Стандартты ерітінділер Стандартты ерітінділер – дәрілік заттардың ССРО МФ-дағы сәйкес мақалаларында көрсетілген белгілі концентрациядағы (қышқыл, сілті, тұз, формальдегид және басқалар) стандартты фармакопеялық сұйықтықтар. Стандартты сұйықтықтар өндіріс жағдайларында дайындалады.
Стандартты ерітінділердің қатаң түрде белгіленген концентрациясы бар.Рецептерде олар басқа концентрацияларда жазылуы мүмкін.Стандартты ерітінділер сумен жақсы араласады, сондықтан, стандартты сұйықтықтарды сумен сұйылтады.
Стандартты ерітінділер дайындау Дәл массасын өлшеуге мынадай шарттарға жауап беретін заттар пайдаланылады:
а) Зат химиялық таза болуы керек, бөгде қоспалардың мөлшері 0,05-0,1 %- тен аспауы керек.
б) Заттың құрамы белгілі химиялық формулаға сәйкес болуы керек.
в) Қатты және ерітінді түріндегі заттың құрамы ауада сақтағанда тұрақты болуы керек.
г) Өлшеу қатесінің мәнін азайту үшін алған заттың молекулалық массасы үлкен болғаны қажет.
Тәжрибеде стандартты ерітінділер дайындауға жиі фиксаналдар пайдаланылады. Фиксанал – дәнекерленген шыны ампулаға салынған, 1 л белгілі концентрациялы (С(f экв,Х)=0,1М ерітінді дайындауға сәйкес, дәл өлшенген зат. Фиксаналды пайдаланып ерітінді дайындау үшін ампуланың ішіндегі затты толығымен 1 л өлшем колбасында ерітеді.
2. Егер зат жоғарыда келтірілген шарттарға жауап бермесе, онда концентрациясы жуық мәнмен белгілі ерітінді дайындалады да, оның дәл концентрациясы басқа стандартты ерітіндіні пайдаланып анықталады.
Ерітіндінің концентрациясын анықтағанда да және анализ жүргізгенде де титрлеудің келесідей екі жолын пайдалануға болады:
1. Алғашқы стандартты не анализдейтін заттың нақты мөлшерін өлшем колбасында ерітеді, белгіге шейін сумен толтырып ерітіндіні дұрыстап араластырады. Ол үшін тығынмен жабылған колбаны бірнеше рет аударады. Осы ерітіндінің пипеткамен аликвотты мөлшерін алып, оны титрлейді.
2. Алғашқы стандартты (не анализдейтін) заттың массасы бір-біріне жуық жеке нақты мөлшерлерін алады, әрқайсысын суда ерітіп, алынған ерітінділерді титрлейді. Бұл әдіс жеке нақты мөлшерлер әдісі деп аталады.
Титриметриялық анализдегі есептеулердің негізі эквиваленттер заңдылығына сүйенген. Реакцияласатын заттардың эквиалентті мөлшерлері бір-біріне тең (nЭ1= nЭ2). Осыдан эквиваленттің молярлы концентрациясына ауыссақ химиялық анализдің негізгі есептеу теңдіктерін аламыз. Эквиваленттің молярлы концентрацияның анықтамасы бойынша ол 1 л ерітіндідегі еріген заттың мольэквивалент (мэкв), не 1 мл ерітіндідегі – миллимольэквивалент (ммэкв) мөлшері. Сондықтан, көлемнің осы концентрацияға көбейтіндісі (С1(f э). V1) осы көлемдегі заттың реакцияға қатысатын ммэкв мөлшерін көрсетеді.
Стандартты фармакопеялық сұйықтықтардан дәрілік түрлер дайындау тікелей босатылатын құтыда жүргізіледі және қажет болған жағдайда ерітіндіні сүзеді.Стандартты фармакопеялық сұйықтықтарды шартты түрде 3 топқа бөледі:
1-ші топ. Хлорсутек қышқылының екі фармакопеялық ерітіндісі
1) Таза хлорсутек қышқылы
Acidum hydrocloricum purum 24.8-25.2%
(ССРО МФ Х басылымының 17 мақаласы).
2) Сұйылтылған хлорсутек қышқылы
Acidum hydrocloricum dilutum 8.2-8.4%
(ССРО МФ Х басылымының 18 мақаласы).
2-ші топ. 1) Аммиак ерітіндісі
Liquor Ammonii caustici seu
Ammonium caustici solutum 9.5-10.5%
(ССРО МФ IX басылымының 464 мақаласы).
2) Концентрлі сірке қышқылы
Acidum aceticum 98%
Сұйылтылған сірке қышқылы
Acidum aceticum dilutum 30%
3-ші топ. Бұл топқа шартты және химиялық атаулары бар стандартты сұйықтықтар жатады.Аталуына байланысты бұл ерітінділердің дайындалу технологиясы ерекшеленеді.