М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ М.Ж. Көпеев шежiресiнiң және жалпы
Шығыс шежiре үлгiлерiнiң ортақ жаңсақ
кетушілігі де кездеседі. Мысалы, қолжазбалардың
шашыраңқы орналасуы, кейбiр оқиғалардың
қолжазбаларда өзгерiссiз қайталануы т.с.с.
Ғалым қолжазбасындағы тарихи мәлiметтердiң
байланыстылығын, хронологиялық реттілігін
аңғару қиын. Мысалы, қазақ халқының шығу
тегiн әртүрлi вариантармен жазады. Қазақ
аңыздарындағы түркiлiк кезеңдi (Мәшһүрдiң
Әбiлғазы шежiресi) Ел хан есiмiнен бастап
баяндайды. Бұл нұсқаларда қазақтың шығу тегiн
Аныс (Әнес, Ан), Ақкөсе, Мәлiк сахабалардан
бастап тарату себебiне тоқталған. Мәшһүр Жүсiп
Көпейұлы « Қазақ түбінде» Ш. Құдайбердіұлы
шежiресiндегі /32/ “қазақты арабтардан тудыратын”
үлгiнің күмәнді жақтарын ашып көрсетеді.
М. Ж. Көпеев “Бұл қазақ қай уақытта үш
жүз атанған” еңбегінде Алаша хан замандастары
ретiнде Қондыкер, Құбаң, Қотан, Қоғам, Майқы
есiмдерi айтылады /33/. Оның мәлiметтерi де
/34/, Ә.Х.Марғұлан зерттеуi / 35/ де Қондыкер
атауын оғыз этнонимiмен байланыстырады:
“Қазақ эпосында оларды “Көндiгер Құбаң жұрты”,
“Ноғайлы”, “Қаят”, “Қыпшақ” деп түрлi атаумен
атайды. Бұл жердегі “Көндiгер, Құбаң жұрты”
дегенi–орта ғасырлардағы Күншығыс әдебиетiне
әйгiлi ‘’оғыз’’ бен “қыпшақ’’ жұрты. “Кубан”
Еуропа әдебиетiнде жиi кездесетiн “Куман” елiнiң
осы күнге дейiн сақталып келген бiр есiмi болуы
әбден ықтимал, екiншi сөзбен айтқанда қыпшақтың
бiр руының аты да болуы мүмкін”. / 36/ Егер IХ-
ХII ғғ. тарихты Мәшһүр шежiресi этнонимдер
атауларын кiсi есiмдерiмен байланыстырып
көрсетсе, « Қазақ түбі» ХIII-ХIV ғғ. және ХV-ХVII
ғғ. оқиғаларды Шыңғыс әулетi шежiре үлгiлерi
(Әбiлғазы мәлiметтерi) арқылы баяндайды. / 37/
Қазақ хандарының Сырдария қалалары үшiн
ХV ғ. а. мен ХVI ғ. б. шайбанилармен күрес
жүргiзгенi белгiлi/ 38/. Осы бiр саяси күрес тарихын
айғақтайтын мәлiметтер « Қазақ түбі» де бар. ХVI
ғ. дәуiрi тудырған мотив қазақ ру-тайпаларын
“қожалардан” шығарып таратады. Мәшһүр
Жүсiптiң “Қазақ шежiресiнде” / 39/ Жанарыстың
(Орта жүз) 6 баласына (Қарақожа–“арғын”,
Аққожа–“найман”, Ақтамбердiқожа–“қыпшақ”
т.с.с.), Арғын тоқалынан тараған 5 ұлына (Ақсопы–
“қанжығалы”, Қарасопы–“қарауыл”, Сарысопы
т.т.) “қожа”,“ сопы ” есiмдерi қатар айтылады.
ХVI ғ. б. қазақ қоғамында дiн өкiлдерiнiң ықпалы
зор болғандығы 3.Жандарбек зерттеуiнде сөз
болып, Байшора, Жаншора, Қарашора, Аққожа,
Қыдырқожа (Кiшi жүз Алшында) атаулар тарихы
қожалардың жүздердiң пiрлерi болғандығымен
сабақтастырылған / 40/.
« Қазақ түбі « шежiресiнiң “ноғайлы” үлгiсi
де бар. Мұнда да қазақ халқы тарихы Ормамбет
есiмiне байланысты аңыз-әңгiмелер арқылы
берiлген. М.Тынышпаев зерттеуiнде Ормамбет би
өлген соң (1600 ж. шамасында) ноғайлардың өзара
бытырап кеткенiн айғақтайды / 41/. Ендi бiр шежiре
сөзiнде Мәшһүр-Жүсiп қазақтың Келiмбеттерден
бастап тарататұғын нұсқалар барлығын, бiрақ
үлгiлер тарихын ешкiм түсiндiре алмағанын
айтады: “Бiреу Болат қожа дейдi, бiреу Ақжол
дейдi. Екеуi бiр кiсiге аталған ат деседi. Ақарыс,
Жанарыс, Бекарыс, үш жүздiң атасының аты
деседi. Бiреулер Ақсақ Келiмбет, Қара Келiмбет,
Сары Келiмбет, Науан, Шодан деген аталары бар
десiп жүрдi. Бiрақ олардың ар жағы кiм, бер жағы
кiм екенiн бiлiп сөйлеушi жоқ болды ’’ / 42/. Ал
В.З.Галиев кiтабында /43/ бұл Келiмбеттердiң
Ноғай ұлыстарын басқарған Ормамбет, Тiнмамбет
балалары екендiгiн айтып, шежiрелердегi
“Келiмбет” варианттарын ХVI-ХVII ғғ. қазақ-
ноғай байланыстары тарихы деп түсiндiредi .
Белгiлi шығыстанушы ғалым М.Қ.Әбусеитова
монографиясында ноғайлардың ХVI ғ. Сарыарқаны
қоныстанғаны жоққа шығарылмайды / 44/.
Бұл шежiре нұсқасы тарихына Ә.Марғұлан
да пiкiр бiлдiрген: “Қырда ерте кезде салынған
тас үйлер туралы Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң
жазғандары тарихи жағынан өте бағалы. Ол
кiсiнiң айтуынша ноғайлы-қазақ халқының
әскер басы жiгiттерi айдалада жүргенде, тас
қорған үй жасайтын болған. Шiдертi өзенiнiң
аяғында тұратын, “Ақжар-Сасай”–сол ноғайлы
қыпшақтардың хандарының орда қылып, тақ
орнатқан жерi. Есiл, Нұраның арасындағы үлкен
айдын “Тоғанастың тоқсан екi көлi”–ноғайлы-
қазақтардың жойқын егiн салған жерлерi. “Қызыл-
мола”, “Сұлу-там”, “Сырлы-там”, “Хан-сүйегi”
солардың жәдiгерлерi” дейдi (Мәшһүр-Жүсiп.
Сары-Арқа. 1907, 2-4б.)” / 45/.
Бергi ХVIII ғ. а. оқиғаларды (Абылай ханның
қырғыздарға қарсы жорықтары) айғақтайтын
шежiре сөзi де арғын тайпасы қарамағындағы “жаңа
қырғыз” тармағының пайда болу тарихын қозғайды: