М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер. Кіріспе



бет10/14
Дата14.02.2022
өлшемі54,13 Kb.
#25507
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.

Базарлық (дәстүр) алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны "базарлық" деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады (Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, 26 б.).

...Құнанбайдың жаңағы бетіме Абайды сөз қыла бастады. Бөжей мен Байсалға қарап

-Сендер мұның сүндетке отыртқанда не дегенін естіп пе едіңдер? – деп аз күліп алады.

Қаратай күле отырып:

 – Сүндетке отырғызғанда ауырсынып жылап жатқан: «Құдай-ай, бұл қорлықты көргенше, қыз қып неге жаратпадың!...» депті. Сонда шешесі: «Ақылсыз балам-ау, қыз болсаң бала таппас па едің, содан қиын боп па?» десе, мынау «Ойбай, онысы тағы бар ма еді?» деп,жылауын тия қойып,шыдай беріпті ,- деді. Үлкендер ақырын мырс-мырс күліп қояды [2, 13].   

Сүндет той – қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыз ер балаларын бес-жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызады. Сүндетке отырғызбас бұрын әрбір ата-ана баласын алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындайды. Алдымен "бір, екі. үш, төрт, бес, шүметайымның басын кес!" деп тақпақ үйретеді, "сүндетке отырғаннан кейін ғана сен нағыз жігіт боласың" деп күнделікті құлағына құя береді. Осындай әңгімелерге әбден еті үйренген бала осы бір күнді асыға күтіп, іштей дайын болып жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет