М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет59/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Сондай-ақ өлеңге құрылған негізгі бөлім беташары 
да Алла құдіретін жар етуге арналған:
Алла атымен айттым сөздің әлібін,
Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!
Жаратты ол: жасыл көк, ай, күн, түнді,
Қара жер, ел, заман, уақыт,бұл күнді.[25]
Сонымен бірге “Құтты білікте“ Алладан кейін 
Мұхаммед пайғамбар еңбегін аспандатуға біраз 
орын берілген:
Рахымды ием, пайғамбарын жіберді,
Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.
Түнек түнде шамы болды халықтың,
Саған, жұртқа нұрын шашты жарықтың! [26]
Кейінгі зерттеудің бірінде ХП ғасырдағы 
“Орта ғасырлық сопылық поэзия өкілдерінің 
бірі-Түркістан қаласында туып өскен Сүлеймен 
Бақырғани“[27] екендігі көрсетілген. Түркі 
әлеміндегі сопылық поэзияда ХП-ХШ ғасырда 
өмір сүрген Қожа Ахмет Иассауи ерекше орын 
алатыны белгілі. Ә.Қоңыратбаев былай дейді: 
“Қожа Ахмет Яссауи поэзиясының мазмұнында екі 
түрлі жүйе бар. Оның бірі-суфизм, екіншісі – бұл 
дүниеге сыймай торығу, оны сынау сарыны“.[28]
Кейінгі кезде Қожа Ахмет Иассауи мұрасына 
әдебиетшілермен қатар философ ғалымдардың 
үңіле бастауы байқалады. Мәселен, профессор 
Ә.Нысанбаев:“… Сопылықтың негізін қалаған 
атақты ойшыл Иассаудің дүниетанымы мен 
ф и л о с о ф и я с ы т у р а л ы м а ғ л ұ м а т т а р д ы 
ж ү й е л е у г е ” [ 2 9 ] т ы р ы с қ а н ы н ж а з а д ы . 
Рабғұзидің ХІУ ғасырдағы “Қиссас сул-әнбия“/ 
1310 ж. жазылған/ кітабында бұл дәстүрдің одан 
әрі жалғастырылып, дамытылғанын көреміз. 
Зерттеуші А.Қыраубаева бұл туралы толығырақ 
мағлұмат береді: “Құрандағы мифтердің біразы 
“Тәурат”, “Інжілден“, исламға дейінгі арабтың 
аңыз-әңгімелерінен алынған. Оның бір бөлігі 
пайғамбарлар жайлы аңыздар. Пайғамбарлар 
өмірі туралы, Құраннан басқа, араб-парсы тілінде 
де діни кітаптар шыққан болатын.Рабғұзидегі 
пайғамбарлар туралы әңгімелердің негіздері 
осылардан алынған. [30]
Қазақ ауыз әдебиетіндегі ислам діні әсері 
өзалдына бір төбе әңгіме. Жалпы шығарманың 
идеялық-тақырыптық негізіне қарап, мұсылман 
діні шыққанға дейінгі туындылар, немесе одан 
кейінгілері деп атау да көп ретте өзін ақтап жүр. 
Мәселен:“Көне эпостарға үлкен әлеуметтік 
мәселелер, таптық қайшылық, дін жолында күреске 
шығу сияқты мотивтер жат. Кейіпкерлердің 
іс-әрекеті, күресі отбасы үшін, болмаса өз 
руының мүддесі үшін, соның щеңберінде ғана 
суреттеледі”,-деген пікір орынды.[31]
Зерттеуші Н.С.Смирнова қазақ фольклорына 
ХІХ ғасырда Ислам әсері күшейе түскенін 
а т а п ө т с е , [ 3 2 ] з е р т т е у ш і С . Т а л ж а н о в 
“Мұхаммедия“/1855 ж. жазылған/ кітабында 
“басынан аяғына дейін мұсылман діні, Мұхаммед 
пайғамбардың әулеті” мақталатынын ескерткен.
[33] Сондай-ақ ол Мұхаммед ұрпағы өмірі, 
қиындықтары бейнеленген “Кербаланың шөлі“ 
дастанына да көңіл бөлген.[34]
Мұның бәрі Алла, Мұхаммед пайғамбар туралы 
әр кезде көп қаламгердің жабыла үн қосқанын 
дәлелдесе, арнайы дастан арнамаса да, сөз арасында 
болсын, Алла мен Мұхаммедті жырламаған 
шығыс ақынын кездестіру қиындығы да аталған 
тақырыптың шығыс әдебиеті үшін қаншалық 
мәнді, өзекті болғанын дәлелдей түседі. Басқаны 
былай қойғанда, ұлы ақын Абайдың мына бір 
өлең жолдарын келтірсек те, аталған тақырыптың 
қаншалық жетекші болғаны көзге ұрады:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті,
Алланы танытуға сөз айырмас.[35]
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы аталған тақырыпқа 
арнап көптеген қара сөз үлгілерін, өлең т.б. жазумен 
қатар арнайы дастандар жазған. Солардың ішінен 
арабтың көне және төте әріп үлгілерімен жазылған 
түрлі нұсқалары ақынның өз қолымен жазған 
түпнұсқаны, немесе, оның жиені Жолмұрат, 
баласы Мұхаммед-Фазыл көшірмелерін салыстыра 
отырып, баспа бетінде өзіміз жариялаған төрт 
қиссаны арнайы қарастырмақпыз. Олар: “Жер мен 
көк“/1894 ж. жазылған/, “Миғраж“, “Пайғамбардың 
дүниеден өтуі“ /бұл екі дастанның тап қай жылы 
жазылғаны әзірше белгісіз/, “Хаятбақшы” /1925 ж./. 
Біз осы орайда Мәшһүр-Жүсіп дастандарын жазылу 
мерзіміне емес, тақырып ретіне қарай талдауды 
жөн көрдік. Екі дастанның жазылған жылы белгісіз 
болуы да шығармаларды уақыт ретімен талдауды 
қиындатумен бірге пайғамбардың дүниеге келуіне 
арналған “Хаятбақшы“ дастанының ең соңында 
/1925 ж/ тууы да осы біз таңдаған талдау жүйесі 
дұрыстығын дәлелдейді. Себебі пайғамбар тууын 
сөз етпей тұрып, мәселені оның өлімінен бастау 
ақынның пайғамбар бейнесін жасау табыстарын 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет