қасиетті кітап адам баласының бір –біріне жат емес, баолық адамзат баласының дос, бауыр екенін айтады. Олай болса, «Ақ, қарамыз, сарымыз, дос-бауырмыз бәріміз» деп халықты нәсілге руға, жүзге бөлмей кішкентай кезден жас ұрпақты бауырмалдылыққа баулуымыз керек.
Қайырымдылық. Халық өз ұрпағына қайырымдылықты ес біле бастағаннан үйретіп, тиісті талап қою, дағыдландыру арқылы, оны тұрмыстық салтқа, адамгершілікке, дәстүрге енгізді. Қайырымдылықты кей жағдайда кедей кепшік, жарлы –жақыбайларға көмектесу, қайыр –садақа беру арқылы ұштастырған. Адам өміріндегі ең игі істің бірі-қаріп кісілерге қамқорлық көрсету.Үй ішінде үлкеннің кішіге қамқорлығы,кішінің үлкенге көмегі,баланың ата-анаға, әке-шешенің бала-шағасына мейір-шапағаты,ер азаматтың елге қызмет ету-қайырымдылықтың қайнар көзі.Халқымыз өте жоғарғы бағалаған қасиеттердің бірі-кішіпейлділік.Кішіпейлік кісіні барлық жерде сыйлаған,дәріптеген қасиеттеген,үлгі тұтқан. «Кішіпейлділік-кішілік емес кісілік,кішіпейілділік-кісілік көркі», «Ұлық болсаң кішік бол» т.б.осы сиақты нақылдар халқамыздың кішіпейілділікті қаншалықты қастерлегендігін айқын байқатады.Тәрбиелі адам тағалаған аттай өмірдің небір тайғақ қияларынан қиналмай өткен.
Халқымыздың ұлттық қадір-қасиетті жастарды әдептілікке,бауырмалдылыққа,қонақжайлылыққа,қайырымдылыққа тәрбиелейдй.Халқымыздың салт-дәстүр,әдеп-ғұрптарын бойымызға сіңіре отырып өзіндік тұрмыстық-әлеуметтік мәдени дәстүрлерін жалғастырушы-мына отырған жеткеншіктер,сендер.Ата-бабаларымыздың салған сара жолынан таймай ұлттық мәдениетіміздің өркендеуіне өз үлестеріңді қоса отырып,егеменді еліміздің жалынды жастары екендіктеріңді естен шығармай, оқуда, еңбекте табыстан табысқа жете беріңдер.
Адалдық-адамгершіліктің ең басты қағидаларының бірі.Ол ке,з келген істе,әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді,яғни ьас пайдасы үшін екінші біреудің мүддесіне нұқсан келтірмейді.АР-ұяттын жоғыры ұстайды.
Адалдық өсек-өтірікке жоламауд,біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады.Адал болу дегеніміз-жаны,жүрегі таза болу деген сөз.
Адал адам ақиқатты ардақ тұтады. Шыншылдықты сүйеді. Біреудің мүлкін, беделін, абыройын сырттай саудаламайды. Жақынын, туысын, танысын, достарын, айналасындағыларды ардақтайды. Ешқашан ешкімді сатып кетпейді.Отанына үнемі қалтқысыз адал.Әр кезде иманын қорғайды. Иманмен тиянақталған адалдықты кіршіксіз адалдық деп атайды.
Адалдық рухани тазалықтан туындайды. Жан дүниесі, рухани әлемі таза адамның әрқашан абыройы асқақ, беделі жоғары. Ол өтірік айтпайды, ұрлық істемейді, біреудің затын рұқсатсыз пайдаланбайды, зәлімдік жасамайды. Адалдық адам баласының ең тамаша қасиеттерінен саналады. Адал адамның достығы- мәңгілік.
Қазақта айналасындағыларға көмектесуге үнемі әзір, арам пиғылы жоқ, шын ниетімен ақтарылып тұратын жандарды ақкөңіл деп атайды. Олар қолында барын ешкімнен аямайды. Қазақта « Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас» деген қанатты сөз содан қалған.
Адал жанның ұйқысы тыныш, күлкісі ашық. Оған біреудің жақсылығы мен қуанышын қызғану, көре алмау сияқты қасиеттер жат. Адалдық өзінен өзі келмейді. Ол- тәрбиенің жемісі. Адал болу үшін адам жас кезінен өз жүрегін тыңдай білуі, өзін- өзі тәрбиелеуі қажет.
Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Адам баласы дамуының балаң кезінде амандасу- қолында тасы не басқадай қаруы жоқтықты көрсету үшін жасалған қауіпсіздік әрекеті, « Міне, көрдіңбе, қолында дәнеңе жоқ» деп оң қолды көтеріп сәлемдесу, « Сенбесең алақанымды ұстап көр» деп оң қолды ұсынып амандасу бейбіт ықыластың ишарасы. Оң қолды көтеру немесе оң қолды ұсыну қару ұстайтын оң қолды бос екендігін, жауластық ниетінің жоқтығын аңғартады.
Осындай ізгі ишара біртіндеп амандасу сияты тамаша әдетке, одан бірте - бірте мінез- құлық ережесіне айналған.
Қазақ халқында амандасуға айрықша мән беріледі. Әдетте кіші үлкенде, аттылы жаяуға бұрын амандасады.
Ассалаумағалейкум ( Алланы нұры жаусын!)- амандасудың кең тараған түрі (сәлем беру).
Уағаликумассалам! ( Сағанда Алланың нұры жаусын!) (Сәлем алу).
Армысыздар! Бұл амандасудың ежелгі қазақи түрі.
Сәлеметсіз бе? Амандық сұрау, сыпайы сәлем беру.
Сәлемдесу немесе сәлем беру деп кішінің үлкенге алдымен амандасуын айтады. Қатар құрбылардың бір-бірімен амандасуын да көбіне сәлемдесу дейміз.
Қол беріп амандасу шынайы ізгі ниетті білдіреді. Имандылық қағидасы бойынша қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Амандасушылар бір-бірінің көзіне тура қарап шын пейілмен, жылы жүзде амандасқандары жөн. Теріс қарап амандасу-менсінбегендіктің белгісі. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.
Төс қағыстырып амандасу-ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.
Қолдан сүйіп амандасу- әжелердің немесе апалардың жеткіншектердің, жас өспірімдердің қлоынан сүйеуі ол балаларға, жас ұрпаққа деген құрметті білдіреді. Қолдың сыртынан ғана сүйеді. Алақаннан сүюуге болмайды.
Көзден сүйіп амандасу -әжелер немесе апалар өте жақсы көретін немерелерін сағынғанда көзінен сүйіп амандасады.
Иіскеп амандасу –қариялар, ақсақалдар, кішкентай бөбектерді иіскеп амандасады. Маңдайдан сүйіп амандасу-үлкен адамадар кішкентай балалардың, жеткіншектің маңдайынан сүйіп аманадасады. Көпшілікпен амандасу. Көпшілік отырған жерге келген кісі әр қайсысына емес, жұрттың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді. Отырғандардың бірі сәлем алса, ол бәрінің сәлем алғанын білдіреді. Дастархан басында бәрімен қол алып амандасу міндетті емес.
Уәдеде тұру –адамдық қарым –қатынастардағы аса құнды қасиет. Адамға адамның сенімі сөзін бұлжытпайуыана, берген уәдесіне тұруынан қалыптасады. Сенім жоқ жерде іс оңға баспайды. Ал сенім –бірлесіп атқарылатын кез –келген істің, кез –келген шаруаның іргетасы, сондыұтан сдосыңа, туысқаныңа, танысыңа бір шаруасын ролындауға келісім береерде алыдмен ойланып алғаның абзал.
Уәдедеде тұру адамның өз өзіне сенімін артырады, өзегелердің алдында абыройын көтереді. Жұртқа қашанда сыйлы болдады. Халқымызды « Уәде-құдайдың ісі» деген мәтел бар. Ол берілген уәдені қалайда орындау керектігін меңзейді. Уәде берме, берсең өлсеңде орында. Айтқан уәдеде тұру ер жігіттің ісі. Уәдеде тұруға ұмтылу –балалардың өзін -өзі тәрбиелеуіндегі маңызды қадам. Ол адамның табандылық, жауапкершілік, өзгеге және өзіне құрмет сезімдерін қалыптастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет