«Клиникаға кіріспе» пәні бойынша практикалық манипуляциялар алгоритмдері Кәріжілік артериясындағы тамыр соғуды есептеу және оның сапасын анықтау
Тамыр соғуы (пульс) (лат. pulsus-соққы, итеру) - жүрек циклдерімен байланысты артерия қан тамырлар қабырғаларының ырғақты қозғалуы.
Артериальды пульс – жүректің жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның шығарылуына байланысты артерия қантамырларының ырғақты тербелісі (олардың қанмен толтырылуының өзгеруімен байланысты).
Орталық (қолқа, ұйқы артериялары) және перифериялық (кәріжілік, аяқ сыртқы артериясы және кейбір басқа артерияларда) деп пульс ажыратылады.
Жабдықтау: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер, ф-004у температура парағы, қызыл түсті қаламсап (қызыл түсті қарындаш).
1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, манипуляцияның мақсаты мен бағытын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату) . Қолды бос ұстауды ұсыну, білек пен білезік сүйектеріне салмақ түсірмеу.
3.Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәріжілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. (Кәріжілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз )
4.Науқастың оң және сол қолының күре тамыр қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз (егер де тамыр соғу бірдей болса, онда бір қол бойынша ұстап анықтайды, тамыр соғу әр түрлі болса , тамыр соғуы айқын білінетін қол бойынша сипаттама беріледі ). Бірдей тербеліспен, тамыр соғудың екі қолда бірдей болуы тамыр соғудың синхрондылығын анықтайды.
5.Тамыр соғудың ырғағын анықтау (әр пульс толқындарының арасындағы интервалды анықтау ). Тамыр соғу ырғағы (pulsus regularis) - егер де күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті, әр пульс толқындарының арасындағы аралықтары әр түрлі болса, тамыр соғу ырғағының бұзылыстары байқалса - ырғақсыз-аритмиялық (pulsus irregularis) деп аталады.
6.Тамыр соғу жиілігін анықтау – 60 секунд ішінде секундамері бар сағатқа қарап отырып тамыр соғу толқынының (соққының) санын есептейді. Ересек сау адамның жүрек соғу жиілігі 1 минутта 60-90 соққыны құрайды.
Жүрек соғу жылдамдығы минутына 90 соққыдан асқан кезде тамыр соғудың жиілеуі пайда болады (pulsus frequens) – тахикардия, тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса – тамыр соғудың сиреуі пайда болады (pulsus rarus) - брадикардия. 7.Тамыр соғудың кернеулігін анықтау (тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін кәріжілік артериясын кәріжілік сүйегіне қысу қажеттілігі). Егер тамыр соғысы қалыпты қысу кезінде жоғалса, қанағаттанарлық кернеу күші , қатты қысым кезінде - пульс кернеулі (қатты) (pulsus durus), жеңіл қысу кезінде - кернеусіз (жұмсақ) (pulsus mollis).
8.Тамыр соғудың толуын анықтау (жүректің систолдық көлемімен байланысты артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша сипатталады, пульсті толқын өту кезінде артерияның көлемінің ұлғаю дәрежесімен анықтайды ). Егер толқын жақсы сезілсе, жүректің қолқаға айдайтын қан көлемі жеткілікті мөлшерде болса , тамыр соғу толық(pulsus plenus). Егер айналымдағы қан көлемінің аз болса – тамыр соғу әлсіз не бос болады (pulsus vacuus).
9.Тамыр соғудың көлемін анықтау. Толу мен кернеу бойынша тамыр соғудың көлемін анықтауға болады. Тамыр соғу көлемі - артерия қабырғасы тербелісінің жинақтық амплитудасына байланысты болады. Толуы жақсы, кернеулігі жеткілікті үлкен деп аталады (pulsus magnus), әлсіз толуы, кернеуі аз - кіші (pulsus parvus). Егер пульсті толқындардың шамасы қиындықпен анықталса, онда мұндай пульс жіп тәрізді деп аталады.
Тамыр соғуын зерттеу нәтижелерін тіркеуді жүргізу екі тәсілмен белгіленеді: сандық - медициналық құжаттамада, журналдарда және графикалық - температуралық парақта қызыл түсті қаламмен (қызыл қарындашпен) "П"(пульс) бағанында белгілейді. Температуралық парақта (ф-004у) 100-ге дейінгі бөлу бағасы екіге тең (10-ды 5 ұяшыққа бөлінеді), 100-ден жоғары - төртке (20-ны 5 ұяшыққа бөлінеді). (сурет 2).