М. К. Ахметова Мәтін лингвистикасы



бет17/126
Дата25.11.2023
өлшемі0,6 Mb.
#126489
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   126
Байланысты:
М. К. Ахметова Мәтін лингвистикасы-emirsaba.org

Сорлы Көкбай жылайды,
Жылайды да жырлайды.
Қалған жолдар мағына жағынан осы екі ж олға тікелей
байланысты, ягни бұлар осы ойды ң (К өкбайды ң жылап-
жырлайтынының) себебін білдіретін жеке жай сөйлемдер больш келеді
де, барлығы синтаксист қүрылысы жағынан бір-ақ тұтас дүние болып
шығады», - деген талдаулары күрделі синтаксистік тұтастыктың
композициялық қүрьшымына вдтысты айтылған пікір/5,305/. Күрделі
фразалық түтасымның композициялық құрылымы деген мәселені сөз
ету барысында бұл ойымыз айқындалатын болады.
Сонымен, ж оғары да көрсетілген өлең ш умақтарындағы
сөйлемдерді байланыстыратын амал-тэсілдерді жинактап көрсететін
болсак, олар: параллель сөйлемдер, есімдіктер, модальдылық реңкі
біркелкі сөздер; цайталанатын сөздер немесе сөз тіркестері;
морфологиялық тұлгалары бірдей етістіктер; тәуелдік жалгауы.
Осы амап-тәсілдердің кай-қайсысы да - өлең жолдарын тұгасымға
біріктіруде және қара сөзді мәтіндердегі сөйлемдерді байланыстыруда
қолданылатын тілдік бірліктер. Байласымды жүзеге асыратын тілдік
амал-тәсщцердің эрдайым жеке-дара қолданылмай, екі-үшеуі катар
қызмет етуі де мүмкін деген пікірдің дұрыстығын келесі модульдерде
мысалдарды талдау барысында көз жеткізетін боламыз.
Жоғарьща айтып өткеніміадей, күрделі фразалық тұтасым мәселесі
Т.Қордабаевтың 1964 жылы жарық көрген еңбегінде сөз етілген. Ол
жөнінде Р.Сыздықованың пікірін жоғарьеда келтіргенбіз. Сонымен
катар ғалым 1995 жылы елеулі түзетулермен өңделіп басылған «Қазақ
тіліңдегі кұрмалас сөйлемдер синтаксисі» аггты оқу күрапындада мэтін
36


лингвисгикасына катысты көптеген ой-ггікірлерін білдіреді жэне күрделі


синтаксистік бірлікке байланысты езі айтқан алғашқы көзқарасын да
енгізді.
Қазақ тілінің синтаксис саласында өзіндік із қалдырған
ғалымдарымыз С.Аманжолов пен Т.Қордабаевтың пікірлерінен
үңдесгікті көреміз. Аякталған ойды білдіру үшін бірнеше сөйлемдердің
қолданылу қажеттігі туралы Т.Қордабаев былай дейді: «Логикада
сөйлем аякгалған ойды біпдіреді деген анықгама бар, бірак ойды аякгау
үшін кейде бір емес, толып жаткан сөйлемдер айту қажеттігі
тәжірибеден белгілі. Сөйлем аякталған ойды емес, жеке ойды білдіреді.
Ондай жеке ойлар қисындылық жағынан аяқтапмауы да мүмкін.
Сондықтан сөйлем - аякталған ойды емес, жеке ойды оған тетелес
басқа ойдан бөліп көрсететін коммуникагивтік дербес тұлға» /6,5-6/
. Сөйлем шындық болмыс туралы жекелеген хабарды берсе, ал
сейлем тізбегі - мэтін тұгас, толық хабарды жеткізеді.
Т.Қордабаев құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысаны
ретінде кұрмалас сөштемдермен қатар сөйлемдер тіркесінен кұрапатын
күрделі синтаксистік бірлікті де алып қарастыру қажеттігін айтады.
Күрделі синтаксистік бірлікті кұрмалас сөйлем синтаксисі кұрамында
алып қарастырмағанмен, оны өз алдына зерттеудің қажеттігін кейінгі
зерттеушілер қолдап, бірнеше ғылыми зерттеулерін арнаған болатын
(Б.Шалабай, Ж.Жакупов, С.Мұстафина, Ж.Қайшыгұлова т.б.).
«Құрмалас сөйлемнің құрылымы» деп аталатын бөлімде ашық
кұрылымды және жабық құрылымды құрмаластар туралы айта келіп,
ашық кұрылымды қүрмаласта баяндалып отырған окиғаның бір-екі
компонентпен тиянакгалмай, ойдың жалғасатыны байкалып тұратыны,
соның нәггижесінде бірнеше жай сөйлем құрмаласа кеяіп, синтаксисгік
күрделі бірлікті құрайтыны туралы сөз етеді. Ашык құрылымды
болатьш себебі - мұндай сөйлемдерді одан эрі жалғастырып толықгыра
беруге болады. Сондыкган ашық құрылымды кұрмалас сөйлемдердің
көп жағдайда синтаксистік күрделі бірлік ретінде қаралатындығын
айтады. Осы ойды дәйектеуге мына мысал берілген: Дәл осы кездің
көрінісі қызық: көкжиекте қызыл жалын сәуле пайда болды,
ңоюлана бастаган көгілдір аспан бетінде селдір бүлттар көрінді,
баяу сощан самал жел де тынып, дүниені тацгажайып мүлгіген
бір тыныштыц биледі (І.Есенберлин). Бүл мәселеге күрделі фразалық
іүгасымдарды сөз ету барысында оралатын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет