М. К. Ахметова Мәтін лингвистикасы



бет15/126
Дата25.11.2023
өлшемі0,6 Mb.
#126489
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126
Байланысты:
М. К. Ахметова Мәтін лингвистикасы-emirsaba.org

да салалары сияқты ңұрмалас сөйлем синтаксисінің де зерттейтін
өзіндік күрделі объектісі бар (Т.Қордабаев). Сөйлем белгілі бір
дәрежеде окушысына түсінікті, ой тиянакты, аяқталған секілді, яғни
құрмалас сөйлем синтаксисінің күрделі зерттеу нысанының
болатындығы туралы айтылған. Әйтсе де тіл білімінің осы саласымен
жаңа танысып отырған қабылдаушыға басца салаларының (сөз тіркесі
синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі) қай салалар екені айқын емес,
ол үшін оқырман мәтіннің алдыңғы бөліктерінде қамтылған хабарды
немесе өзінің басқа да әдебиеттерді оку барысында алған біл імдік коры
арқылы басңа сөзінің қандай мағынаны қамту үшін қолданылып
тұрғанын аңғарады. Екіншіден, өзіндік күрделі объектісі бар деп
кэндай нысанды меңзеп отырганы беймэлім. Ол мэтіннің кейінгі бөлігін,
яғни кейінгі сөйлемдердің тізбегін оку барысында белгілі болады.
Сөйлем шындық болмыс туралы біршама тиянақталған хабарды
жеткізеді деуіміздің мэні де осында. Сондықтан жеке қолданылған
сөйлем маңына топтасқан сөйлемдердің мағыиалары арқылы ғана
тиянақтауып, хабар толыққанды жүзеге асады.
С.Аманжолов мэтіннің хабар беру, аяңталгандық, тұтасым,
байпасым секідді категорияларды иеленетін бірлік екеніне мэн береді.
Мәселен: «...бір планға сыйған ой ұшы-қиыры жоқ сияқгы болатыны
рас, мысалы бір роман әлденеше том болып кетуі мүмкін. Мұның
көпшілігіне қарай ұшы-қиыры жоқ дей алмаймыз. Өйткені мүндагы
ой негізгі бір мақсатқа байлаулы болады. Сөйлем мен сөйлем, абзац
пен абзац, абзац пен тармақ, тармақ пен том, том мен том жалғасып,
байланысып, жекеленіп жатуының өзі де бұралаңдыққа, ұшы-қиыры
жоқгыққа жатады» /4,37/. Көркем туынды алдына мақсат етіп қойған
идеяны шегіне жеткізіп ашу үшін бірнеше томға созыльш, ұшы-кдыры
жоқ дүние секщщ болып көрінгенмен, оған аяқгалу сипаты тэн. Көркем
мәтін құрылымындагы бірліктер мен компоненттердің барлығы бір-
бірім ен байланы сы п, түтасы п ж атады . Ә йтсе де олардың
эркайсысының ара-жігі айқын, оларды көркем мәтіннен жекелеп
32


бөлшектеуге болады. Міне, осы ойлардың барлығы С.Аманжоловтың


келтірілген пікірінде көрінісін тапқан.
Мэтіннің аяқгалғандығы мэтін авторының ұстанымы түрғысынан
танылады. Бұл туралы ғальм: «Ақынның я жазушының бүтін романы,
поэмасы, баяндамашының жасаған баяндамасы түгелімен бір ойга,
күрделі бір пікірге байлаулы да болады. Сол роман, я поэма біткенде
гана, ақын я жазушынын ойлаған ойы, айтайын деген сөзі бітеді», -
деп ой түйеді /4, 16/.
«Әдетте біреу баяндама жасаса, біреу шығып сөйлесе, оның сөзі
(сөйлеуі) қандай екен деп сұраймыз. Сонда біз оның эрбір сөйлемін
тексеріп жатқанымыз жоқ, жалпы шешендігін, сөзшеңдігін, оның
жүртқа түсін ікті не түсін іксіздігін сөз қыламыз» /4, 14/.
С.Аманжоловтың бүл пікірі арқылы ауызша кұрылған мәтіндердің
автор (сөйлеуші) - мәтін (баяндама) - тыңдаушы (біз) бірлігінен
тұратынына көңіл бөлгенін, яғни айтылған сөздің сөйлеушіден
ты ндаушысына багытталатынын, ал екеуінің арасындағы байланысты
сөйленген сөз - мәтін жүзеге асыратынын аңғарамыз. Осы пікірінде
мэтінді қабылдау әрекеті кезінде оның категорияларының бірі - мэтін
тұтасымы мәселесі де қамтылған. Өйткені мэтін түтасымы -
қабылдаушы тарапынан айқындалатын категория (ягни жасалған
баяндаманың тыңдаушыға түсініктілік дәрежесі, сол мэтіннің
түтасымын көрсетеді).
С .А м анж оловты ң жоғарыдағы пікірлері казіргі мэтін
лингвисгикасында қалыптасқан негізгі тұжырымдар болып саналады.
Ғалымдар тарапынан көтерілген бүл мәселелер сол кезде мэтін
лингвистикасыньщ ауқымында қарастырылмаса да, қазірдін өзінде тіл
білімінің осы саласы үшін өзекті әрі кұнды. Сондыктан ғалымдардьщ
ой-пікірлері қазақ мэтін лингвистикасыньщ алғашқы іргетасының
қалануына себепші болды деп айтуымызға негіз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет