Сабақтың мақсаты: Жыныстық жетілу кезіндегі аталық және аналық жыныс гормондарының рөлін түсінеді. Бағалау критериі



Дата21.04.2023
өлшемі73,24 Kb.
#84962
түріСабақ
Байланысты:
3-сабақ.Екінші реттік жыныстық белгілер.

Сабақтың тақырыбы: Екінші реттік жыныстық белгілер: Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеументтік жетілу

Сабақтың мақсаты:

Жыныстық жетілу кезіндегі аталық және аналық жыныс гормондарының рөлін түсінеді.

Бағалау критериі:

  • аталық жыныс гормонның ерекшелігін түсінеді;
  • аналық жыныс гормонның ерекшелігін түсінеді.
  • Жасөспірімдер мен қыздардың жыныстық жетілуіндегі кезеңдерді сипаттайды.

Аталық жыныс гормондары –тетостреон,андрогендер екінші реттік жыныс белгілердің қалыптасуына әсер етеді.Осы гормондарының әсерінен :

  • Қаңқа,шеміршек,бұлшық ет,көмей шеміршегі белсенді дамиды;
  • Ер адамдарда көмейі үлкен дауыс байламдары ұзындау болады;
  • Көбінесе дауысы жуандайды;
  • Мойынның алдыңғы жағында қалқанша шеміршегінен түзілген дөңестеу жер көмей жұмыры қалыптасады.

Аналық жыныс гормондары- эстрадиол, прогестеронның дамуымен екінші жыныс белгілердің қалыптасуына әсер етеді.

Осы гормондарының әсерінен :

Жыныс гормоны жеткіліксіз бөлінген кезеде болатын өзгерістер:

  • сүйектің өсуі баяулайды:
  • ағзаның дамуы және жыныстық жетілуі тоқтайды;
  •  

    Жыныс гормондарының арақатынасы бұзылатын болса:

  • ер адам әйел адам тәрізді пішінге ие болады;
  • әйелде мұрт пен сақал өседі;

Жасөспірімдер мен қыздардың жыныстық жетілуі:

Жасөспірім кезең-барлық физиологиялық жүйе толық құрылады, ағзаның жыныстық жетілуі басталады.

Өтпелі кезең -бұл кезеңде көңіл күйдің лезде өзгеруі байқалады, ашуланшақ болады.

Ержету немесе бойжету -бірқалыпты, өзіне сенімді, айтқан сөзге берік және алға қойған мақсатқа жету.

Биологиялық жетілу -ағза физиологиялық тұрғыда көбеюге дайын болған кезден басталады.

Әлеументтік жетілу- бұл психологиялық түсінік. Ол үлкендердің көмегінсіз өз бетімен биологиялық әрі әлеументтік : кәсіби, қоғамдық, шығармашылық және т.б қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді.

Тапсырмалар: Пікір алмасындар.

1.Екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуындағы аталық жыныс гормондарының қызметін сипаттаңыздар.

 

2.Екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуындағы аналық жыныс гормондарының қызметін сипаттаңыздар.

 

РЕФЛЕКЦИЯ



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет