Шәкәрім Құдайбердіұлы – әдебиетіміздің алтын қорына өзінің асыл мұраларын қалдырып кеткен қаламгердің бірі.Ел арасындағы аңыздарға негіздей отырып, «Еңлік- Кебек» поэмасын жазып қалдырды.Әдебиетті парақтар болсақ, Шәкәрім сияқты аңыз негізіндегі ғашықтар тағдырына қалам тартқан қаламгерлер санаулы ғана.Шәкәрімнің бұл дастанының өзектілігі неде? Менің пайымдауымша, рулық тартыс кезінде болған бұл оқиға қазақ халқының салт- дәстүрінің беріктігін дәлелдейтін туындыға негіз болған.
Поэмадағы бас кейіпкер – Еңлік қыз.Еңліктің қазақ қызына тән кереғар мінезі дастанның қай тұстарынан көрінеді? Біріншіден, Еңліктің қазақ қызына тән кереғар мінезі үйге келген танымайтын қонаққа сыр білдіргені, қонаққа өз төсегін дайындағаны қазақ қызының бойына жат қылық деп есептеймін.Бұрын-соңды қазақ қызы өз төсегін ер адамға салып бергенді қойдым, қыздың төсегіне ешкім де отырмаған.Сол себепті, поэманың басында-ақ Еңлік өзінің кереғар мінезін көрсетіп қойды деп ойлаймын.
Екіншіден, Еңліктің қазақ қызына керағар мінезі Кебекке ол көрсеқызар, жеңсікқой қыз болып көрінуінен де байқалады.Бірақ, бұл мінезін Еңліктің өзі басындағы ауыр мұңын айтып жуып-шайғандай болады. Еңліктің: Ей, батыр сен жатырсын, ұйқың қанбай,Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай, -деп жігітке өзінің бірінші болып тіл қатуы қыз балаға тән ұяңдықты жоқ етіп тұр емес пе? Еңліктің бұл қылықтарын басындағы ауыр мұңынан деп ақтағанмен де, әке мен ана тәрбиесін көрген қазақ қызы арына дақ түсіріп тұрғандай көрінеді маған.Сондықтан да, өз басым Еңіліктің бұл жат қылықтарын қолдамаймын.
Ойымды қорыта келгенде, дастанда Еңліктің қазақ қызына кереғар жат мінездері көп жерінен байқалатынын айтқым келеді. Қазақтың қызы әкесінің рұқсатынсыз жігітпен сөйлеспеген, қазақ қызы атастырылған жары бола тұра, жігітке өз сезімін бірінші болып білдірмеген.Сондықтан да, әр қазақтың қызы қызға тән ибалы, инабатты қалпын сақтаса деген тілегім бар.Және қазақ қыздарын осындай жат қылықтардан аулақ болуыға шақырамын!