Тақырыбы: «Қауіпсіз жаз-2022». Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау ережелері нұсқаулығы Өту мерзімі: 23-24 мамыр, 2022 жыл. Қатысушылар: 1-5 сынып оқушылары. Мақсаты
Тақырыбы: «Қауіпсіз жаз-2022».
Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау ережелері нұсқаулығы
Өту мерзімі: 23-24 мамыр, 2022 жыл.
Қатысушылар: 1-5 сынып оқушылары.
Мақсаты: оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, қауіпті жағдайлардан сақтана білуге үйрету. Жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ете білуге тәрбиелеу.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сынып жетекші сөзі
3. Жазғы демалыс кезіңдегі өмір қауіпсіздігі. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
4. Қорытынды, құжатқа қол қойдыру
Сынып жетекші: Енді санаулы күндерден соң балалар Сіздер үшін жазғы демалыс кезеңі басталады. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін Сіздер ата-аналарыңызбен бірге міндетті түрде табиғат аясында демалып, суға шомыласыздар, басқа қалаларға және шет мемлекеттерге саяхатқа барасыздар. Демалып жүрген кезде қауіпсіздік, сақтық шараларын сақтауды естен шығармауларыңыз қажет. Ол төмендегідей ережелер:
Жолда жүру ережесіне бағыну және сақтай білу;