Пікір жазғандар: 1.Байжанова К.Т. – Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университетінің Шымкент медицина институты, Терапия кафедрасының профессор міндетін атқарушы.
2.Салтабаева У.Ш. - PhD, КеАҚ «АМУ», мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі.
3.Шаймұратова А. - КеАҚ «АМУ», мемлекеттік тілді дамыту тобының жетекші маманы
К 42 Клиникаға кіріспе: Практикалық манипуляциялар алгоритмі. Оқу құралы. /Куанышбаева Г.С., Каркабаева А.Д., Тайжанова Л.Е. – Нұр – сұлтан - 2021. – 48 бет.
ISBN 978-601-244-390-5 Оқу құралы "Жалпы медицина", "Стоматология", "Фармация" мамандықтары үшін "Клиникаға кіріспе" пәні бойынша құрастырылған. Оқу құралы оқу процесінде қолдану үшін ұсынылады. Алгоритм - бұл студентке (орындаушыға) іс-әрекеттер тізбегін орындау үшін берілетін түсінікті және нақты нұсқаулықтар (ұйғарым).
Оқытуда алгоритмдерді қолдану білім беруді бірізділендіруге, студенттерді даярлау талаптарын реттеуге, практикалық сабақтарда, БОӨЖ, бақылаудың аралық және қорытынды кезеңдерінде манипуляцияның дұрыстығын бағалау кезінде түсінбеушіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алгоритмдерді қолдану арқылы оқыту студенттің пәнді тиянақты меңгеруіне, оқытушының практикалық алгоритмдерді түсіндіру және өңдеу жолдарын үйретуде бір тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Аталған оқу құралын дайындау кезінде медицина қағидаттарына сәйкес ғылыми зерттеулердің нәтижелері, стандартты операциялық процедуралардың (СОП) манипуляцияларын орындау алгоритмдері, ҚР ДСМ бұйрықтары, оқу материалдары зерделеніп, ескерілді.