Тұрақты дамудың негізгі бағдарламасы Тұрақты дамудың негізгі бағдарламасы адам өмірінің сапасын арттыру. Ол үшін адам өмірінің сапалық критерилерін, бағалануын қайта қарап, өзгерту керек. Сонымен қатар материалдық емес бағалымдарды енгізу, олар: жеке қауіпсіздігін арттыру, білім сапасын арттыру, емдеу сапасын жақсарту, мәдени деңгейін көтеру, информацияны алу жолдарын көбейту, ыңғайлы қоршаған ортаны жасау.
Тағы да бір критерий – қоршаған ортаға антропогендік зиянды әсерді азайту.
Тұрақты даму келесі принциптерге негізделеді:
- табиғатпен гармонияда болу және баянды өмір сүру құқығын сақтау;
- дамудың бөліп алынбайтын құрамасы қоршаған ортаны қорғау;
- жайлы қоршаған ортамен қазіргі және болашақ ұрпақтарды да қамтамассыз ету;
- халықтар арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты, кедейлер мен байлар арасындағы теңсіздікті азайта отырып жою;
- табиғатты қорғау туралы заңдылықты жетілдіру;
- тұрақты даму принциптеріне қайшы келетін өндіріс пен сұраныстарды жою.
Тұрақты дамудың маңызды аспектілері Тұрақты ұзақ мерзімді даму бірнеше аспектілерде қарастырылған (негізгі үшеуі: экономикалық, экологиялық, әлеуметтік):
Экономикалық аспект: - өндірушілер мен сатушылар арасындағы еркін бәсеке және демонополизациялау;
- ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдерді өндіру, планетаның барлық тұрғындарының өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті деңгейде мәдени игіліктермен қамтамасыз ету, т.б.
Экологиялық аспект: - табиғат пен қоғам, адам мен биосфераның коэволюциясын, олардың арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ету;
- органикалық отынды жағуға негізделген энергетикадан энергияның жаңартылатын көздерін пайдаланатын баламалы энергия көздеріне өту (күн, жел, су биомасса энергиялары);
- биосфераның түрлік алуандылығын тұрақты сақтауды қамтамасыз ету;
- халық, әсіресе, жастар арасында жүйелік экологиялық тәрбиелік жұмыстар, яғни азаматтардың табиғатқа деген ұтымды қатынастарын сақтау т.б.
Әлеуметтік аспект: - жер бетіндегі аштық пен жетіспеушілікті жою;
- балаларға, кәрі адамдарға, ауруларға көмек беру,
- мектепке дейінгі және мектептерде жалпы орта білім беру, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу;
- орта және жоғары оқу орындарын дамыту.