Ұлттың тобырдан ерекшелігі де – рухани құрылым екендігінде. Ел болу – ортақ мақсатқа жұмылған, ұлт мүддесі үшін өз «менін» «құрбанға»


Тарихы– ұлттың жүріп өткен жолы, тағылым алар мектебі, нәр алатын тамыры... Атамекені



бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі20,19 Kb.
#20180
1   2   3   4
Байланысты:
Ұлт-тұлға қалыптастырушы орта

Тарихы– ұлттың жүріп өткен жолы, тағылым алар мектебі, нәр алатын тамыры...

  • Атамекені– бабасының қаны, анасының сүті, бауырының тері сіңген, ұлт мінезін қалыптастырушы қасиетті кеңістік, ұлт тағдырының тірі куәсі...

  • Мемлекеті – жігерінің жемісі, еркіндігінің кепілі, руханиятының қызметшісі...

    Иә, ұлттың тарихы – рухтың тарихы. «Адам қалыптастырушы орта» деген мақсатын ұмытпаған, «Жақсылықтың жолында жарысыңдар» деген Жаратушы үкіміне сәйкес, бәсекеге жарар жігер-қайратын шыңдаған ел ғана  рухы биік, абыройы артық ұлт бола алады. Бірін-бірі дос тұтқан, ниеті мен амалы Алланың назарына іліккен жұрттың ұлттық рухы әрқашан асқақ болмақ!

    Армансыз жігіттің дәрменсіз болатыны секілді, ұлттық идеясы, ұйытқысы жоқ ұлт та ұзаққа бармайды. Қарынның тоқ, көйлектің көк болуы секілді нәпсәни қажеттіліктерді қазақ ешқашан өзіне басты мақсат еткен емес. Қайта ол қарынының ашқанына емес, қадірінің қашқанына жылайтын. Қазақтың мінезі - ерлік пен махаббат еді!  Қазақтың қымбаты - ары мен намысы еді! Ендігі міндет – осы «еді» деген сөзді, «сол, солай болу керек» деген сөзге ауыстыру! Яғни, біздің идея – Қазақ болу...



    Құлдық пен мәңгүрттіктің басы – тамырыңнан айырырылудан басталады. Өз ұлтының тілін білмеу, тарихын зерделемеу, мәдениетін пайымдамаудан келіп туындайтын тегінен жирену, менсінбеу секілді кеселге ұшыраған адам – ұлттық бірегейлену қажеттілігі өтелмегендіктен, жарты кештік комплексіне (комплекс не полноценности) ұшырайтынын,  ішкі жетімсіздік пен өзін сыйламау сезімінің құрсауында қалатынын психолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сол себепті қазақылығын жоғалтқан, таппаған, тіпті іздеп көрмеген, «Адам болу үшін – қазақ болу шартемес» деп есептейтін ағайынға айтарымыз: тамырыңызда қазақтыңқаны бар екені рас болса, қазығыңызды әлі-ақ айналып жүріп табасыз, сол кезде қуанып тұрып, өкінетініңіз, өкініп тұрып қуанатыныңыз – шүбәсіз...

    Ал, мен асыл текті, аққу жүректі, қыран келбетті, жылқы мінезді қазақ деген мұсылман халықтың ұрпағы болғаныма мың мәрте шүкіршілік айтамын!

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет