М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет60/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
кең қамтуды, жүйелі жеткізуді қиындатары сөзсіз. 
Сөйтіп біз пайғамбар тууына арналған екі поэманы: 
“Жер мен көк“, “Хаятбақшыны” алдымен салыстыра 
талдап, оның 40 жасқа толғаннан кейінгі өмірін 
көрсететін “Миғраж” дастанына үшінші кезекте, 
ал “Пайғамбардың дүниеден өтуі“туындысына 
ең соңында үңілуді жөн көрдік, Мәшһүр-Жүсіп 
Көпейұлының “Жер мен көк“ дастанына негіз 
болған аңыздар халықтың өткен наным-сенімін 
танытумен қатар ғылым үшін кейін ашылмақ көп 
тың жаңалықтардың да бастау көзі болуы ықтимал. 
Ақынның ертедегі грек, араб, түркі ойшылдарын 
оқумен бірге Ч.Дарвин, В.Белинский тәрізді Европа, 
Россиядағы кейінгі ХІХ ғасырдағы ғалымдардың 
пікірлерімен таныс болғанын [36] ескерсек, белгілі 
бір аңызды пайдаланып, белгілі бір пікір айту үшін 
ақынның көп ізденгенін межелей аламыз. Ақынның 
бұл дастанды қай жылы жазғаны туралы деректі оның 
жиені Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасынан кездестірдік. 
Онда Мәшһүр-Жүсіптің бұл қиссаны 35 жасында , 
яғни 1894 жылы жазғаны көрсетілген. Демек бұл да 
Мәшһүр-Жүсіптің ертедегі аңыздарды ХІХ ғасырдың 
соңғы ширегіндегі ғылыми жаңалықтармен үндес 
алуы мүмкіндігіне жарық түсірмей қоймайды. 
Ендеше ақынның бұл дастанын әрі халықтың көне 
дәуірдегі наным-сенімі айнасы, әрі Мәшһүр-Жүсіптің 
өзіндік көрінісі деп бағаласақ, шығарманың тарихи 
мәні ашыла түседі. Шығарманың алдымен әдеби 
туынды екенін бағымдасақ, оның композициясына 
бірінші кезекте көңіл бөлуіміз заңды. Ақын ең әуелі 
жер мен көк жаратылысы туралы өз ойларын, ежелгі 
аңыздарға негізделген ойларын өзіндік дәлелдермен 
баяндап беріп, дастанның соңғы бөлімін Мұхаммед 
пайғамбардың Хадишаға үйленгенге дейінгі ауыр 
тұрмысын тәптіштеп бейнелеуге арналған. Демек жер 
мен көк жаратылысы туралы айтылған тұжырымдар 
мен Мұхаммед өмірін жалғастырушы өзекті идея 
неде десек, бәрі Алла тағаланың құдіретіне сендіруге 
бағытталған. Аллаға сенудің Абайда да жетекші 
роль атқаратынын зерделесек те, оның ар жағында 
бүкіладамзаттық ізгілік идеясы жатқанын ескеру 
қажеттігі туады.
Мәдениеті, ғылымы өте ертеден, бес мың, 
не төрт мың жыл жемісті дамыды деген: Қытай, 
Үнді Египет, кейінірек туған Грек мифологиясына 
назар аударсақ, оның бәрінде жер, тіршілік пайда 
болуы үшін: жарық, су, оттың ерекше орын алғанын 
көреміз. Мәшһүр-Жүсіп атамыз аталған дастанында 
Алланың алдымен нұрды жаратқанын жазады:
Кім білер әуел ақыр хақтың сырын,
Нәрсе жоқ бір өзінен басқа бұрын.
Ғаламға өзін заһыр қылмақ үшін, 
Жаратты Мұхаммедтің әуел нұрын.
Әлем негізгі жарық пен қараңғының қарым-
қатынасынан, ара салмағынан тұратыны туралы 
пікірдің тарихын іздесек, алдымен ертедегі Қытай 
ойшылдарының жазбасына көңіл бөлуіміз керек.
Ертедегі Қытай философтары әлемнің дамуын 
қарама-қарсы ғарыштық екі принциптің Инь және 
Янның бірлескен әрекеті негіздейтінін айтқан. 
Инь-қараңғылық, суық, ылғал, өлім бастауы 
болса, Ян керісінше-жарық, жылылық, от, туу көзі 
болып саналған.[37] Ал, аспаннан жіберілген ойлар 
жиынтығы саналатын Інжілде /Библияда/ құдайдың 
алдымен көк пен жерді жаратқаны, жердің алғаш… 
бос болып, мәңгілік қараңғылыққа батып тұрғаны, 
содан кейін құдайдың жарық /нұр/ болсын деп 
айтқаны баяндалады.[38] Кейінгі жылдары 
қазақша шыққан Құранға берілген түсініктемеде 
Сануилердің /бейтараптардың/ Алла екеу:
1.Нұр – жақсылық. 2.Зұлмат-қараңғылық, 
жамандықты білдіреді деп санағаны айтылған.
[39] Ал, Мұхаммед пайғамбар негіздеген Құран-
Кәримде Алла екеу емес, тек біреу деп есептелетіні 
белгілі. Онда тікелей “Нұр“айтылмаса да, “жарық“ 
ұғымына, оның жердегі адамдарды бағыттаушылық 
роліне көңіл бөлінген: І.-“Алла/т/ … өз нұсқауымен 
қараңғылықтардан жарыққа шығарып тұп-тура 
жолға салады“ /110 б./
2 . ” Р а с ы н д а М ұ с а / Ғ . С . / н ы : “ Е л і ң д і 
қараңғылықтардан жарыққа шығар, Алланың 
күндерін ескерт“ деп, мұғжизалармен жібердік” 
/255 б./
3.”Ол сондай Алла сендерді қараңғылықтардан 
жарыққа шығу үшін өзі рақмет қылып, періштелер 
дұға қылады“. /423 б./
4.“Ол сондай Алла сендерді қараңғылықтардан 
жарыққа шығару үшін құлына /Мұхаммед Р.С.-ға/ 
ап-ашық аяттар түсірді“ /538 б. [40]
Сонымен бірге Құран Кәримде: “Алла қалаған 
кісісін өз нұрына бөлейді“,[41]-деп жазылған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
В.В. Радлов жинап, жариялаған “Шәриар“ 
қиссасында Мұхаммед пайғамбар төрт шәриарға 
және Бибі Патпаға /кенже қызы –Бибі Фатимаға 
–Г.Ж./сауал береді: “Балдан тәтті, қылдан жіңішке, 
тастан нұрды,// Құраннан тауып берші, бар ма?-
дейді“.[42] Бұл арада Мұхаммедтің алдына қойған 


61


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет