М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет5/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

Бақылау сұрақтары:


  1. Ғимараттар тағайындалуына байланысты қандай түрлерге бөлінеді?

  2. Құрылыстық жарық техникасының негізгі мақсаты?

  3. Ғимараттардың көлемдік-жоспарлық өлшемдерінің және конструкциялар

мен құрылыстық бұйымдардың унификациясы неге негізделіп жүзеге асырылады?

3–4-дәрістер тақырыбы.


Азаматтық ғимараттарды жобалаудың негіздері. Ғимараттардың көтеруші негізі және конструкциялық жүйелері.


Ғимараттар құрылысы типтік, жеке және тәжірибелік жобалар бойынша жүзеге асырылады.


Жоба дегеніміз тұрғызылатын ғимаратты, құрылымды немесе кешенді сипаттайтын техникалық құжаттар жиыны.
Жобалау екі немесе бір кезеңді жүзеге асырылуы мүмкін.
Екі кезеңдік жобалау типтік жобаларды және жеке күрделі ғимараттар мен құрылымдарды құрастыру үшін орындалады.
Біркезеңдік жобалауды күрделі емес техникалық шешімді ғимараттар үшін және құрылыс орнының жағдайында типтік жобаларды байлағанда жүзеге асыралады.
Тұрғындық ғимараттарға пәтерлік үйлер (ұзақ тұру үшін), жатақханалар (уақытша тұру үшін), қонақ үйлер (қысқа мерзімде тұру үшін) жатады.
Көп пәтерлі секциялы тұрғындық үйлер – қалалар мен ірі ауылдар құрылысындағы ғимараттардың негізгі түрі. Бір сатылы тормен біріктірілген пәтерлер тобын тұрғындық секция деп атайды. Тұрғындық үйлер құрылысы бір немесе бірнеше тұрғындық секциялардан тұратын дербестік типтік блоктар секциялар негізінде жүргізіледі. Ғимаратта орналасу орны бойынша блоктар – секциялар қатарлы, бүйірлік, бұрыштық, бұрылмалы және т.б. болып аталады; мұндай секциялардан әр түрлі ұзындықты және пішінді үйлер құрастырылады.
Көпқабатты үйлер жоспарлану шешімдері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

    • көп секциялы: мұндай үйлерде әр қабатта сатылы тордың айналасында, қабат сайын қайталанып, секцияларды құрайтын, 2-8 пәтерлер орналасқан;

    • дәлізді – сатылы торға алып келетін, пәтерден жалпы коридорға шығуымен ерекшеленеді;

    • галереялы – пәтерден ашық немесе әйнектелген галереяларға шығуымен жобаланады. Қабаттар арасындағы байланыс ғимараттардың бүйірлеріндегі немесе ортасындағы сатылы торлар арқылы жүзеге асырылады.

Жатақханалар дегеніміз қосымша аудандары бар бөлмелерімен және мәдени-тұрмыстық пен медициналық қызмет көрсетуге арналған бөлмелерімен тұрғындық ғимараттар.
Тұрғындарға әулеметтік қызмет көрсетуге және әкімшілік мекемелерін орналастыруға арналған ғимараттар қоғамдық деп аталады.
Оларды тағайындалуы бойынша келесі топтарға бөледі: оқу орындары (бала бақша, мектеп және т.б.); емдік-сақтандыру (емханалар, ауруханалар, емдеу- сауықтыру орны); мәдени-ағарту (клубтар, театрлар, музейлер); сауда-коммуналдық (дүкендер, асханалар, кір жуатын орындар ); көлік және байланыс (вокзалдар, байланыстар түйіндері, теледидар орталықтары); мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды орналастыру үшін әкімшілік ғимараттар.
Қоғамдық ғимараттарды жоспарлаудың келесі сұлбалары болады:

    • анфиладты – музейлерде, галереяларда, әмбебап дүкендерінде қабылданатын бөлмелердің кезекті орналасуы;

    • дәлізді – дәліздің бір немесе екі жағы бойынша бөлмелердің орналасуы; мұндай жоспарлау әкімшілік, оқу орындары, емдік-сақтандыру және басқа ғимараттарда тиімді;

  • залды (шоғырлас) – айналасына қосымша бөлмелер орналасқан залы бар ғимараттар үшін сипатты; мұндай шешімді кинотеатрлар, цирктер және басқа ұқсас ғимараттарда қолданады;

    • аралас – жоғарыда қарастырылған жоспарлау сұлбаларының үйлесуі болып табылады (мысалы, клубтың жоспарлануы – залдың айналасына орналасқан бөлмелердің орналасуы – шоғырлас, фойе, залдың орналасуы – анфиладты, үйірме жұмыстары бөлмелерінің орналасуы – дәлізді).

Қоғамдық ғимараттардың жобаларының негізгі көрсеткіштері:

  • жұмыс ауданы – бар бөлмелердің барлық аудандарының қосындысы;

  • жалпы аудан – жұмыстық бөлмелердің аудандарының және дәліздердің, тамбурлардың, өтулердің, техникалық мақсатты бөлмелердің аудандарының қосындысы;

  • құрылыс ауданы – жергілікті жерде ғимарат алып жатқан аудан;

  • жерүсті бөлігінің құрылыстық көлемі – құрылыс ауданының таза еден деңгейінен шатырлы жабынның жоғары бетіне дейінгі биіктікке көбейтіндісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет