Ұлттық
тәрбиелеудег
ана
тл н ң
рөл
Орындағандар:Жақсылық А
Ердес А
Қабылдаған:Танабаева Г
Тобы:1201-12
Жоспар
КІріспе
Тілдің
қызметтері
Қорытынды
Жүрегі елім деп соғатын әрбір саналы адам ұлттық мәселелер төңірегінде тебіренген сәтте тіл
жайында ойланбай кете алмайды. Себебі тіл ұлтпен бірге жасайтын және де ұлт өмірінде шешуші
рөл атқаратын аса бағалы құндылық. Шешуші деп отырғанымыз адамзат тарихындағы ұлттар
ғұмырының ұзақтығы мен қысқалығы негізінен тілінен айырылу не айырылмау, сақтай алу,
сақтай алмау мәселесімен байланысты. Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың – өзі
де жоғалады» дегені барынша дәл айтылған тұжырым. Асылында, жер бетінде тілсіз ұлт
болмайды. Ұлтсыз тіл де болмайды. Ұлт белгілі бір тілімен жаратылады. Адам да белгілі бір
ұлттың өкілі ретінде бір тілдің иесі, қолданушысы, сақтаушысы, дамытушысы, өзінен кейінгі
ұрпақтарға сол тілдің жеткізушісі ретінде өмір сүреді. Әрине, адам баласы әртүрлі әлеуметтік-
тарихи жағдайға, өскен ортасына, ғұмыр кешіп жатқан мемлекетіне, қоғамына байланысты
белгілі бір тілді үйренеді. Ол оның ана тілі болады немесе табиғи жаратылысынан бөлек бөгде
тіл болады. Бірақ адам өмірлік сұранысына, білім алу қажеттілігіне, қызметтік және т.б. талап-
тілектерге сай екінші, үшінші тілдерді меңгеруі де мүмкін.
Т л
Тіл – тарихи-әлеуметтік, мәдени категория ретінде адам баласының санасына, дүниетанымына,
мына өмірді қабылдап, түсіну дәрежесіне, адамдармен ұғыса білу машығына, мінезіне, адами-
азаматтық қалыбына, жүріс-тұрысына, қоршаған ортада өзін-өзі ұстауына, сөйлеуіне, ой айтып,
пікір білдіруіне, тұлғалық қасиеттерінің жетіліп, дамуына, азаматтық көзқарасының қалыптасуына
қаншалықты әсер ететін болса, тілдің өзіне де адамның, ұлттың, қоғамның, мемлекеттің,
географиялық аймақ пен кеңістіктің әсері мол болады.
Қазақ тілінің – Қазақстанда, қырғыз тілінің – Қырғызстанда, өзбек тілінің – Өзбекстанда кең таралуы
мемлекет иесі, жер иесі саналатын ұлттың аталған аймақта қалыптасқан тарихи кеңістігімен
байланысты. Бұл әр тілдің өмір сүретін өз топырағы барлығын білдіреді. Әрине, кез келген ұлттың тілі
өз ұлтының шеңберінен, ұлтының мәдени-рухани аясынан шығып, ол тілді қолданушылар саны
көбейіп, дүниежүзіне таралуы мүмкін. Тілдің әлемге кең таралу факторы сол елдің тарихымен,
экономикалық дәрежесімен, ғылыми жаңалықтарымен, технологияларымен, білім және ақпарат
қорымен, мәдениеттердің қанат жаю ауқымымен де байланысты. Көпшілігімізге белгілі, қазіргі таңда
әлемде басым таралған тілдер қатарына жеткен – ағылшын тілі болып отыр. Жаһандық үдерістер
негізінен осы тіл арқылы жүріп жатыр. Демек, ағылшын тілі британ ұлтының аясынан шығып, адамзат
баласының бір-бірімен ара ласу қажеттігін өтейтін қарым-қатынас, ком му никация құралына айналып
кетті.
Ең алдымен ұлттық сипаты жойылады, рухы төмендейді, салт-санасы
тәркіленеді, тарихын ұмытады, ұрпақтар арасындағы сабақтастық
үзіледі. Атасы немересін, немересі атасын түсінбейтін халге
жетеді.Белгілі бір ұлттың өз ана тілін тәрк етуі, ол тілдің ұрпақтар
жадынан бірте-бірте өшуі өмір сүріп отырған геосаяси кеңістігімен,
халқының бастан кешкен тарихымен де байланысты. Әлбетте, қандай
болмасын ұлт өз қалауымен ешуақытта туған тілінен саналы түрде ‐
ажырамайды, ажыраймын деп те ойламайды. Бірақ бұған әсер ететін
бірнеше себептер бар. Айталық, ұлттың өз билігінің өз ырқынан кетуі,
жат тілді үйренуге деген мәжбүрлік, идеологиялық қысым, басқа
елдің экспансия сында, яғни отарлық жағдайда қалып қоюы, т.т.
Өкінішке қарай, адамзат тарихындағы ең бір ауыр да қасіретті
құбылыстардың бірі – империялық мемлекеттердің қандай да бол ‐
масын ұлтты өз тілінен түрлі саяси техно ло гияларды қолдана отырып
айыруы.
Т л нен
айырылған
ұлт
Достарыңызбен бөлісу: |