Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет2/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

«Жазылмайтын»
деген сөз мен үшін бір нәрсені ғана білдіреді: бұл 
дәстүрлі 
әдіспен 
емдеуге болмайтын жағдай. Сондықтан да сауығудың жолын табу үшін, 
турасын айтқанда, әркім өз ішіне үңілуі керек. Егер мен операцияға келісіп, бірақ ескі 
танымдардан арылу үшін ештеңе істемесем, дәрігер бейшара Луизадан дым қалмағанға 
дейін кесе берер еді. Мен операцияға барсам да қатерлі ісікті туғызған өз ойлау 
жүйемді өзгерткен болар едім де, қатерлі ісік енді қайтып туындамас еді. Егер рак 
немесе басқа аурулар қайта пайда болып жатса, ол бәрін кесіп тастамағаннан емес. Бұл 
жерде себеп адамның өз санасына өзгеріс жасамауында жатыр, сондықтан ол ауруды өз 
бойында, мүмкін, денесінің басқа бөлігінде қайта туындатты. Сондай-ақ мен өзімнің 
ментальдық алаңымды тазартсам, операция қажет болмайды дегенге сендім. Емдеуші 
дәрігеріме операцияға ақшамның жоқ екенін айтып едім, ол өз кезегінде менің өмір 
сүруіме бар болғаны үш ай қалғанын хабарлады. Мен сол бойда іске кірістім. Емдеудің
дәстүрден тыс әдістері туралы көп оқи бастадым. Арнайы денсаулық дүкеніне барып, 
қатерлі ісік туралы кітаптардың барлығын сатып алдым. Мен кітапханаға барып бұл 
ауру туралы тапқандарымның барлығын оқыдым. Әсіресе мені тері рефлексі туралы 
ғылым қызықтырды. Мен осыны істей алатын адамды таппаққа бекіндім. Бір күні мен 
лекцияға бардым. Әдетте, мен алдыңғы жақта отырғанды ұнатамын, ал бұл жолы арт 
жаққа отырдым. Жаныма бір адам жақын келді де, менімен қатар отырды. Бұл, мен 
іздеген адам болып шықты (тері рефлексімен шұғылданады). Ол үйге аптасына үш рет 
келе бастады, маған көп көмегі тиді.
Сондай-ақ мен өзімді өте қатты қадірлеуді және жақсы көруді үйренуім қажет 
екенін түсіндім. Менің балалық шағымда сүйіспеншілік жетіспеді, өзімді жақсы көруге 
мені ешкім үйреткен жоқ. Мен олардың таусылмайтын мінеулерін өзіме деген қарым-
қатынастарымен бірге қабыл алдым да, бұл менің екінші бейнеме айналды.
Діни ғылым қоғамында жұмыс істей бастағанда мен өз іс-әрекеттерімді
қуаттаудың бар маңызын түсіне бастадым. Бірақ та «Мен диетаны ертеңнен бастап 
ұстаймын» деген принцип бойынша үнемі кейінге қалдырып отырдым. Басында маған 
өзімнің айнадағы бейнеме қарап: «Луиза, мен сені жақсы көрем. Мен шынымен сені 
жақсы көрем», деп айту өте қиын болды. Мен ештеңеге қарамастан айнаменен жаттыға
бердім де, бұрын, әдетте өзімді қор сезінетін жағдайларға енді басқаша қарайтынымды 
аңғардым. Сонымен маған өзімнің бір жерде тұрып қалмағаным анық болды. Мен үшін 
ең қиыны басқаларды кінәлауды тоқтату еді. Иә, менің балалық шағым қиын болды
және барлығы да мені жыныстық зорлықпен, тән қорлығымен, ментальды түрде 
ренжітті. Бірақ бұл өте ертеде болды, және менің қазіргі өзіме деген қарым-
қатынасымды ақтамайды. Мен турасын айтқанда өз денемді қатерлі ісікпен жей 
бастаған едім, себебі мен кешіре білмедім. Өзіме жақсы психиатр тауып алдым да, 
соның көмегімен қордаланған ашу-ызаны бойымнан шығара бастадым. Жастықтарды 
ұрып, қаһарланып ақырдым. Бұл мені белгілі дәрежеде тазартты. Сосын ата-анамның 
үзік-үзік естеліктерінен олардың балалық шақтары туралы өзіме картина құрастырып 
алдым. Мен оларды қатты аяп кеттім, олардың кінәсінен болған оқиғалардың бәрі 
ұмытыла бастады. Бұлардың бәріне қосымша өзіме көп жылдар бойы тәнімде 
жинақталған шіріктерді тазартуға көмектесер жақсы диетолог-дәрігер таптым. Ол 
маған тек қана көкөністерден тұратын қатал диета белгіледі. Алғашқы бір ай бойы 
аптасына үш рет менің тік ішегімді тазартты. Маған операция жасаған жоқ, алты айдан 
кейін дәрігерлер келісімге келуге мәжбүр болды да, маған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет