М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет44/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
В II , Bp II
белгiлеуiндегi “ р ” әрпi оның бетiнiң кедiр-бұдыр екендiгiн

көрсетедi. Арматураның массасы 1300 кг -ға дейiн жетедi. Кернеуленбеген арматура

ретiнде
À III , AT IIIc , Bp I , кей жағдайда
A II
және
A I
қолданылады.

Олардың диаметрлерi
6 … 40мм -ге, ұзындықтары
13м -ге жетедi. Арматураның

А I класының бетi тегiс болып дайындалады.

Кернеуленбеген арматура ретiнде
А IV , AT IVc , A V , AT V , A VI ,
AT VI c

қолданылады. Олардың диаметрлерi
A IV , A VI
кластары үшiн
10 … 32мм -ге,

A V класы үшiн 10 … 22мм -ге жетедi. Кернеуленген жұмыстық арматура ретінде

дәнекерленген қаңқалар мен торлар үшін
À III , AT IVc , Bp I , ал өрілген қаңқалар

үшін
À IV , A V , A VI
арматура кластары қолданылады.
À I , A II
арматура

класстары түрлері көлденең (қамыттар) және монтаждық арматура үшін

қолданылады. Арматураның
АТ III , AT IV , AT V , AT VI
кластардағы “T

әрпімен берілетін индекс, олардың термиялық өңдеу арқылы нығайтылғанын, ал

A III B
класындағы “ B ” индексі – механикалық жолмен нығайтылғанын (вытяжка)

көрсетеді. Сонымен қатар құрылыс конструкцияларында бұрамды сым арматураның

екi класы -
К  7
және
К  19
қолданылады. Оларды арматуралық сымның
B II

класының сәйкесiнше 7 және 19 сымын бұрау арқылы жасайды (8-сурет).

8-сурет. Арматуралық бұйымдар.


1-гильзалы анкер; 2- К-3, К-7, К-19 сымдарының қимасы; 3- бұрам (спираль)

Өндiрiстi индустрияландыру мақсатымен темiрбетон конструкцияларды дәнекерленген жазық және орамды торлар, жазық немесе кеңiстiк қаңқалар түрiндегi iрiлендiрiлген арматуралық элементтермен арматуралайды. Арматуралық торлар мен қаңқаларды арматуралық цехтарда өнiмдiлiгi жоғары дәнекерлеу машиналарымен ағынды технологиялық жүйе бойынша дайындайды. Торлар мен қаңқаларды құрастыруда қадалған нүктелiк дәнекерлеудiң технологиялық мүмкiндiктерiн ескерген жөн. Дәнекерлеу кезiнде арматуралар арасына электродтар кедергiсiз орналасуы керек. Төменде дәнекерленген торлар мен қаңқалар үшiн



ұсынылатын арматуралық стерженьдердiң диаметрлерi келтiрiлген.



  1. кесте. Қадалған нүктелік дәнекерлеудегі арматуралар диаметрлерінің өзара қатынастары

Бойлық стержендер диаметрлерi, мм

3…10


12…16

18…20


22

25…32


36…40


Көлденең стерженьдер-дiң ең кiшi диаметрлерi, мм

3

4

5

6

8

10

Дәнекерленген торларды негiзiнен тақталы конструкцияларды арматуралау үшiн қолданады. Торлар стандартты немесе жекеше жобалануы мүмкiн. Стандартты



торларды диаметрi
3 … 5мм
Вр I
және диаметрі
6 … 8 мм -ге дейінгі А-III

арматура класынан дайындайды. Торлар жазық және орамды болып келедi (4-сурет).

Жазық торлар ұзындығы
9м -ге, ал орамды тор орам массасы
100 …500 кг

байланысты. Жазық қаңқалар бойлық жұмысшы және монтаждық арматуралар мен оларға дәнекерленген көлденең арматуралардан тұрады.
Дәнекерленген қаңқаларда бойлық жұмысшы стерженьдер бiр және екі қатарлы болып, көлденең арматуралардың бір немесе екi жағына да орналасуы мүмкiн. Жазық дәнекерленген қаңқалардағы стерженьдердiң ең аз ара қашықтығының олардың диаметрiне байланыстылығы төмендегi кестеде берiлген (2-кесте).



  1. кесте. Дәнекерленген қаңқалардағы стерженьдердің ең аз қашықтығы

Ең аз ара қашықтық



Бойлық стерженьдер диаметрлерi, мм

3…5


6


8…10


12…16

18


20; 22



25


28


32


36;40


Бойлық стерженьдер аралығы,
, мм

-

30

30

40

40

50

50

60

70

80

Көлденең стерженьдер аралығы,
s, мм

50


50


75


75


100


100


150


150


150


200




Кеңiстiк қаңқалар жазық қаңқалардан жиналады. Өрiлген торлар мен қаңқалар негiзiнен күрделi конфигурациялы бiртұтас конструкцияларда қолданады. Олар стерженьдердi қиылысқан жерлерiнде жұмсақ өрiлгiш сымдармен байлау арқылы алынады.
Темiрбетон элементке салынатын бөлшектер болаттан жасалады. Олар элементке қатты бекiтiлiп, бiр жағы оның бетiне шығып тұрады. Ол бөлшектердi негiзiнен болат конструкцияларды, жиналатын бөлшектердi, технологиялық және басқа құрал-жабдықтарды темiрбетон элементке бекiту үшiн қолданады. Олар үшiн
беттiк және пiшiндi прокат пайдаланылады, ал оларға арматураның À II , A III
кластарынан анкерлер дәнекерленеді. Анкерлік сырықтар прокатпен тавр түріне

немесе айқастыру арқылы дәнекерленеді. Анкер диаметрі 8 мм -ден кем болмауы
керек, ал ұзындығы бетон мен болат кластарына байланысты 5 …65 болып

қабылданады. Пластина қалыңдығы

  1. мм -ден кем емес болуы керек.

  2. мм -ден, ал фасондық прокат қалыңдығы



Темiрбетон. Алдын –ала кернеуленген темірбетон




Арматурамен бетонның біріккен жұмысы. Темiрбетон - созу күштерiнiң әсерiн қабылдау үшiн iшiне арматура - сым салынған цемент-бетон. Арматураның бетонмен iлiнiсуi темiрбетонның ең басты қасиетi болып табылады. Темiрбетондағы арматура мен бетон бiр-бiрiне барлық уақытта, күш әсер еткен жағдайда, басқа да әсерлерде, температура өзгергенде, шөгу кезiнде, бетонның жылжымалы кезiнде, химиялық агрессивтi ортада да әсер етедi. Ол олардың жанасу беттерiнiң қатты iлiнiсуiне байланысты. Iлiнiсудiң ( 70  80% ) ең үлкен ролiн арматура бетiнiң шығыңқы, тегiс емес жерлерi атқарады.
Арматураны бетоннан жұлғанда күш арматурадан бетонға арматура бойымен бiр қалыпты емес таралып, iлiнiсудiң жанама кернеулерi - сц арқылы берiледi (9-
сурет).

9-сурет. Арматураның бетонмен ілінісуі

Iлiнiсудi бағалау үшiн бетонға кiрген ұзындық бойындағы орташа кернеу



алынады:
с
N
dl
. Периодты кескiндi арматураның бетонмен iлiнiсуi тегiс

an
арматураға қарағанда 2-3 есе үлкен. Практикалық жағынан алғанда арматураның
түрiне байланысты – тегiс арматура үшiн lan  30  40d , ал периодты кескiндi
арматура үшiн lan  10  20d тереңдiкке кiруi жеткiлiктi. Олай болса, арматурадағы
d 2
бойлық күштi N s 4 кернеу арқылы өрнектейтiн болсақ:
d 2d

an
l s s , (3.5)
4dc 4c

мұндағы
lan
- iлiнiсу немесе бекiтiлу ұзындығы.
lan
-ды азайту үшiн созылған

арматура диаметрiне шек қою, бетонның класын жоғарылату және периодты арматура қолдану қажет.
Арматураны анкерлеу (бекiту). Арматураны анкерлеу дегенiмiз, оның белгiлi күштi қабылдауы үшiн, оның шеттерiн бетонның iшкi бетiне немесе сыртқы жағына бекiту. Күштi қабылдау арматураның бетонның iлiнiсу күштерi мен арматураның шетiне орналасқан анкерлiк арнайы құрылымдар арқылы немесе екi түрi арқылы да iске асырылады. Периодты арматура жағдайында бекiту iлiнiсу күштерi арқылы iске

асырылады. Мұндай жағдайда анкерлiк құрылымдар өте сирек қолданылады. Ал тегiс арматура үшiн iлiнiсу күштерi жеткiлiксiз болғандықтан, оның шеттерiн iлгiш түрiнде иiп жасайды немесе шеттерiне көлденең стерженьдерді дәнекерлейдi.
Кернеуленбеген арматураны оның есептiк кедергiсi толық жұмсалатын

нормаль қимадан ұзындығына шығарып бекiтедi, ол 3-кестеде көрсетiлген мәнiнен кем болмауға тиiс.
lan  an d
ұзындықтарының


l Rs
 d

(3.6)





R
an an
â
an



  1. кесте. Кернеуленбеген арматураның lan

бекiтiлу ұзындықтары




Арматураның кернеулiк және бекiтiлу жағдайлары

an

an

an

Ең аз
lan мәнi

Созылған бетондағы созылған арматураны бекiту

0,7(1,2)

11

20

250

Сығылған бетондағы сығылған немесе созылған арматураны бекiту

0,5(0,8)

8

12(15)

200



Бетонның қорғаныш қабаты. Темiрбетон конструкцияларда арматура оның сыртқы бетiнен белгiлi бiр қашықтықта орналасып, қорғаныш қабатын түзедi. Бұл қабат арматураны жоғары температура және басқа да әсерлерден, тотығудан қорғап бетон мен арматура жұмысында үлкен роль атқарады. Бетонның қорғаныш қабатын тағайындауда конструкцияның түрi мен өлшемдерi, тұтыну жағдайлары, арматураның диаметрi мен түрлерi (жұмысштық, таратушы) есепке алынады.
Қалыңдығы 100мм -ге дейiнгi тақта және қабырғалы конструкцияларда
жұмыстық бойлық арматуралар үшiн бетонның қорғаныш қабаты 10мм -ден немесе арматура диаметрiнен, ал қалыңдығы 100мм -ден үлкен, тақталар және қабырғалар

биiктiгi
250мм
және одан кiшi арқалықтар үшiн
15мм -ден, ал биiктiгi
250мм -ден

үлкен арқалықтар үшiн -
20мм -ден, жиналмалы блокты iргетастар үшiн
50мм -ден

кем емес болып қабылданады.
Элемент биiктiгi 250мм -ден кем болса, көлденең және монтаждық

арматуралар үшiн
10мм -ден кем емес, ал одан үлкен жағдайларда
15мм -ден кем

емес болып тағайындалады.
Алдын-ала кернеуленген темiрбетон. Зерттеулерге қарағанда, жоғары берiктiктi болатты алдын-ала кернеуленген конструкцияларда ойдағыдай қолдануға болады. Алдын-ала кернеуленудi жасау пiкiрi жүзден аса жыл бұрын туды. Алдын ала арматураланған темiрбетон алу үшiн арматураны керiп бекiту керек, содан кейiн бетонды құйып, ол қатайғаннан кейiн арматураны босатып жiберу керек. Бұдан кейiн арматура қысқаруға тырысып, бетонды қысады. Мұндай конструкциялар алдын-ала кернеуленген деп аталады.
Алдын-ала кернеулену конструкцияларда жарық пайда болмауына әсер етедi және темiрбетон элементтердiң қаттылығын арттырады.
Темiрбетон элементтердiң алдын-ала кернеуленуi екi тәсiлмен iске асырады:

  1. Тiрекке тарту - жоғары берiктiктi арматура бетонды құйғанға дейiн тiрекке тартылады, содан соң бетон құйылып, бетонға белгiлi форма берiлiп және керектi берiктiкке жеткеннен кейiн арматура тiректен босатылады.

  2. Бетонға тарту - бұл тәсiл бойынша арматура алдын-ала әзiрленген бетон

немесе арматураланған темiрбетон элементтердiң каналдарына немесе тесiк, шұңқырларына орналастырылады.
Бетон керектi берiктiкке жеткеннен кейiн, арматура тартылады да анкерге iлiнедi, содан соң арматура бетонды қысады. Содан кейін бетон мен арматура арасындағы қалған тесiк бетонмен бiтеледi. Зауытта дайындау барысында көбiнесе бiрiншi әдiс қолданылады.
Алдын-ала кернеулену механикалық, электротермиялық, электротермомеханикалық және физико-химиялық әдiстермен iске асырылады.
Арматураны тарту процесiнде күштiң арматурадан бетонға берiлу барысында бетонның сығылуынан кейiн бiртiндеп уақыт өтуiне байланысты арматурада әртүрлi себептердең алдын-ала кернеулену күшi азая бастайды, жойылады. Кернеулену күшiнiң жойылуы екi түрлi себептен - арматураны тiрекке тартудан және бетонның шөгуiнен, жылжуынан болуы мүмкiн.
Темірбетонның шөгуі және жылжығыштығы. Бетон мен арматураның өзара ілінісулері нәтижесінде деформацияланулары біріккен түрде өтеді. Арматура бетон шөгуінің және жылжығыштығының еркін жүруіне кедергі жасайды. Темірбетон элементінде бетонның шөгуі арматурада сығылу және бетонда созылу кернеулерінің пайда болуына әкеледі. Элементте, арматураның жоғарғы мөлшерінде, шөгу жарықтары пайда болуы мүмкін.
Жүктеменің ұзақ әсерінде жылжығыштық бетон мен арматурадағы кернеудің өзара қайталап таралуына әкеледі. Темірбетон конструкциялары түрлеріне байланысты жылжығыштық олардың жұмысына жақсы да, жаман да әсер етуі мүмкін. Сығылған, қысқа темірбетон элементтерде жылжығыштық деформациялары бетон мен арматураның беріктік қасиеттерінің толықтай қолданылуына мүмкіндік береді. Иілгіш және майысқыш сығылған элементтерде жылжығыштық майысудың өсуіне әкеледі, сонымен бірге конструкцияның көтергіштік қабілетін төмендетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет