М. Алайдар Ғылыми жетекші: Р. Жақсылықбаева Тақырып


Қазақ ырым-тыйымның шығу тарихы мен қолданылу аясын білеміз бе?



бет4/6
Дата25.04.2023
өлшемі49,41 Kb.
#86767
1   2   3   4   5   6
Қазақ ырым-тыйымның шығу тарихы мен қолданылу аясын білеміз бе?

Қазақ халқы күнделікті тұрмыс-тіршілігімен ырым-тыйымдарды керемет ұштастыра білген. Адам дүниеге келіп, қайтыс болған күніне дейін жасауға болмайтын әрекеттерді асыл дініміз Исламмен байланыстыра отырып, жас буынның құлағына сіңірген. Атадан балаға мұра болып қалған бұл нанымдар осылайша күнделікті дағдымызға айналған десек те болады. Ендігі кезекте өмірімізбен біте қайнасып жатқан осы ырымдар мен тыйымдардың шығу тарихын білеміз бе? Сонымен қатар уақыттың тезіне ұшырап ұмытылып бара жатқан рухани қазынамызды қалай насихаттап жүрміз?


Алдымен тарихшы, этнограф ғалымдардың ырым мен тыйым сөзіне берген анықтамасына тоқталсақ. «Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі» кітабында Сейіт Қожаұлы «ырым – халықтың жақсы ниеті мен тілегінен туған ғұрып. Сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Ол халық мінезі мен әдет-ғұрпымен біте қайнасқан. Тыйым – халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналып, оларға жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарды» деп түсіндіреді. Болат Бопайұлы да осыған ұқсас «тыйым – адамды жаман әдеттер мен ерсі әрекеттерден тыюға бағытталған. Ал осы тыйымдардың неге салынғанын, оны жасасаң салдары қандай болатынын ырым арқылы жеткізген» деп пікір білдірді.
Бабадан қалған байлығымызды рет-ретімен қарастырсақ, қазақ халқы баланы тәрбиесі мен мінезіне құрсақтан бастап назар аударған. Сол себепті ананың бойына бала біткен уақыттан бастап-ақ құрсақтағы сәбидің толыққанды жетіліп, дүниеге аман-есен келуі үшін анаға салынатын тыйымдар саны артады. Орындалатын салт-дәстүрлер де көбейеді. Мәселен, «құрсақ шашу», «қалжа беру» сынды дәстүрлер жасалынса, «шашыңды кеспе», «ине-жіп ұстама», «түйенің етін жеме», «суға жалғыз шықпа» секілді тыйымдар салынады. Бұл әрекеттерді жүкті әйелге неге жасауға болмайды, өйткені әрқайсысының өзіндік мәні бар.
Мысалы, екіқабат әйел шашын кесетін болса, құрсақтағы баланың бақыты кеміп, кемтар болып дүниеге келуі мүмкін. Ал, ине -жіп ұстатпауының себебі, баланың кіндігі оралып қалады. Мұндай жағдайда шарананың өміріне де, анасының өміріне де қауіп төнеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет