Шақыру / хабарлама



бет1/3
Дата22.12.2023
өлшемі181,65 Kb.
#142769
  1   2   3
Байланысты:
SHakyru






ШАҚЫРУ / ХАБАРЛАМА


Тасқала аудандық сотына талап қоюшы Қапсих Айдар Тлекұлы жауапкер Тлюупова Айнұр Ергалейқызы келтірілген талап қою арызы келіп түсті.


Соттың талап қою арызын қабылдауға және азаматтық істі қозғағанға дейін,Сізді Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Құрманғалиева 3А, мекенжайы бойынша немесе ұялы бейнебайланыс арқылы сағат 9-00ге сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, сотта татуластырушы судья жүргізетін татуластыру рәсіміне қатысуға шақырамыз.


Сіздің:
1) бітімгершілік келісім
2) медиациялық келісім
3) партисипативтік келісім жасауға құқығыңыз бар.


Сіз тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетілетін, сотқа дейінгі хаттама жасауға құқылысыз.
Іс қозғалғанға дейін сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, татуластыру рәсіміне қатысу:
1) қарым-қатынасты сақтауға
2) моральдық және материалдық шығындарды барынша азайтуға
3) дәлелдемелер және дәлелдермен алмасуға
2) сот талқылауының күтілетін нәтижесін болжауға
4) дау бойынша ымыраға келуге
6) жанжалды тудырмай, дау-дамайды тоқтатуға мүмкіндіктер береді.

Сіз сотқа қатыспай 15.12.2022 жылына дейін бітімгершілік рәсімінің шеңберінде медиатордың, адвокаттың, нотариустың қатысуымен келісім жасауға, сондай-ақ сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, дауды шешуге құқылысыз.
Келісімді соттың бекітуі талап етілмейді. Тек тараптар мен татуласу рәсімін жүргізуге құқығы бар адамдардың қол қойған келісімімен, сондай-ақ сотқа дейінгі хаттама жасалған жағдайда, талап қою арызын қайтарып алу туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату, талап қою арызын қараусыз қалдыру туралы талап қоюшының арыз беруі жеткілікті.
Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды. Сотта істі қарауға дейін жасалған Келісім тараптардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәміле Тұлғалар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде оны ерікті түрде орындауы тиіс.


Қосымша: сотқа дейінгі хаттама




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет