М., Хамзина М. Б. Клиникаға кіріспе: практикалық манипуляциялар алгоритмі


Ер адамдарда жұмсақ катетермен қуықты катетеризациялау



бет22/27
Дата06.12.2022
өлшемі5,89 Mb.
#55118
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АЛГОРИТМІ

22. Ер адамдарда жұмсақ катетермен қуықты катетеризациялау

1.Науқаспен өзара сенімді қарым - қатынасты орнатыңыз, науқастың оңашалауын қамтамыз етіңіз.


2. Пациентке манипуляцияның өткізілу барысын және мақсатын түсіндіру. Катетеризацияны жүргізуге пациенттің келісімін алу. Қарсы көрсетілімдердің болуын анықтау.
3.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.
4.Науқасты арқасына жатқызыңыз: жамбасының астына клеенка жайып,оның үстіне жаялықты төсеп, аяғының арасына дәретсауыт (судно) немесе зәр қабылдағыш ыдысты қою. Пациенттен аяғын бүгіп, шат аралығын ашуын сұрау.
5.Сол қолдың III және IV саусақтарының арасына жыныс мүшесін алып, басын сәл қысыңыз, және І және ІІ саусақтарымен сәл артық терісін ысырыңыз.
6.Оң қолға шырышты қабыққа арналған антисептикті алып, жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төмен несеп бөліну өзегінен шетке қарай тазартыңыз.
7.Оң қолда қысылған стерильді пинцетпен катетердің тұмсығынан 5-7 см қашықтықта алыңыз, катетердің шетін қолдың үстінен орап IV-V саусақтар арасына қысыңыз.
8.Катетердің тұйық жағына стерильді глицерин немесе вазелин майын пипетка әдісімен майлап, зәр шығаратын каналға ақырын енгізіңіз.
9.Біртіндеп катетерге ақырын басып, катетерді несепағар бойымен тереңірек жылжытыңыз, несеп пайда болғанға дейін катетерді пинцетпен әр 3-5 см сайын ұстап тұрыңыз (анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып,сол қолыңызбен жыныс мүшесін катетерға қарай төмендетіңіз, бұл катетердің уретрия бойымен алға жылжуына ықпал етеді ).
10.Егер катетерді енгізу кезінде кедергілер туындаса, науқасты тыныштандырып, денесін бос ұстауды ұсыну. Егер катетер уретраның қуыққа кіретін бөлігіне қарай ену қиындаса дереу дәрігерге хабарлау.
11.Несеп шыққан кезде катетердің бос ұшын дәретсауыт (судно) жинайтын ыдысқа салыңыз. Зәр бөліну ағымы азайғанда қолмен қасаға үстінен іштің алдыңғы қабырғасын басыңыз.
12.Катетерден зәр бөліну өздігінен тоқтаған кезде зәр шығару каналынан абайлап стерильді салфеткамен катетерді алыңыз. Пайдаланылған медициналық заттарды: қолғапты, сүрткілерді, шариктерді және салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
13.Несеп шығатын сыртқы өзегін шприцтің көмегімен фурациллин ерітіндісімен жуу. ( сур.12, б)


а б
Сурет 12. Жұмсақ катетермен қуықтың катетеризациясы
а-әйелдерде; б - ерлерде
Қорытынды
Оқу құралы «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация» мамандықтарының студенттеріне «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша құрастырылған және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған (кәсіби және өндірістік практика үшін).
Теориялық білімді игергеннен кейін бұл нұсқаулық манипуляция алгоритмдерін қолдана отырып, кәсіби шеберліктер мен дағдыларды өз бетімен дамытып, өзіңізді тексеруге мүмкіндік береді. Оқулықтың әрбір тақырыбы студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оны басқару үшін қажет бөлімдерден тұрады.
Алгоритм бойынша жұмыс құзыреттілікті бағалау матрицасын жасауға мүмкіндік береді. Студент мінез-құлық, пайымдау деңгейінде өзінің қабілеттілігін, біліктілігін және мамандыққа деген қызығушылығын көрсетеді.
Оқулықтың негізгі мақсаты - «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша білім сапасын көтеру, барлық сабақтарда алған білімдерді, дағдыларды және практикалық дағдыларды бекіту (сабақтың барлық түрлері: тәжірибелік сабақтар, білім алушылардың оқытушының басшылығымен атқарылатын өзіндік жұмысы, білім алушылардың өзіндік жұмысы). Стандартты көзқарасқа негізделген манипуляциялардың алгоритмдері: - кәсіби медициналық білімнің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейлерінде орындау дағдыларын қалыптастырудың бірыңғай талаптарын белгілеуге ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет