Ұлттық ТƏрбие бас редактор с. Ж. Пірəлиев



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#6956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармашылық жинағы. – Алматы: «Өнер», 
2010. 
2. Нұршайықов  Ə. «Ақиқат пен аңыз», – Алматы: «Жазушы», 2009.
3. «Аты аңызға айналған», – Алматы: «Тоғанай Т», 2010.
4. «Жұлдыздар отбасы» журналының «Аңыз адам сериясы», №9, 2010 ж, Алматы.
Резюме
В статье  описывается  личность  Бауыржана Момышулы  как национального героя, его богатый 
духовный мир, любовь к  своему народу, его истории, культуре, языку и литературе. Рекомендует-
ся использовать личностные качества Б.Момышулы для духовного и патриотического воспитания  
молодежи.
Summary
 In this article Baurzhan Momyshuly’s personality is described as a national hero, his rich spiritual world, 
love to his people, his history, culture, language and literature. It is recommended to use Momyshuly’s 
personal qualities for spiritual and patriotic upbringing of youth.

11
C
M
Y
K
САЛТ-ДƏСТҮР 
С.Ғаббасов – 
                     Медицина жəне  Педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор, жазушы-дəрiгер, фантаст, 
     Махамбет сыйлығының лауреаты
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ АЛУАН ТҮРЛІ ТАҒЫЛЫМДАРЫМЕН 
ҰШТАСЫП, УАҚЫТ ТЕЗІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ДƏСТҮР-САЛТТАРДЫҢ 
ТƏРБИЕЛІК МƏНІ
Жалпы,  адамзат  қауымы  өзінің 
қоғамдық  дамуының  əр  кезеңдерінде, 
тəлімі  мен  тəртібі  үшін  пайдаланған 
тəрбие  тəсілдерін  жетілдірумен  қоса, 
тұрақты  зандылықтарға  айналдырған 
дəстүр-салттарының  түрлері  де  жетіп 
жатыр.  Олар:  халықтық - тайпалық - 
рулық  болып  дəстүрдің  ортақ  үлгілерін 
көрсетумен  бірге,  отбасылық  жəне 
туысқандық  ережелер  арқылы  оны  аса 
үлкен нақтылыққа дейін жіктей де алған. 
Осыған  орай,  дəстүр-салттың  жақсысы 
да,  жаманы  да,  ескісі  де,  жаңасы  да 
бар  екені,  сонау  əлім-сақтан  бері  қарай 
жалғасып  жатыр.  Сондықтан  да,  халық 
педагогикасы 
мен 
психологиясын 
ғылыми  пəн  ретінде  жүргізгенде,  оның 
осы диалектикалық көріністерін аса ше-
бер  пайдаланған  жөн.  Олай  болса,  жал-
пы дəстүр дегеніміздің өзі не? Ең əуелі, 
осыған жауап іздеп көрелік.
Ата-баба  дəстүрі.  Ежелден  белгілі 
əмбебап 
түсіндірме 
сөздіктерде: 
"Дəстүр  дегеніміз – жалпы  ұлт  па, 
ұлыс  па,  қауым  болып  қабылдаған 
тəртіптің  түрлері  мен  қоғамдық 
ережелердің    жиынтығы"  –  дейтін 
анықтама  береді.  Былайша  айтқанда, 
кез-келген  елдің  дəстүр-салттары,  өз 
замандарындағы  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынастарды  реттейтін,  сол 
елдің Ата заңдары десек те артық емес.
Осыған 
орай, 
сан 
ғасырлардан 
бері 
ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғастыра 
жасаған,  Қазақ  халқының  да,  өзіне 
тəн  өркениеттері  мен  басқаға  ұқсамас 
ұлттық дəстүр-салттары бар. Олардың əр 
түрлі тұрмыс-тіршіліктерге байланысты 
қолданылған сипаттары да толып жатыр. 
Оның  түрлерін  жеке-жеке  санамалап 
шығу, тіпті де мүмкін емес. Олай етудің 
қажеттілігі де шамалы?! Сондықтан, тек 
халықтық тəлім-тəрбиемізге ерекше əсері 
бар  дəстүрлерді  ғана  саралап  жəне  оны 
үш сала топқа бөліп, ғылыми жүйелеп 
қарастыруды  жөн  көрдік.  Оның  үстіне 
осы  үш  сала  дəстүрлер  тобы  қазақтың 
халық 
педагогикасының 
ұлттық 
ерекшеліктерін де жəне оның өзгелерден 
келетін көшірмелерге көне де бермейтін 
тектілігін де қалыптастырады. Ендеше, 
осынау үш сала топқа көңіл аударалық:
І.  Халқымыздың    т  е  г  і  н    сақтауды 
жəне  А т а дəстүріміз болып саналатын  
"Жеті атаға дейін қыз алыспау"  сал-
тына мəн береміз.
2.  Еш  халыққа  ұқсамайтын  өз 
ерекшелігі бар "туысқандық" дəстүр. 
3.  Шаңырақ  көтеруге  əзірлік  жəне 
"Отбасын құру"  зандылықтары.
Осы 
айтылған 
дəстүр-
салттарымыздың үш сала тобының бір-
бірімен  өзара  тығыз  байланыстылығы 
да,  басқа  ешбір  елдің  салттарында 
кездеспейтін,  тек  өзімізге  ғана  тəн  аса 
құнды  ұлттық  ерекшеліктеріміз  болып 
табылады.  Мұның  ең  басты  себебі,  Ата 
дəстүріміз болып табылатын "Жеті атаға 
дейін қыз алыспау" салтының құдіретінде 
жатса, оның үстіне, бұл дəстүрдің басқа 
халықтарда  жоқ  екендгін  де  анық  етіп 
айтатын мезгіл жеткен сияқты.

12
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
1. «Жеті атаға дейін қыз алыспау» 
деген не?
Қазақ  халқының    Ата  дəстүрі  болып 
саналатын  "Жеті  атаға  дейін  қыз  алы-
спау" салтының бүкіл  ділімізге /мента-
литет/ тигізер əсері бөлек. Халқымыздың 
тəлімі мен тəрбиесінде ерекше орны бар. 
Ежелден  келе  жатқан  ескі  жұртымыз 
бұл дəстүрді, сонау Қорқыт пен Фараби 
замандарынан  қалыптастыра  бастаған 
екен.  Ендеше,  еліміз  бұл  дəстүрді 
ұстанғанына  да    он    екі    /12/  ғасырдай 
уақыт өтіпті. Сонда, осыншама ерекше-
леп  Ата  дəстүрге  балап  отырған – бұл 
"жеті атаға дейін қыз алыспау" дəстүрінің 
құндылығы  неде?  Оның  өміршеңдігін 
нендей  қасиеттерімен  түсіндіруге  бола-
ды?..
Осы  сауалдарға  ғылыми  дəлелденген 
негіздерде жауап беру үшін, ең əуелі са-
лыстырмалы түрде, кешегі XIX ғасырдың 
бастапқы  кезінде  аса  үлкен  жаңалық 
ретінде танылған  Дарвинизм ілімін еске 
алуға тура келеді. Бұдан да анығырақ етіп 
айтқанда, осы  ілімнің ең ұлы жаңалығы 
болып табылатын "табиғи сұрыптау" мен 
"Ата  дəстүріміздің"  тікелей  тамырла-
сып жатқанын ашып айтқан жөн. Оның 
үстіне, бұл дəстүр заты мен тегі басқа ел-
дер  түгіл,  туыстас  болып  келетін  Түркі  
халықтарында да қолданылмайды екен.
Дарвиннің 
аты 
шулы 
"табиғи 
сұрыптау"  дейтін  Ұлы  жаңалығын 
Қазақ  халқы  он  екі  ғасыр  бұрын  өзінің 
тіршілік салтындағы ең аяулы дəстүріне 
айналдырып  үлгеріпті.  Бұл  не  деген 
сөз? – десек,  Адам  баласы  қазір  дəнді 
дақылдарды,  малды  қалай  сұрыптауды, 
олардың  тұқымдарын  қайтіп  асыл-
дандыруды  біледі,  бірақ,  ол  өзінің 
болашақ ұрпағының табиғи сұрыпталуы 
тікелей  осы  "жеті  атаға  дейін  қыз  алы-
спау"  салтымен  байланысты  екенін  көп 
жағдайларда  түсіне  бермейді.  Адамзат 
əзірге  өз  тегіне  өзі  түкірумен  келеді?! 
Міне,  бұған  таңданбасқа,  таңырқай 
тұрып,  ойланбасқа  бола  ма?  Халқымыз 
осынау  ұзақ  жылдарда  мың  өліп,  мың 
тіріле жүріп, Ата дəстүріне балаған бұл 
салтын  көзінің қарашығындай сақтаумен 
қоса,  еш  бұлжытай  ұстанғандығының 
да  дəлелі  көп.  Мəселен,  иісі  қазақ 
жұртына белгілі Шəкəрімнің "Қалқаман 
–  Мамыр"  дастанының  мазмұны  да, 
осы  дəстүрді  бұзғандардың  тағдыры 
болатын.  Ұрпағының  келешегі  үшін 
халық бүгінгі аяулысына да кешірім ете 
алмағанын  баяндайды.  Өйткені,  тегіңді 
бұзар  жамандықтан  бетер,  лаңның  жоқ 
екендігін олар түсінген тəрізді.
2. Туысқандық дəстүр
Қазақ  елі  өзінің  осы  Ата  дəстүрінің 
арқасында 
басқа 
халықтардың 
туысқандық  дəстүрлері – қарға  адым 
болса,  былайша  айтқанда,  немерелер-
ден  аспай-ақ  үйлене  беретіндіктерін 
ескерсек, қазақтың жеті атасына дейінгі 
ұрпақтары  қандарын  араластыруға  бол-
майтын  туыстары  ретінде  саналады. 
Олай болса,  халқымыздың туысқандық 
дəстүрі тікелей "жеті атаға дейін қыз алы-
спау"  дəстүрінен  шығып  тұр.  Осының 
бірден-бір  дəлеліндей: - "Жеті  атасын 
білген ұл, жеті ру елдің қамын ойлайды"  
дейтін  мақал  өзінің  құндылығын  осы 
күнге  дейін  сақтап  келді.  Туысқандық 
дəстүрлерге жататын Ата жұрт – Нағашы 
жұрт – Қайын  жұрттардың  да  жеті 
буынға дейін есептелетінін есте ұстаған 
жөн. Ендеше, анау бір күлкілі  əзілде ай-
тылатын: "Ғарышқа ұшқан қазақ, Айдан 
да өзінің туысын  іздейді" дейтін сөз бе-
кер айтылмаса керек.
3. Отбасылық дəстүр.
Шаңырақ  көтеріп,  отбасын  құру – 
күллі  адамзаттық  дəстүр екені белгілі. 
Бірақ, жер бетінде қаншама  халық  болса, 
бұл дəстүрдің сипаттары да соншама мол, 
алуан  түрлі  ерекшеліктерімен  ауысып 

13
C
M
Y
K
САЛТ-ДƏСТҮР
жататыны да өмір шындығы. Өйткені, əр 
халық  өзінің  семья  құру  қуаныштарын 
ата-баба  дəстүрлеріне  лайықтап,  өзге 
жұртқа  ұқсатпай  өздерінше  қызықтауға 
тырысады.  Басқа  жұртқа  ұқсамаудың 
төркіні, 
олардың 
ғасырлар 
бойы 
қалыптастырған тұрмыс-салттарындағы 
ерекшеліктері мен өзіндік психологияла-
рында жатса керек.
Қазақ  халқы  да  ежелден  келе  жатқан 
дəстүрінің  үлгісімен,  атап  айтқанда, 
"жеті  атаға  дейін  қыз  алыспау"  сал-
тына  орай,  құдандаласу  жолымен  ше-
шуге  тырысатыны  анық.  Бірақ,  қазіргі 
өмір  ағымдарына  байланысты  жəне 
ұзақ  жылдар  басқа  елдің  отарлауында 
болғандықтан,  халқымыздың  тəрбие-
тағылымдарында аса ауыр өзгерістердің 
бар екендігін айтқан жөн. Олай болса, сол 
Ата дəстүрлеріміздің бүгінгі көріністері 
қандай?  Олардың  несі  қалып,  нендей 
өзгерістерге ұшырады?
Егер ағымыздан жарылып адалдығын 
айтатын 
болсақ, 
бодандықпен 
қалыптасып  қалған  жат  дəстүрлердің 
үстемдік  алып  тұрғанын    несіне    жа-
сырамыз?!  Тұрмысымызға  орнығып 
алған  арақ  ішіп,  карта  ойнау,  шылым 
шегіп,  наша  тарту  тəрізді  жексұрын 
қадеттер,  тіпті  онан  басқа  да,  адамның 
ақыл-есі  мен  кісілік  тектеріне  құрт 
түсіретін құмарлықтардан да ұрпағымыз 
азып,  халқымыздың  генефоны  тозып 
бара  жатқанын  ел  болып  ойланатын 
мезгіл  жетті.  Жаңағы  сырттан  келген 
дəстүрлердің  əсерімен    уланып  дерт-
ке  шалдыққан  ұрықтан  ұрпағымыздың 
бір парасы – анасының құрсағында өліп 
жатса,  екінші  парасы  қол-аяқтары  сал 
болып,  ессіз  күйде  туып  жатса,  үшінші 
парасы  дені  сау  туды  десек  те,  зер-
де  мен  зейіндері  сапасыз  екені,  бүгінгі 
өмір-тіршілігіміздің  шындығы.  Міне 
осындай,  қазіргі  отбасы  салтындағы 
тікелей  келешек  ұрпағымызға  байла-
нысты  мəселені  сөз  еткенде,  тағы  да 
сыңар  езу  біржақтылыққа  ден  қойып, 
жоғарыда айтылған  ауыр дерттерді тек 
сыртқы ортаның бұзылуынан ғана көру, 
айналамыздағы экологиялық  лаңдардың 
əсері деу, тіпті де өмір шындығы емес?! 
Əрине,  адам  тіршілігіне  экологиялық 
зардаптың  əсері  көп.  Сөйтсе  де,  қазіргі 
асқынып  тұрған  ұрпағымыздың  дерті, 
ең  əуелі  ұрық  тазалығын  сақтауға                    
тырыспайтын,  бүгінгі  отбасындағы 
халықтық  дəстүріміздің  бұзылуынан 
екені  анық.  Ал,  жалпы  халқымыздың 
тегін  қадағалау,  тіпті,  арың  ашынатын-
дай  тым  қағаберістеу  қалып,  жүйелі 
түрде 
бүгінгі 
білім 
ошақтарында 
оқытылмайтыны  бəрімізге  де  аян. 
Сондықтан  да,  бұл  жайында  тарата  ай-
тып, кеңірек толғануды жөн көрдік.
4. Халықтың тегі.
Жұмыр жердің үстінде тіршілік ететін 
неше  мыңдаған  халық  бар.  Солардың 
барлығы  да,  өздерінің  тегін  білуге 
халықтық генефонын қалыптастыратын, 
табиғи күш-қуаттың негізін түсінуге ты-
рысады. Өйткені, өз тегінің қайнар көзін 
білген  халық  қана  өмір-тіршілігіндегі 
қиыншылықтардан  жасқанбай,  теңдесі 
жоқ  аса  күрделі  мақсаттарға  қол  соза 
алады.  Ендеше,  кез-келген  халықтың 
тегін  қалай  анықтауға  болады?  Жал-
пы,  халықтық  тек  дегеніміз  не?  Бұл 
мақсатты  орындау  үшін  ең  əуелі,  кез-
келген халықтың  үш  таған қасиеттерін 
білген жөн. Олар :
1. Халықтың – Ата  дəстүрі.
2. Халықтың – Сөз  өнері.
3. Халықтың – Ой өрнектері.
Міне, осындай үш  таған  қасиеттерін 
ажырата  анықтап  алғаннан  кейін 
ғана,  сол  зерделей  зерттеп  отырған 
халықтың  тегіне  сыналай  суыртпақтап, 
ой жүгіртуге мүмкіндік туады. Өйткені, 
халықтық тек бүкіл адамзат қауымының 
да, іштей түлейтін қуаттарының қайнар 
көзі болып табылады. Ал енді, əңгіменің 
арқауын  нақты  деректермен  дəлелдеп, 

14
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
өз  халқымыздың  тектік  сипаттарына 
бұрсақ,  ең  əуелі  бірінші  таған  жайына 
аз-кем тоқталудан бастамақпыз.
Бұл жайында жоғарыда бірсыпыра сөз 
қозғаған едік. 
Ата  дəстүр.   (1-ші  Таған)  Енді 
соған  сілтеме  жасай  отырып,  соңғы 
ғасырлардағы отарлау саясатының теріс 
ықпалдарына  тоқталу  қажет  сияқты. 
Əсіресе,  кешегі  дінімізден  бездіріп, 
ділімізді  тоздыруға  айналған  "қызыл  
империя" – өзінің  мақсатты  идеология-
сымен,  жұртымыздың  ерекшеліктерін 
түп-тамырымен  құртып  жіберуге  аз-ақ 
қалған  еді.  Бұл  апаттан  құтқарған  сол 
империяның іштей ыдырап  құлауы бо-
латын. Біздің Ата дəстүріміз "жеті атаға 
дейін  қыз  алыспау" – адам  баласының 
тегін асылдандырар құбылыс екенін біле  
тұра, мектептерде дарвинизм ілімін жан-
жақты талдай жүргізіп жатса да, одан 12 
ғасырдай бұрын бір халықтың дəстүріне 
айналып, тұрмысына сіңген, осынау аса 
маңызды  ғылыми  жаңалықтың  табиғи 
мысалын  ашып-жарып  айтуға  дəттері 
шыдамады.  Өйткені,  бұл – дүниені  дүр 
сілкіндірген  жаңа  ғылым.  Генетика 
ілімінің  де  алтын  қазығы  болып  сана-
латын  адамдық  текті  асылдандыратын 
құдірет  еді.  Сондықтан  да,  біздер  бұл 
құбылысты халықтың тегін анықтайтын 
ең негізгі таған ретінде ұсынып отырмыз. 
Оның  мысалдарын  биология,  зоология, 
ботаника  пəндерінен  көптеп  келтіруге 
болады.  Оны  оқушылардың  өздеріне 
тапсырамыз.
Ал  енді, халықтың  тегін  анықтайтын 
екінші  тағанды  ата-бабамыз: Сөз  өнері. 
(2-ші Таған) " Өнер алды – қызыл  тіл" деп 
түсінген. Тіл өнерінің  құдіретін – басқа 
еш  өнермен  теңдестірмеген.  Сондықтан 
да,  халқымыз  əр  сөзінің  мəні  мен 
мəнеріне  ерекше  көңіл  аударып,  шешен 
де  мағыналы  сөйлеуді  үнемі  жетілдіріп 
отырған.  Сөз  қадірін  түсінбейтіндерге 
"тексіз неме" –  деп, ауыр болса да ашық 
айтудан  жасқанбаған.  Ендеше,  осы 
айтылған  тұжырымдардың  жанды  мы-
салдары  ретінде,  өзіміздің  күнделікті 
қолданып 
жүрген 
сөздеріміздегі 
образдылықтың  табиғи  мəнін  ашып 
көрелік.  Мəселен,  тас – тау–  жер – күн 
– кен – мұнай – тіс – темірқазық – деп, 
түбірі  тұтас  сөздерді айта берсе толып 
жатыр.  Байқасаңыздар,  осы  сөздердің 
əрқайсысында  да  тек  терең  логикаға 
ғана  бағынған,  заттардың  аса  құнды 
мазмұндары  бар.  Енді,  осы  сөздердің 
біреуін ғана алып, оның табиғи  мазмұны 
мен мəніне талдау жасалық.
Мысалы, 
аспанның 
солтүстік 
етегінде 
бір 
орнынан 
қозғалмай 
тұратын  жұлдызды  жұртымыз  ежел-
ден  бері  «Темірқазық»  деп  атайтыны 
белгілі.  Ал,  осы  атауға  сол  жұлдыздың 
бүкіл 
космологиялық 
мəні 
мен 
мазмұнын 
сыйдырғанына 
қалайша 
таңырқамассың?! Оның атауын я алтын, 
я күміс пен  қола демей, тек Темірқазық 
атандыруында  ғажайып  терең  сыр 
жатқан  жоқ  па?  Осыған  өздеріңіз  де  ой 
жүгіртіп байқаңыздаршы? Бүгінгі космо-
логия  ілімінің  дəлелдеп  отырғанындай, 
Темірқазық  жұлдызы  уақытқа  да, 
кеңістікке  де  өз  ықпалын  тигізіп,  бір 
орында  тұруы  қаққан  қазықпен  салы-
стырылса, ал оның жер беті түгіл бүкіл 
күн жүйесіндегі магниттілікті, тек өзіне 
қарата байлап қоятын қасиеті жалғыз-ақ 
Темірге тəн сипат екені белгілі. Мінеки, 
осынау таңғажайып күрделі құбылысты 
бір  ғана  сөзге  сыйдырып,  халқымыз 
əлімсақтан  бері  қарай  қолданып  келеді. 
Өйткені, ұланбайтақ даланы мекен еткен 
көшпенділер  барар  жеріне  атқан  оқтай 
төте  жүріп,  бағытынан  жаңылып,  ада-
су  дегенді  білмеген.  Себебі,  олар  бүкіл 
аспанды  компас  ретінде,  ал  Темірқазық 
жұлдызын – соның  магнитті  тіліндей 
пайдаланған. Далалықтарға аспан ашық 
болса, жеті қараңғы түнің де қорқынышты 
емес. Жалпы, аспан шырақтарымен қазақ 
халқы өзінше тілдесіп, өздерінше түйген 
ойлары көп. Əрине, бұл өз алдына жеке 

15
C
M
Y
K
САЛТ-ДƏСТҮР
əңгіме?!  Болашақта  халқымыз  рухани 
игілігі мол, осынау мəдени байлықтарын 
да  игеретіндігіне сенім мол.
  Ой  өрнегі.  Халық  өзінің  тегін 
аңғартар 
ой-өрнектерін 
ұрпағына 
қалдырған  да,  тіршілік  тəлімдерін 
тұжырымдама  ретінде  түйіп  тастап 
отырған.  Мұндай  ой  түйіндері  мақал-
мəтелге де, не пəлсапалық   ой толғауларға 
да  ұқсамайтын  болған.  Тіпті,  кейбір 
елдерде  де,  күрмеуі  күрделі  толғамды 
тұжырымдар  айтыла  да  бермейді.  Мы-
салы, өзге жұрттарда кездесе бермейтін 
тек  қазақ  халқының  сөз  саптауларында 
ғана айтылатын  мынандай тұжырымдар 
бар. "Алып  анадан – туады"  немесе 
"Он  сегіз  мың  ғаламды  бір  тарының 
қауызына сыйдырған", я болмаса " Көз – 
қорқақ, қол – батыр", тағы да "Малым – 
жанымның садағасы, Жаным – арымның 
садағасы" – дейтін  аса  терең  түйінді 
ұғымдарды  айта  берсе  толып  жатыр. 
Оның  үстіне,  осы  тектес  ой  өрнектерін 
бір  естісең  қайыра  ұмытылмайтыны 
да,  оның  түйіп  айтқан  түсініктерінің 
өміршеңдіктерін  байқатса  керек.  Енде-
ше,  осынау  айтылған  тұжырымдардың 
ішкі мəніне ой жүгіртіп көрелік.
Мəселен, "Он  сегіз  мың  ғаламды  бір 
тарының қауызына сыйдырған" – дейтін 
тұжырымның    мəні  мен  мазмұны  нен-
дей  күрделі  күрмеулерді  меңзеп  тұр? 
Халық  даналығы  ұрпағына  не  айтқысы 
келеді?  Алайда,  осы  тұжырымның  ішкі 
түйіндерін  тарата  шешіп,  айтылмақшы 
ойдың  логикалық  жүйесін  аша  келе, 
оның  меңзеп  отырған  құбылыстарына 
таңдай қағып таңырқамау тіпті де мүмкін 
емес. Мұндағы бейнелеп айтылатын "бір 
тарының қауызы" дегені, адам ұрығының 
дəні ғой. Шынында да, оның көлемі та-
рыдан кіші болмаса, тіпті де үлкен емес! 
Міне,  осы  ұрықтық  клетка  бірте-бірте 
дами  жетіліп,  ана  құрсағындағы  тоғыз 
айдың ішінде бүкіл жер бетінде тіршілік 
ететін "он сегіз мың ғаламның" түрі мен 
сипаттарын қайталап қана қоймай, оған 
кеткен 500 миллион  жылды  да  тоғыз-
ақ айға сыйдырып отыр. Бұл əрине, тек 
табиғат  шебердің  ғана  қолынан  келер 
құдірет екені белгілі. Ал, осы тылсымның 
түйінін бір ауыз сөзге сыйдырып айтудың 
өзі  де,  ата-бабамыздың  негізіне  тартқан 
тектілігі  емей  не?!  Ары  қарай  өздеріңіз 
де тереңдете берулеріңізге болады.
Олай болса, осынау Ана құрсағындағы 
тоғыз  ай  адам  ғұмырының  ең  ұзақ 
мерзімі болумен қоса, адам тəрбиесінің де 
тегінен тарта тамыр алатын бастауының 
өзі  екенін  түсінетін  уақыт  жетті.  Осы 
кезге  дейін  мұны  ұрпақ  тəрбиесінде 
ескермей келуіміз ендігі жерде кешіруге 
келмейтін күнə екенін ашық айтқан жөн. 
Оның үстіне, бұл  –  ата-баба өсиеті ғой.
Ал,  келесі  сөз  еткелі  отырған  екінші 
тұжырымдама тіпті, бүкіл бір халықтың 
əлеуметтік  сипаты  мен  психологиясы-
на ықпал еткенін толып жатқан өмірлік 
деректермен  дəлелдеуге  болады.  Оны 
халық даналығы қысқаша "Көз – қорқақ, 
қол – батыр" – деп,  ұрпақтарына  өсиет 
қалдырыпты.  Өзінің  өткен  тарихтарын-
да  мың  өліп  мың  тірілген  Қазақ  халқы, 
осы  тұжырымды  қаншама  қайталады 
десеңізші?!  Тіпті,  бет  қаратпас  зама-
на  дауылдарынан  елімізді  аман-есен 
алып  шыққан  да,  осынау  рухы  биік 
ой  өрнегінің  құдіреті  екенін  алаштың 
əрбір азаматы біледі. Сөз орайына қарай 
айтсақ,  Жандары  қысылып  тіршілігі 
тұйыққа  тірелгенде: - "Ой-й    бəле-е-ай, 
көз – қорқақ,  қол – батыр  емес  пе  еді" 
–  деп,  қай  қазақтың  баласы  айтпайды 
екен.
Осы тектес мысалды, бірақ өздерінше 
айтқан  ой  өрнегінің  əсерін  Қытай 
халқының  ойшыл  демократы  Сунь-
Ят-Сеннің  де  еңбегінен  кездестіреміз. 
Ол  тікелей  өзінің  өмір  тəжірибесінен 
келтіріп: - "Тіршілік  айдынында – адам 
психологиясымен  шендесе  де,  теңдесе 
де  алар  күш  жоқ!  Əсіресе,  психиканың 
қатпарларына сіңісіп кеткен тұжырымдар, 
бүкіл бір халықтың жігері мен еркін би-

16
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
леумен қоса, оны өз дегеніне көндірмей 
қоймайды 
екен. 
Мысалы, 
Қытай 
халқының психологиясына сіңген "Ұғу – 
оңай, істеу – қиын" – дейтін Конфуцийдің 
тұжырымдамасымен  ондаған  жылдар 
бойы үзіліссіз күрес жүргізуге тура келді. 
Тіпті,  бұл  тұжырымды  партиямыздың 
бағдарламасына  керісінше  жазып  "Ұғу 
–  қиын,  істеу – оңай" – деп,  ғылыми 
негіздермен  дəлелдеп,  ұзақ  уақыт  үгіт 
жүргізілді.  Себебі,  ескі  тұжырымға 
бой  алдырып  қалған  жұрт,  нақтылы 
іс-əрекеттерге  бірден  кірісіп  кете  ал-
май,  жаңа  іске  тайсақтай  беретінін 
көзімізбен  көрдік.  Сондықтан  да,  бұл 
жайында  оларға  түсіндіргенде,  көбінесе 
тұрмыста 
кездесетін 
қарапайым 
мысалдарға  жүгінуге  мəжбүр  болдық. 
Мəселен,  нанның  құрамында  не  бар 
екенін білмесек те, оны ойланбай-ақ жей 
беретіндігімізді түсіндірдік. Міне, осын-
дай  дəлелдермен,  керісінше  айтылған 
жаңа  тұжырымдаманы  өмірге  енгізуге 
əрекеттендік.  Халық  санасындағы  ескі 
өсиетнамалардың  қуат-күші  осындай" 
–  деп,  ойын  қорытындылайды. /Сунь-
Ятсен, Избр.произ., М. 1985/.
  Түйін.  Халықтың    тегі  мен    ділін 
анықтауға  көмектесетін  дəстүр-салты, 
сөз  өнері,  ой  өрнегі  тəрізді  үш  таған 
қасиеттерін  зерделеу  арқылы,  кез-
келген 
халықтың 
генефонындағы 
ерекшеліктерді  танып  білуге  бола-
ды  екен.  Ең  əуелі,  мұндай  білім    қай 
халықтың  болмасын  өзі  үшін  керек. 
Себебі, тегі мен ділін түсінген халықтың 
ұрпағы 
қандай 
қиыншылықтарға 
да  төзе  біліп,  өзінің  алдына  қойған 
мақсаттарына жетпей қоймайды. Мұның 
өзі  түптеп  келгенде,  адам  тəрбиесі  мен 
тағылымы – ата-баба  зердесімен  тығыз 
байланысты  екенін  аңғартса  керек.  Ен-
деше, осы айтылған үш таған қасиеттер 
өмір-тіршілігіміздің қазіргі жағдайында, 
нендей  өзгерістерге  ұшырап  отыр  де-
сек?  Бүгінгі  ұрпақ,  олардың  мəні  мен  
маңызына    түсінбейтіндіктен  мүлдем 
жойылып  кетпесе  де,  тым  көмескіленіп 
бара  жатқаны  шындық.  Бодандықтың 
бұйдасына маталып, өзінің ұлттық тари-
хы мен халықтық тағылымынан мүлдем 
айрылып  қала  жаздаған  жұртымыз, 
бірте-бірте  мəңгүрттене  бастағанын 
несіне жасырамыз? Осы айтқанымыздың 
айқын  мысалындай,  өзінің  ана  тілін 
түсінбейтін дүбəра топ, ұлтымыздың 40 
пайызын  құрап  отырса,  бұларға  елінің 
дəстүр-салты  да  ой    өрнегі  түгіл,  сөз 
өнері де ешқандай қажеті жоқ тəрізденіп 
көрінеді. Олар қателесті екен деп, халық 
өзінің  келешек  ұрпағының  тағдырына 
тіпті  де  бейтарап  қарай  алмайды. 
Сондықтан  да,  халқының  ғасырлар 
бойы  жасаған  рухани  байлықтарын 
түсінетін  егде  буынның  алдындағы  па-
рызы,  халық  педагогикасының  өткенін 
жандырып,  өркенін  орнына  келтіруі  ке-
рек. Егер де, ұлтымыздың діліне төнген 
бұл  қатерді  ата-баба  тағылымдарын 
білетін  осы  буын  жөндемесе,  бүгінгі 
өмірімізде  орын  алып  отырған  керағар 
мəселелер  онан  бетер  асқынып  кет-
пек.  Ендеше,  халқымыздың  алдында 
тұрған ауыр да асыл міндеті осы?! Мұны 
жөндеу үшін қарабайырлыққа салынбай, 
тек  тəрбие  тəсілдерін  ғылыми  жүйеде 
жүргізгенде ғана, бұл қиыншылықтан да 
құтыларымызға сенім мол.
Егемендігімізді 
алған 
алғашқы 
жылдардың  өзі-ақ,  ұлттық  тарихымыз-
ды  игеруде  орасан  үлкен  жетістіктерге 
жеткенімізді  көрсетіп  отыр.  Оның 
үстіне,  ата-бабамыз  айтатын  "Атың 
бар  да  жер  таны – желіп  жүріп,  асың 
бар  да  ел  таны – беріп  жүріп"  дейтін 
даналығының  сəті  түсіп  тұрғандай, 
дүние  жүзі  халықтарымен  қоян-қолтық 
тікелей  араласа  бастадық.  Осының  бір 
мысалындай, 1994 жылдың  Сəуір  ай-
ында  Жапон  еліне  ресми  сапармен  ба-
рып  келген  тұңғыш  президентіміз 
Н.Ə.Назарбаевтың ой-тұжырымы: "Мені 
таңқалдырған екі нəрсе болды. Біріншісі, 
Жапон  еліндегі  ерекше  үздік  дамып 

17
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
отырған ғылыми техникалық прогрестің 
жеделдігі  болса,  екіншісі,  соншама 
берік  те,  бүтін,  қаймағы  бұзылмаған 
халық  дəстүрінің  көздің  қарашығындай 
сақталуы" – деп, аса өткір көрегендікпен 
қорытындылаған  еді.  Қай  Елде  де  əуелі 
халықтық  тағылымдарына  негізделген 
Рухани  өркендері  салтанат  құрмай, 
тек  саясаткерлік  пен  экономикалық 
əдістердің берер жетістіктері көрнекті де 
көркем бола алмайды.
Резюме
Автор в статье рассматривает  вековой опыт предков по сохранению национального генофон-
да.
Summary
The author considers the age-old experience of ancestors to preserve the national gene pool.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет