М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет35/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Өндірістік ғимараттардың едендері. Бірқабатты өндірістік ғимараттардың едендері топыраққа, көпқабатты ғимараттардың едендері аражабындарға төселінеді. Өндірістік ғимараттар едендерінің технологиялық жабдықтар ерекшеліктеріне байланысты келесі қасиеттері болады: химиялық тұрақтылығы, соққыларда ұшқынсыз болуы, жоғарғы механикалық беріктігі мен шаң болмауы және
т.б.
Еденнің көпқабатты конструкциясы келесі қабаттардан тұрады:

  • барлық әсерлерді қабылдайтын жоғарғы қабаты; бұл қабаттың қалыңдығы еденге түсетін күштер әсерлерінің сипатын және шамаларын, негіз топырағының материалы мен қасиеттерін ескерумен анықталады;

  • негізге күштерді орналастыру үшін негіздің жоғарғы бетіне қалыңдығы 60 – 250мм төсеніш қабаты орнатылады. Қабат түрі жоғарғы қабаттың түріне байланысты (бетонды төсеніш қабаты үшін 100 мм кем емес, цементті–құмды – 60 мм кем емес, ірі тасты – 120 мм кем емес, қиыршық тасты – 80 мм кем емес қалыңдық қабылданады);

  • жоғарғы қабатты төсеніш қабатымен байланыстыратын аралық қабаты (цементті–құмды ерітіндіден аралық қабаты – 10–15 мм, сұйық әйнектен – 10–25 мм, құмнан – 10–15мм, мастиктен – 1–3мм);

  • еден элементтерінің бетін тегістеуге және еденге қосымша еңіс беруге арналған тегістеуіш қабаты (цементті–құмды ерітіндіден тегістеуіш қабаты 20 – 50мм, ксилолиттен – 15мм, бетоннан – 20–40мм);

  • әртүрлі сұйықтардың еденге енуіне қарсы гидроизоляциялық қабаты;

  • еден конструкциясына жылу мен дыбысты беруді азайтатын, жылужәне дыбысизоляциялық қабаты.

Өндірістік ғимараттардың сатылары тағайындалуына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

  • азаматтық ғимараттар сатылары сияқты, көпқабатты ғимараттардың қабаттары арасындағы байланыстарға арналған негізгілер. Адымдар ені 1350, 1500, 1750 мм, Адымдардың көтеру биіктігі 1,2 – 2,1 м, баспалдақтар өлшемдері 300 х 150 мм;

  • жұмыстық алаңдармен байланысу үшін қызметтік:

а) қарқынды қозғалас үшін – диаметрі 18 мм металл стерженьдерден орындалған, баспалдақтарға тек қана қадамы 200 және 300 мм горизонтальды қырлары бекітілетін, жолақты немесе бұрышты болаттан (65х5 мм) орындалған екі қиғаш
тіректен тұратын адымдар. Адымдар еңісі 45 және 60°, ені 0,6 – 1 м, биіктігі өткізу алаңдарымен 6 м дейінгі сатылар. Адымдары ұстағыштары бар қоршаулармен жабдықталған;
б) жеке қолдануға – алаңға кран жүргізушіні көтеру үшін – 300 мм вертикальды қырының қадамымен ені 600 мм вертикальды саты. 4,2 м көтерілу биіктігінде саты қоршауымен орындалады. 12 м жоғары ұстындар биіктігінде саты адымдарымен және алаңдарымен 60° үлкен емес бұрышпен қиғаш орнатылады. Адымдардың қиғаш тіректері иілгіш швеллерлерден және 75х6 бұрыштардан, горизонтальды қырлары мен алаңдары рифленген болаттан және 18 мм диаметрлі болат стерженьдерден орындалған;

  • өрттік сатыларды биіктігі 10 – 30 м ғимараттарда вертикальды, биіктігі 30 м жоғары болғанда еңісі 80° үлкен емес және 8 м сайын аралық алаңымен қиғаш етіп орнатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет