Қызығушылықты ояту сатысы: «Ой шақыру» 1 мин. Суреттегі батыр мен оның тұлпарын сипаттайтын 2-3 көркемдік тіркес жазыңыздар.
Мысалы: дулығалы батыр, қаһарлы батыр, айбынды ер, темір сауыт, асау тұлпар, арғымақты ер, ереуіл ат, егеулі найза т.б.
Сұрақтар:
Автор батырдың бейнесін қалай сомдаған?
Автордың батырлықты жырлаудағы шеберлігі неде?
Қандай әдіс-тәсілдер қолданған?
Сабақтың ортасы 18 мин
Мағынаны тану сатысы: Сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады. Фильмнен үзінді көрсетіледі. 2 минут
Батыр кандай күйді басынан кешіруде? Атап жазыңыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=eecesK63mzw 45.26-дан - 46.35-ке дейін Проблемалық сұрақ: Батыр да ет пен сүйектен жаралған адам. Автор Баянның батырлығымен қоса адами бейнесін, оның басынан кешкен махаббат пен намыс, ашу-ыза, ащы қайғы және өзегін өртеген өкініш, қайнаған кек сияқты түрлі сезім шарпысуларын қалай сипаттап жеткізген?
«Сәйкестендіру» 30 секунд Көркемдегіш құралдарды мысалымен сәйкестендіріңіз.