М., Хамзина М. Б. Клиникаға кіріспе: практикалық манипуляциялар алгоритмі


Әйелдерде жұмсақ катетермен қуықты катетеризациялау



бет21/27
Дата06.12.2022
өлшемі5,89 Mb.
#55118
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АЛГОРИТМІ

21. Әйелдерде жұмсақ катетермен қуықты катетеризациялау

Қуықтың катетеризациясы – дер кезінде қуықтағы несепті шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу,дәрі-дәрмектерді енгізу үшін оған катетер енгізу болып табылады.


Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсетілімдері:

  • зәр шығару каналының жарақаты

  • қуық тамырының жарылуы,қан кетуі

  • жедел уретрит;

  • простатит;

  • кавернит;

  • орхоэпидимит.

Жабдықтар:
стерильді бір реттік катетер (немесе стерильді бір реттік катетеризация жинағы);
стерильді глицерин немесе вазелин майы;
стерильді науадағы пинцеттер;
корнцанг;
стерильді тампондар;
стерильді салфеткалар;
зәр қабылдағыш;
зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс;
0,02% жылы фурацилин ерітіндісі;
астына төсейтін клеенка, жаялық;
стерильді қолғап бетперде ;
Б санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.


Әйелдерде жұмсақ катетермен қуықты катетеризациялау
1.Науқаспен өзара сенімді қарым - қатынасты орнатыңыз, науқастың оңашалауын қамтамыз етіңіз.
2.Пациентке манипуляцияның өткізілу барысын және мақсатын түсіндіру. Катетеризацияны жүргізуге пациенттің келісімін алу. Қарсы көрсетілімдердің болуын анықтау.
3.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.
4.Науқасты арқасына жатқызыңыз: жамбасының астына клеенка жайып,оның үстіне жаялықты төсеп, аяғының арасына дәретсауыт (судно) немесе зәр қабылдағыш ыдысты қою. Пациенттен аяғын бүгіп, шат аралығын ашуын сұрау.
5.Сол қолдың I және II саусақтарымен стерилді салфетканы пайдаланып үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, несеп шығатын өзектің сыртқы тесігін ашыңыз.
6.Оң қолмен корнцангпен стерильді дәке тампонын алып, антисептикалық ерітіндімен жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төмен зәр бөліну каналын тазартыңыз.
7.Оң қолыңызбен пинцетпен стерильді катетерді алып дөңгелектелген ұшынан 5-6 см қашықтықта, қалам тәрізді алып, IV және V саусақтардың арасындағы бос ұшын ұстаңыз.
8.Катетердің тұйық жағына стерильді глицерин немесе вазелин майын пипетка әдісімен майлаңыз.
9.Катетерді зәр шығару каналына 3-5 см енгізіңіз, несеп шыққанға дейін, катетердің бос ұшын дәретсауыт (судно) жинайтын ыдысқа салыңыз.
10. Зәр бөліну ағымы азайғанда қолмен қасаға үстінен іштің алдыңғы қабырғасын басыңыз.
11. Катетерден зәр бөліну өздігінен тоқтаған кезде зәр шығару каналынан абайлап стерильді салфеткамен катетерді алыңыз. Пайдаланылған медициналық заттарды: қолғапты, сүрткілерді, шариктерді және салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
12. Несеп шығатын сыртқы өзегін шприцтің көмегімен фурациллин ерітіндісімен жуу . (сур.12 а)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет