Ұлттық тәрбиелеудегі ана тлінің рөлі



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата14.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#113760
1   2
Байланысты:
Ұлттық тәрбиелеудегі ана тлінің рөлі

About me


Десек те, қандай да бір қиындықтарға
қарамастан ұлттың туған тілін белгілі
бір дәрежеде сақтап қала алатын
бірден-бір күш һәм құдірет – бұл
балаларына тек қана өз тілінде тәрбие
беріп, сол тілдің аясында өсіретін –
Аналар қауымы.


Жалпы адам неғұрлым көп тілдерді білген сайын, соғұрлым мүмкіндіктері де
арта түседі. Өз ана тілінен басқа бір шет тілді меңгерген адамның келесі
тілдерді меңгеруі әлдеқайда жеңіл болатынын психолог ғалымдар дәлелдеген.
«Қандай да болмасын бір өзге тілді білетін адамға екінші тілді меңгеру
біріншіге қарағанда айтарлықтай жеңіл және тез болады. Себебі, бірінші өзге
тілді меңгергенде, адамда ана тіліне қосымша үйренуші тіл сезімі
қалыптасады, сонымен қатар, жалпы тіл ерекшеліктерін айыра білу қабілеті
дамиды, осы қабілеттің арқасында адам тек қана үйренетін тілдің емес, жалпы
тілдердің арасындағы ерекшеліктерді айыра алады».


Егемен еліміздің болашақ бағдарының “Тілдердің
үштұғырлылығы” парадигмасы - Қазақстанның ұлттық
идеологиясының бір бөлшегі болып табылады. Жалпы
көптілді меңгеру деген ұғым қазақ дүниетанымында
бұрыннан бар түсінік. Қазақ даналығында «жеті жұрттың
тілін білу» деген нақыл сөздің астарында, жастардың
бойынан қарым-қатынас шеберлігін, ел мәдениетін
үйретіп қана қоймай, әлеуметтік тұрпатын
қалыптастыруға, оны белгілі бір этникалық, мәдени
топтың мүшесі ретінде тәрбиелеуге, ұлттық сана-сезімін
қалыптастыруға бағыттайды. Қазақстан халқының рухани
дамуына ықпал етіп отырған осы бағыттың негізгі мәні
мынада: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей
пайдаланатын жоғары білімді мемелекет ретінде тануы.
Ол үшін: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін –
қарым-қатынас тілі, ағылшын тілін – жаһандық
экономикаға кірігу тілі ретінде игеру жас ұрпаққа жаңа
жол ашады.


Қорытынды
ана тілінің сақталу, сақталмауы, қолданыс аясының кең,
тарлығы, сайып келгенде, олар тұратын мемлекеттердегі
тіл саясатына, тілдік ортаға, диаспораның шоғырланып
немесе шашыранды түрде орналасуына, сондай-ақ ана
тілін қайткен күнде де сақтап қалуға деген саналы
әрекетіне де тікелей байланысты. Әрбір азаматтың ана тілін
қастерлеуі оның мемлекеттің биік мәртебесіне қатысты
қоғамдық көзқарас пен қамқорлыққа да тікелей
байланысты. Сондықтан әркімнің өз ана тілін құрметтеуі
тек анасының ақ сүтін өтеу ғана емес, қоғам алдындағы
азаматтық абзал парызын ақтау, сол арқылы елдің елдігін
сақтау болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет