Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет1/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)



Шерхан Мұртаза
ҚЫЗЫЛ
ЖЕБЕ
БІРІНШІ КІТАП
Алматы, 2021


ӘОЖ 821.512.122-3
КБЖ 84 (5Каз)-4
Ш48
Шерхан Мұртаза
Ш48 Қызыл жебе – Алматы: «Дария Дамыту Орталығы» , 2021. 
– 256 бет. 
ISBN 978-601-06-7868-2
«Қызыл жебе» романы Шерхан Мұртазаның тарихи негізде 
жазылған еңбектерінің бірі. Романда қазақ қоғамының көлеңкелі 
келбеті, асау өмірдің ойлы-қырлы қалтарысы, қу дүние, атақ-
мансапты адамдықтан жоғары қойған жанның түрлі сұрқиялыққа
баратыны, зұлымдыққа ұшыраған мазлұмның зар-мұңы, 
күйініші, әлсіздің күштіден көрген қорлығы, дәрменсіздігі асқан 
шеберлікпен, әрі әсерлі бейнеленген. Білім, өнер, иман сынды 
шуақты құндылықтар адамдардан жырақта болғанда, қоғам 
басына келетін кесапаттың жойқын болатыны кітап астарында 
жасырылған ой мәйегіндей.
Кітап барша оқырманға арналады. 
ӘОЖ 821.512.122-3 
КБЖ 84 (5Каз)-4 
ISBN 978-601-06-7868-2
© «Дария Дамыту Орталығы», 2021
© Шерхан Мұртаза, 2021


3
«РЫСҚҰЛ»
роман
Дәуірдің Қызыл Жебесі
Тұрар Рысқұловқа ескерткіш
Автор
I
Түрме әкімшілігі айламызды асырдық деп ойлады.
Арыстан мен жолбарысты бір торға қамап қойсаң бірін-бірі 
талап, ақыры екеуі де талмаусырап, өзінен-өзі жүнжіп құриды. 
Әсіресе бір камераға қазақпен қатар орысты отырғызу Приходько 
мырзаның ойынша, арыстан мен жолбарыстың ырылдасуынан да 
зорырақ жанжалға апарып соқса керек еді...
Губернатор фон Таубе бірде қаланың игі жақсыларын 
шақырып қонақасы бергені бар. Сонда губернатордың бір 
айтқаны Приходьконың есінде мықтап сақталып қалған.
Мырзалар, дүниедегі ең қысқа әңгімені білесіздер ме? – деп 
еді фон Таубе, – небәрі тоғыз-ақ сөзден тұрады.
Ешкім де білмейтін болып шықты. Сонда кітапқұмар 
губернатор өзінің көп оқып, көп білетінін тағы бір танытып, 
мәртебесі аса түсетінін сезіп былай деді:
Екі адам, бір жолбарыс.
Бір адам, бір жолбарыс.
Жолбарыс.
Мырзалар желкесін қасыды. Көбісі түсінбей дал. Губернатор 
қарқылдап күлді.
– Мырзалар-ау, екі адам бірімен-бірі айқасып, ақыры біреуі 
өлмей ме? Ал жалғыз қалған адамды жолбарыс жеп қояды ғой.
Зиялы қауым губернатордың білімділігіне таң қалған болып, 
таңдай қағысып, сыңғыр-сыңғыр хрусталь бокалдар соғысып, 
жоғары мәртебелі фон Таубенің денсаулығына деп, түрегеп 
тұрып шампан ішкен.
Приходьконың есебі бойынша, Рысқұл мен Бронников бірін-
бірі жеп қоюы керек. Сонда жолбарыстың рөлінде өзі қалмақшы.


4
Қызыл жебе 
Бірақ бірнеше күн өтті, екі тұтқынның арасынан жанжал шыға 
қойған жоқ. Бірде шыдай алмай камераға Приходько мырзаның 
өзі келді.
Жағдайың қалай, Бронников?
Бронников бұл сұрақтың сырын түсіне қойды.
– Жағдайдың несін сұрайсыз, Приходько мырза. Мың қандала 
мен бір қазақтың талауына тастадыңыз мені. Шыдам жетер емес.
Байқайды, Приходько риза. Түрме бастық дегенмен кеңпейіл 
көрінгісі келіп:
– Қандай тілегіңіз бар? – деп сұрады.
– Тілегім, шырағдан бергізсеңіз екен.
– Бере алмаймыз. Зиянды кітаптар оқуыңыз мүмкін.
– Егер «Библия» зиянды кітап болса, қойдық, – деп Бронников 
те қарсыласпады. Тек дорбадан жұлым-жұлым кітапты шығарып 
алып, сыртын сипалап қойды. Приходько шыннан «Библия» ма 
екен деп кітапқа қолын соза берді.
Түрме бастық кітапты ашып кеп қалып еді, ашылған жері 
төртінші тараудың басы екен: «Адам-ата мен Хауа-ана жұптасқан 
соң, Хауа-ана Қабыл атты ұл тапты... Содан кейін Абылды 
туды»... – деген сөздерге көзі түсті.
– Бұл жөйт дінінің кітабы ғой. Сіз орыс болғандықтан 
православие шіркеуінің қасиетті кітабы «Евангелиені» оқуыңыз 
керек емес пе? – деп қалды Приходько Бронниковке ренжігендей.
– Приходько мырза, «Евангелие» дегеніміз «Библияның» 
жаңарған нұсқасы ғой. Негізі бір.
– Сонда қалай, Бронников, түсінбеймін. Сіз ғой православ 
шіркеуі батасын берген ақ патшаға қарсысыз. Сөйте тұра діни 
кітап оқисыз, түсініксіз, жұмбақ.
– А, мен мүмкін, бұл кітапты дұрыстап тағы оқып шықсам, 
қатемді түсінермін, – деп қалды Бронников.
– Мүмкін, мүмкін, – деді Приходько сенер-сенбесін білмей. – 
Жарайды, шырағдан бергізейін. Сіз кітаптың мәнін әлгі кішкене 
балаға да түсіндіріңіз.
Приходько Тұрарды шоқындыруға ниет қылғалы қашан. Сол 
ойын іске асырудың бір орайы осы сияқты да көрінді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет