М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет9/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Іргетастар ғимараттың жер үсті бөлігінен күштерді қабылдайтын және оларды топыраққа беретін ғимараттың маңызды конструкциялық элементі болып табылады. Ғимараттар іргетастары берік, іргетастың табанының жазықтығында құлауға және жылжуға тұрақты, ұзақ мерзімді, экономикалық үнемді және индустриалды болуы тиіс.
Ғимараттың жер үсті бөлігі орналасатын іргетастың жоғарғы жазықтығы іргетас беті, ал топырақпен түйісетін оның төменгі жазықтығы іргетас табаны деп аталады. Топырақтың жоспарланған бетінен табан деңгейіне дейінгі арақашықтықты іргетастың орналасу тереңдігі деп атайды. Ғимараттың тағайындалуы, онда жертөленің болуы, қату тереңдігі, топырақ суларының деңгейі – осының бәрі іргетастың орналасу тереңдігіне әсер
етеді. Егер негіз ылғалды ұсақ дақылды топырақтан (ұсақ, шаңды топырақтан, сары топырақтан, саздан) құрылса, онда іргетас табанын топырақтың қату деңгейінен биік емес етіп орналастырады. Ісінбейтін топырақтарда (ірі кесекті, қиыршық тасты, ірі және орташа ірі топырақты) іргетастың орналасу тереңдігі қату тереңдігіне байланысты емес, бірақ ол жоспарланған жер деңгейінен 0,5 м кем емес болуы қажет.
Жылытылатын ғимараттардың ішкі қабырғалары және бағаналары асты іргетастың орналасу тереңдігі топырақтың қату тереңдігіне тәуелді емес қабылданады, оны 0,5 м кем емес етіп тағайындайды. Біркелкі емес шөгулерді болдыртпау үшін ішкі және сыртқы қабырғалар іргетастары біртекті топыраққа сүйенуі тиіс.
Іргетастар түрлері:

    • конструкциялық схемалары бойынша – ғимараттың көтеруші қабырғалары асты үздіксіз лента түрінде орналасатын ленталы; ұстындар асты бөлектіректер түріндегі бағаналы; ғимарат асты ірі плита пішініндегі тұтас; топыраққа қағылатын темірбетонды немесе басқа стерженьдер түріндегі қадалы (4 – сурет);


4 – сурет. Іргетастардың конструкциялық схемалары:
а – қабырғалар асты ленталы; б – ұстындар асты ленталы; в – қабырғалар асты бағаналы; г – ұстындар асты жеке; д – арқалықсыз тұтас; е – арқалықты тұтас; ж – қадалы; 1 – қабырға; 2 – ленталы іргетас; 3–темірбетонды ұстын; 4 – темірбетонды іргетасты арқалық; 5 – бағаналы іргетас; 6 – қадалы іргетас ростверкі; 7 – темірбетонды іргетасты плита; 8 – қадалар

    • материалы бойынша – табиғи тастан; бутобетоннан; бетоннан; темірбетоннан;

    • күштер әсерінен жұмыс істеу сипаты бойынша – сығылуға жұмыс істейтін қатаң (бутты, бетонды, бутобетонды); сығылуға және иілуге жұмыс істейтін иілгіш (темірбетонды);

    • орналасу тереңдігі бойынша – таяз (5 м дейінгі) және терең (5 м үлкен) орналасуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет