М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз


Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңіндегі Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз



бет33/50
Дата06.01.2022
өлшемі123,32 Kb.
#14396
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
33.Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңіндегі Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.

«Жастарға» өлеңі –Шәкәрімнің ағартушылық нысанын жария еткен әйгілі туындысы. Абай көтерген адам болуға ,азамат болуға шақырады.Ал қазіргі таңда Шәкәрім айтқан Абайдың толық адам болу қасиеттері жастар бойынан табыла ма? Осы сауал төңірегінде мен өз көзқарасымды ашып көрсетсем деп едім.

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған , Ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы Шәкәрім Құдайбердіұлы "Жастарға" деген өлеңінде өз ортасынан білімді,әрі ойшыл жан деп Абайды ғана таныған . Біріншіден, оның өнеге көрген ортасы Абай әулеті еді. Екіншіден, жетімдік көрмей өсуіне себеп болған Абайдың тағылымы еді.Сондықтан да жастарды адалдықты сүюге, арамдық-қулықтан қашуға,үлкеннің ақылын тыңдауға шақырды.Осындай игі қасиеттерді бойына сіңіріп өскен жастар жалын жүректі,өршіл намысты,биік рухты болса,ол елдің еңсесі де биік болмақ .

Шәкәрім «Жастарға»өлеңі арқылы жастарды Абай арқылы түзеткісі келді. Абайдың арман-мұратын білім,ғылым үйренуді , адал еңбек етуді,адамгершілікті,әділдікті ту етіп көтеру,надандық,алауыздықтан аулақ болуға шақырады.Оны ақын "Жастарға" өлеңінде: "... Бір білімді данышпан жан табалық,

... Ал енді олай бола кімді алалық?...

...Жалыналық, Абайға жүр, баралық!"- дейтіні де сондықтан. Ол жастардың өмірлік мақсаты туралы айта отырып,өзінің өнерпаздық бағытын да айқындайды. «Қазақта қай жақсы бар сөз саларлық?» деген сауал қойып,кім болса да үлгі аларлық «білімді,данышпан»,шынайы ғалым Абай дейді. Шәкәрім өмір бойы ақ пен қара,әділдік пен зұлымдықтың құрбаны болып өтті.

Қазақ қашанда жамандығын жасырып,жақсылығын асырып айтқан халық қой.Десек те, жастар тәрбиесінің көлеңкелі тұстарын жасырып,қоғам өмірі үшін аса маңызды бұл мәселеге атүсті қарауымыз өз тамырымызға балта шабумен бірдей.Соңғы кезде замандас құрбыларымның бойындағы теріс қылықтарды,қазақи бояуға мүлдем ұқсамайтын жат бейнелерді көріп қынжыламын. Дегенмен, бостандығымызды баянды етер болашақтың барыс жүрек ,Қырандай күшті, арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты бар жастарымыздың ел игілігі үшін атқарылып жатқан бастамалардың басы-қасында жүргені де қуантады.Сондықтан, тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан»,-деп Абай атамыз айтқандай,Отанымның өркендеп өсуіне бар күш-жігерімді аямаймын.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, Шәкәрім шығармаларында айтылған Абай бойынан үйренерлік адами құндылықтарды басты орынға қойса,нұр үстіне нұр болар еді.Ұлттың бүгіні мен келешегі-белсенді жастардың қолында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет