Есіктер. Өндірістік ғимараттардың есіктерінің конструкциясы азаматтық ғимараттардікі сияқты орындалған. Олар қарапайым әрленуімен, байлаудың үлкен қимасымен және қаптаудың жоғарғы беріктігімен ерекшеленеді. Есік ойықтарының ені бойынша өлшемдері 1–2,4 м, биіктігі бойынша 1,8–2,4 м. Эвакуациялау жолындағы есіктерді екі жаққа кең және қозғалыс бағыты бойынша ашылатын етіп орнатады.
Өндірістік ғимараттарда конструкциясы бойынша келесі есіктер жапқышы қолданылады: фанерамен немесе ағаш-талшықты плитамен безендірілген, ағаш плита болып табылатын қалқанды; ені 700, 900 мм, биіктігі 2000, 2300 мм бір жаққа ашылатын; ені 1490, 1890, 2290 мм және биіктігі 2000, 2300 мм екі жаққа ашылатын. Сыртқы есіктердің қорабы міндетті түрде табалдырығымен бірге орындалады.
Аралыққабырғалар. Өндірістік ғимараттарда аралық қабырғалар келесі түрлерге бөлінеді:
тағайындалуыбойынша:цехтың жалпы ауданынан қойма бөлмелерін, құралдар қоймасын бөліп тұратын және т.б.; шудың, газдың және басқа зияндылардың таралуын шектейтін және бөгет болатын бөлгіш аралық қабырғалар;
аралықтаорналасуыбойынша:бойлық және көлденең;
–функциональды ерекшеліктері бойынша: стационарлы (тұрақты орнымен); өндірістік процестің өзгерістерінде орын ауыстырып жиналып-бөлшектенетін аралық қабырғалар;
қоршау биіктігі бойынша: бөлменің барлық биіктігінде немесе жартысына дейінгі (2,5–3 м шегінде);
қоршауқасиеттерібойынша:тұйық, ойықтармен, жарық өткізгіш материалдан немесе металл тордан орындалған;
-материалтүрібойынша:темірбетонды, тас (кірпіштен, жеңілбетонды блоктардан), профильді әйнектен, металл, асбестцементті беттерден, ағаш-ұнтақты плиталардан, суға тұрақты фанерадан;
құрылымыбойынша:біртекті (тұтас), дыбыс изоляциялық қабатымен біртекті емес;
тұрғызутәсілібойынша:индустриальды (ірі өлшемді элементтерден), индустриальды емес (ұсақ өлшемді элементтерден).
Өндірістік ғимараттардың аралық қабырғалары беріктік, орнықтылық, ұзақ мерзімдік, өндірістік процестің талаптарын қанағаттандыруы қажет және индустриальды, экономикалық тиімді болуы тиіс.
Кірпіштікаралық қабырғаларды 120 және 250 мм қалыңдықты етіп орындайды. Оларды іргетастық арқалықтарға, ал 4 м дейінгі биіктікте – еденнің бетондық дайындау қабатына сүйейді.
Бірқабатты өндірістік ғимараттарда қалыңдығы жарты кірпішке тең аралық қабырғалардың орнықтылығын 6 м сайын орнатылған болат фахверк ұстындар; биіктігі бойынша 2–3 м сайын қалауға орнатылатын швеллерлерден импостар; қаңқа ұстындарына түйіскен жерлердегі болат байлау қамтамасыз етеді.
Көпқабатты ғимараттарда кірпіштік аралық қабырғаларды қабат аралық жабындарға сүйейді және қаңқа ұстындарына болат жапсырмалармен бекітеді.
Панельдікаралық қабырғалар қаңқа ұстындарына түйіседі. Аралық қабырғалар панельдерінің қалыңдығы 80 мм және ауыр, жеңіл және ұяшықты бетоннан, сонымен
қатар гипсобетоннан және фибролиттен орындалады. Аралық қабырғалардың төменгі бөлігі панельдерден, ал жоғарғы бөлігі асбестцементті беттерден орындалады. Орнатылған панельдерді екі бұрышпен тіркеп бекітеді, ал жіктерді цементті ерітіндімен тұтастандырады.
Металлпрофильденгенбеттерденаралық қабырғалар тіректерден, ригельдерден және дыбыс изоляциялық қабатты екі жақты қаптаудан тұрады. Аралық қабырғалар қаңқасы өзі тесетін болттармен қаптаулары бекітілетін тікбұрышты қималы құбырлардан орындалады.
Әйнектелгенаралық қабырғалар тікбұрышты құбырлардан орындалған қаңқадан тұрады және әйнекпен және әшекейлі пластикпен толтырылған. Мұндай конструкция ғимаратты пайдалану процесінде аралық қабырғалардың орнын өзгертуге мүмкіндік береді.
Торлыаралық қабырғалар тіректерден және оларға ілінген қалқандардан тұрады. Тікбұрышты құбырлардан тіректерді еденге орнатады және анкерлі болттарға бекітеді. Мұндай аралық қабырғалар ғимарат ішіндегі бөлмелерді бөлуге арналған.