М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ “Жаңа қырғыз деп сөйленедi, қырғыз ханының
Абылай ханға ақ үйлiге берген бiр тайпа елi” / 46/.
Деректердi құрастырушы ғалым ретiнде Мәшһүр-
Жүсiп жинақтаған барлық тарихи материалдарды
өзiнiң « Қазақ түбі « атты жинағына кiргiзген. Бiрақ
қолжазба кiтап мазмұнына кiргiзбестен бұрын бұл
деректер сұрыпталған, толықтырылған, кезеңдерге
бөлiнiп, тақырыптары қойылып жинақталған,
соңында өзара байланыстырып берiлген. Мұның өзi
Мәшһүр-Жүсiптiң деректанушы ретiнде ғылыми
көзқарас негiзiнде зерттеу жұмысын жүргiзгендiгiн
айқындайды.
« Қазақ түбі « нұсқаларының ғылыми маңызын
көтерген бiр құнды өзгешелiгi–әр « Қазақ түбі
« үлгiсiнде тарихтың әртүрлi баяндалуы, кейбiр
нұсқа мәтiндердiң мазмұны келесi « Қазақ түбі «
варианттарында қайталанбауы. Мәшһүрдiң « Қазақ
түбі « тақырыбында жазылған шығармаларының
мазмұны әртүрлi:
Бiрiншi үлгiсiнде Адам Ата Нұх заманынан
Уыз ханға дейiнгi кезең / 47/, Мұхаммед пайғамбар
және Аныс, Ақкөсе сахабалар дәуiрi / 48/, 92 баулы
Қыпшақ, 32 баулы Өзбек, “үш жүз” атанулары
(“Алаша хан” әңгiмесi) туралы шежiре сөздерi /
49/; Әбiлғазы шежiресi негiзiнде Әз Жәнiбектен
бастап әз Тәукеге дейiнгi қазақ хандары тарихын
баяндауы / 50/; Ақтабан шұбырынды оқиғасы
туралы тарихи аңыз-әңгiмелер / 51/ жинақталған.
« Қазақ түбі « екiншi нұсқасында В.В.Радловтың
“Қазақ түбi” аңызындағы Шыңғыс хан (Шынқыз)
шығу тегi жөнiндегi аңыз-әңгiме нұсқасы / 52/;
Абылай хан және оның заманы хақындағы ауыз
әдебиетi үлгiлерi (аңыздар, жырлар, дастандар) /
53/; Нысанбай жыраудың “Кенесары-Наурызбай”
дастаны берiледi.
Vшiншiсiнде Әбiлғазы шежiресiндегi: Адам
Ата, Оғыз (Уыз) хан әңгiмесi /54/; Шыңғыс хан
(Темучин) шығу тегi; Шыңғыс ханнан Есiм ханға
дейiнгi хандар тiзбегi қысқартылған нұсқасы / 55/;
Абылай хан және Абылайдан кейiнгi замандағы
ұрпақтары / 56/ сөз болады.
Төртiншi вариантында үш жүз (“Алаша хан”
әңгiмесi) шығу төркiнi туралы әңгiме нұсқасын
/ 57/; Жәнiбектен әз Тәукеге дейiнгi хандар
шежiресiн (Мәшһүрдiң хандар тiзбегiнiң бiр үлгiсi)
/ 58/; Ақтабан шұбырынды аңызын / 59/, Еңсегей
бойлы ер Есiм хан ертегiсiн / 60/ әңгiмелейдi.
Бесiншi нұсқасына Адам Ата, Уыз хан
шежiресi (Әбiлғазы нұсқасы) / 61/; В.В.Радловтың
Шыңғыс хан шығу тегi туралы әңгiмесi / 62/;
Қ.Халидтың Алтын Орда тарихы және әз Жәнiбек
тегi туралы баяндаулары / 63/; Мәшһүр-Жүсiптiң
Жәнiбектен әз Тәукеге дейiнгi шежiре варианты /
64/; Ақтабан шұбырынды туралы тарихи сөздерi
топтамасы / 65/ кiрген.
Мәшһүр Жүсiп Көпеев жазбаларының
тарихты әртүрлi вариантта әңгiмелеуi « Қазақ
түбі» еңбектерiнiң ғылыми маңызын көтергенiмен,
қолжазба мәтiндерiнiң шашыраңқы сипатта
орналасуы тарих тұтастығын, кезеңдердiң өзара
байланыстылығын түсiнуге керi әсер етедi.
Ғалым тарих туралы мол дерек көздерiн ашып
көрсеткенiмен тарихи оқиғаларды тануға,
жүйелеуге, қорытуға, түйiндеуге келгенде
“самарқаулық” танытады. Әрине бұған Мәшһүр-
Жүсiп дүниетанымының өзегi болған шығыстық
бiлiм ықпалы, дiни орта әсерi негiз болған.
“Қазақ түбi” материалдары бойынша жасалған
шолу Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлының деректанушы,
тарихтанушы, шежiрешi-этнолог, өлкетанушы,
жер тарихын зерттеушi ғалым болғандығына
назар аудартады. Зерттеуде атап-атап көрсетiлген
ғалымның тарихи көзқарастары, ғылыми еңбегi
Отан тарихы ғылымы дамуына мол үлес қосады
деп санаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Көпеев М.Ж. Таңдамалы. / Құрастырған С.Дәуiтов. – Алматы: Ғылым, 1990. – Т.1. – Б.258-259.
2 ОҒКҚҚ, Көпеев М.Ж. қолжазбасы, №1177 папка. - Б.258(301). ; Көпеев М.Ж. Қазақ шежiресi. /
Даярлаған С.Дәуiтов. -Алматы: Жалын, 1993. - Б.9.
3 ОҒКҚҚ, №1177 папка. - Б.99(146).
4 ОҒКҚҚ, №1173 папка. - Б.406.
5 ОҒКҚҚ, №1177 папка. - Б.221(264).
6 Сонда. Б.264-279.